Ал, Айдынбектердің мақсаттары қызды тастағандарды қолға түсіру болатын. Егер қыз әлде қашан тілге келгенде бар құпия оп-оңай ашылған болар еді. Әзірге екі жағы да белгісіздік пен сұрақ жағдайында. Соның салдарынан «Айрықша кеме» атанған «Жайын» әлі де болса су бетіне көтеріле алмайтөңірегіндегі қорғаушы, көмекші кемелермен біргежан- жағын зерттеуде. Айдынбек пен қыз арасындағы құпия сезім де әлсізденген жоқ. Қайта уақытөткен сайын күшейе берген. Бірақ оған қарап жұмысты да сапарды да тоқтатып қоятын жағдай жоқ. Зерттеу-іздеу ісі жалғасын тауып жатты. Қанша уақыт өтсе де, қыздан кейін не бөтен дыбыс, не дабыл, не бір құбылыс байқалмады. Содан соң кеме басшысы Айдынбек Қазак Ғылым академиясы басшылығынан бейнебайланыс арқылы рұқсат алып, мұхитбетіне көтерілуге қамданды. Айнала-төңіректегі алты кеме де өз зерттеулерін тоқтатпаған. Осы аймақты әлі де болса зерттей түсу мақсатында үш кеме су тереңінде қалды. Қалған үшеуі «Жайынды» қоршай жүзіп, мұхит бетіне қарай жаймен көтеріле берді.
Күшейе түскен қызғаныш Айдынбекті сарыла күткен Раушан ол келеді деген күні таң атпастан Қазақ Ғылым академиясына қарай асықты. Бұл кезде академияның бас корпусының кең алаңына тек ол емес, өзгеғалымдардыңотбасылары да жиналғанды. Мұхитастынан табылып, ұсталған бейтаныс қыз жөніндегі мәлімет академияға әлде қашан белгілі болса да, оның қызметкерлерінің отбасыларына жұмбақ еді. Академияның кызметкерлері «Жайынның құрамымен телерадиобайланысты бір сәтке де үзген емес. Қайта олар қайтатын кезде оны жиілете түскен. Негізінен мұндағы көп нәрседен бейхабар академия қызметкерлерінің отбасы. Қанша дегенмен де су асты сапары қатерлі келгендіктен үй иесі оралғанша ол жайында отбасына көп нәрсе айтылмайтын. Оны Раушан да жақсы біледі. Ол тек сол бір бейтаныс қыз жөнінде хабар естігелі дұрыс ұйқы көрген жоқ. Айдынбектің әйел атаулыға жаны құмар емес, тек ғылымға берілген ғалым екенін жақсы біле түрса да Раушан сол бір бейтаныс қызға деген сезіктілігін еш баса алмады. Одан қауіптенумен болды.
Енді Раушан өзіне дейін академия алдындағы осы алаңға келіп үлгерген әйелдер, бала-шағалармен үнсіз ғана бас изеп амандасты. Бәрінің жүздері шат. Көңілді. Бірі — ұлын, бірі — қызын жанына ерткен. Ересектері шешесімен емен-жарқын әңгімелесіп, әкесінің жағдайын айтып өзара мәз болысады. Мұнда тек Раушан ғана оқшау. Бірақ сәлден соңмұны сезген кейбір құрбылары жақындап келіп амандық сұрап, Айдынбектің жайын айтып, Раушанның көңілін сәл де болса көтерді. Одан әрі қарай әңгімелесуді Раушанның өзі де қалай қойған жоқ. Сөз көбейген жерде артық әңгіме ілеседі. Басқа отбасының мүшелері өзараәңгімелеріноданәрі қарайжалғастырып жатты. Бәрі де өзінше жарасымды еді. Раушан тағы да оқшауланып тұрғанмен ара-тұра оларға қызыға да, қызғана даұрланып көз тастайды. Бәрі де ішінде қайнап жатыр. Тек онысын сыртқа шығара алмайды. Бұлар түгілі, соңғы кездері Раушан Айдынбектіңөзіне де кей сырын ашқан емес. Раушан енді, тіпті, қазір ғалымдар келгеннен кейінгі қауышуды да көз алдына әкелді. Сол кезде тек Айдынбек екеуінің ғана окшауланып, одырайып қалатыныңойлады. Бірақ ойлағанда не пайда?.. Қолынан келер, оны өзгертер ешқандай да құдіретжоқ. Дүниеге перзент әкеле алмағаныңтек бір кұдайдың өзінен ғана көреді. Екеуінің бұл қасіретін тек академия қызметкерлері ғана емес, ел біледі. Айдынбек талай-талай газет-журналдардың тілшілеріне сұхбат берген. Сол сұхбаттарда өзінің отбасына байланысты, перзентсіздігіне байланысты сұрақтарда неше рет қойылып, екеуінің жүректерін ауыртқан да болатын.
Раушан осы жерде оны да есіне алды. Тек академияныңғалымдары бірінен кейін бірі жақын келіп, қос қолдарын соза амандасқан кезде ғана барып, өзінің Айдынбектің арқасында осындай беделге де ие екеніне шүкіршілік етіп, жаңағы қайғы-мұңын ұмыта да бастады. Ғалымдармен шүйіркелесе әңгімелесіп, ішкі дүниесінде ешқашан ештеме болмағандай бір сыңай танытуға да тырысты. Осындай сәттерде ғана Айдынбек те, Раушан да перзентсіздікті ұмыта алады. Раушан өзін-өзі жұбатуға келгенде бала өсіру мен тәрбиелеудің қиын жағын есіне алады. Баладан зардап шегіп жүрген отбасыларын да есіне түсіреді. Әке-шешелерінің баққан-қаққан еңбегін ақтамай, құрметтемей, қайта өздеріне зиян жасайтын перзенттер жөнінде естігендері мен көргендерін ойынаалып, денесі түршігеді. Сөйтіп бір жеңілдеп те қалады. Перзентбағу, өсіру, тәрбиелеу оңай іс емес. Қатты қиналғанда Раушанның кей құрбысы: «Бала туып нем бар еді? Туудың қажеті жоқ екен. Ол бір жатқан азап. Тумадым деп өкінбей-аққой. Осылай тып-тыныш қана өз жаныңды күтіп жүре бер» деп жыларманға келген. Бірақ ондайлар өте сирек бұл дүниеде. Адам баласы перзенттен азар болса, оны дүниеге әкелмесе, онда бүкіл адамзат бір ғана рет қартайып, ұрпақ тарамай жер бетінен, мына дүние әлемінен біржолата жойылып кетпей ме? Раушан жаңағыдай сөздерден уақытша жеңілдегенімен әкесі мен анасын ерекше құрметтеп, үлде мен бүлдеге бөлеген перзенттерін көргенде қатты күйінеді. Перзентдеген әке мен анағаолардың күш-қуаттары кеткенде керек-ақ. Адам-пенде бір жарық дүниеде екі рет бала болады емес пе? Дүниеге шыр етіп келген нәрестеден өскенге дейін, содан соң қартайғанда. Жас шағында әке мен ана алақанына салып, әлдилеп, тәрбиелеп өсірсе, қартайғанда сол перзенттері қарауға тиісті емес пе? Раушан бәрін де осы тұрғыдан қарады.
Бүгіндегі адамдардыңбәрі білімді, бәрі психолог. Бірінен– біріөтеді. Бірін-бірі мойындамайды. Әркім бір-бірінің көңіл- күйін қас-қабағынан біледі. Осындағы «Жайын» кемесінің құрамын күтіп жүргендердің көпшілігі дерлік Раушанды оқшау қалдырып, жеке зеріктірмеуге тырысып, әрқайсысы әртүрлі әзіл де айтып қояды. Олардың бәрі де Раушанның ішкі жандуниесін айтпаса да реңінен-ақ танитын сияқты. Бұл қанша жасырдым десе де, әйелдер ойындағысын дәл тауып айтады. Бұл тұстағы Раушанғадеген құрметзаңдыда. Ері күллі әлемгеәйгілі болған «Жайын» сүңгуірінің ғылыми зерттеу экспединиясын басқарады. Бейтаныс қызды да үстады. Енді ол қызарқылы су астының қаншама құпия сыры ашылмақ. Бүгіндеол қыздың айтпағаның айтқызатын күрделі құралдар аз ба? Құпияның сыры ашылған соң Айдынбектің даңқы одандаарта түсетін болады. Раушан ерінің даңқының арта беруіне еш қарсы емес, қайта тілектес. Тек ол қандай да бір әйелзатына қарай ауа бастаса, бар ішкі тілегін қайтып алып тырысып қалатыны бар. Жар тілегі қашан да жақсы тілек. Айдынбек оны жақсы біледі.
Осындай ой-толғам, аракідік әңгімелермен бір сағат уақыт өте шықты. Казақ Ғылым академиясы бас үйінің алдындағы кең алаңға халық толып кетті. «Ел құлағы - елу» деген осы болса керек. Ал ақпарат көздері оны болса да еселеп жібермей ме? Адамдар көбейген соң халық сақшылары да алаңның айналасы қолұстаса қоршай тұрды. Бірақ бұл әрекеттер «Жайын» құрамынкөрушілерге жасалған тыйым емес-ті. Алаңға сыймағандарқызықты көріністі биік үйлердің терезе-терезелерінен , кейбірі көліктердің үстерінен тамашалуға кірісті. Халық сақшылы ешкімді де ренжіткен жоқ, ешкімге де алаңға кіруге тыйым салған жоқ. Адамдар сыйғанынша енді. Тек олар халықтың тыныштық пен тәртіп сақтауларын талап етті. Халық сақшыларының араларында биороботтар да бар. Олар ерекше күш қолдану қажет болған жағдайда ғана белгілі бұйрық бойынша әрекет етпек. Ал жай кезде оларды халық сақшылардың өздерінен ажыратуда қиын. Биороботтар негізінен дене тұрыктарының ірілігімен ғана көзге ерекше түседі. Биороботтар бұл тұста халық бейтаныс қызды көруге лап қойған жағдайда қалқа болмақ. Бірақ мұнда жиналған зиялы қауым соншалықты санасыз емес. Тек адам бірдемеге қатты қызыққан кезде төңірегін ұмытып кетеді. Сол қауіп. Қатты қызыққандар алдарында тып-тыныш тұрған адамдарды итереді. Осылайша мұхит толқынындай толқын туындайды. Ол толқынды тоқтату кім-кімге де ауыр.