Раушан ауырда болса бұл ертегіні де осылайша ой елегінен өткізді. Сөйтіп, ол арқылы өзін жұбатқандай да болды. Айдынбекті ұрпақсыз қалдырудың қаншалықты қиянат екенін де енді түсінгендей болды. Біраққыздай қосылған Айдынбекті тағы да қимайды. Кейде толкып, оны бар әйел затынан қызғанады. Ал жаңағыдай оқиғаны есіне алғанда оған қайда барамын десе де рұқсат ете салуға дайын тұрады. Егер өткенде: «Бармашы, мені де аяшы» деп жалынып-жалбарынып отырып алғанда кім біледі, бәлкім, ол бармай жанында қалар ма еді. «Су астынан не табар дейсің? Сол бір елес-қыз оған жар болмақ па?»деп өзін-өзібасқан болатын. Енді өзбақытын өзіуысынан шығарып алғандай күйде келеді. Өзі қызмет ететін мекеме де алысемес еді. Ойды ой қуалай берсе, жол қысқарады екен-ау?.. Әншейінде қадам жерге жаяу жүруге ерінетін Раушан енді бірнеше көше қиылысын артқа тастады. Ойды ой қуалағанда адам да жылдам жүре ме өзі, қалай? Асыққанда жете алмай жүйкетамыры жұқарып жататын мына қашықтық шын мәнінде бір сиқыр ойдың құдіретімен қысқарып та қалғандай. Адамныңкөңіл-күйі деген де осыекен. Ой-толғаныстынарқасында қаншама жолды түк сезбей жүріп өтті. Бәрі де түс көргендей-ау. Бұл екіарада қаншама оқиғаны есіне алды, қаншама арман-тілегін көз алдына әкелді. Тағы да ол бір түнгі ұйкыдағы түстей өте шықты. Үйқыдан оянған соң түс қалай зым-зия болса, өмірдегі өткен оқиғалар да дәл сол сияқты уақыт ағымына ілесіп өте шығады екен. Раушан кейде өмірде осылай бір ренжігенде, балалық шағын, қыз кезін есіне алып, көз шарасына жас та үйіріледі. Қазір жанында жан-дүниесіне демеу болар ешкім жоқ. Тек айнала-төңірек толған шу, тынымсыз қозғалыс. Солар ғана Раушанның көңілін бөледі. Бірақ Раушанның оларға мән беріп, елеңдеп жататын жайы жоқ. Адам қатты ойға батқанда айнала- төніректегілерді естімей де кетеді екен. Ол түгілі, мұндайда дәл жанында сөйлеп, әлденелерді айтып тұрған адамға да мән бермекемес. Раушан қазірдәл сондай күйде. Текжұмыс мекемесіне жақындаған соң бұл түнғиықойдан қаласын-қаламасын шығуына тура келмек. «Тас - түскен жеріне ғана ауыр» деген сөз де бекер айтылмаған болар-ау. Кімге керек, өзінің ішкі қайғы-қасіреті. Әрбір адам автономды тіршілік иесі емес ие, тәйірі? Сырттай аяғанымен ешбір адам ешбір адамның жан- дүниесіне еніп, оныңтағдырын өзгерте алмайды. Раушан осыны түсінді. Сөйтіп жұмысына қарай асыққан. Мекемедегі қызметтестеріне бұл ішкі қайғы-қасіретін білдірмеу үшін сүйріктей ғана сұқ саусағымен көз шараларындағы жасын сүртіп алды да, сөмкесінен кішкене жұқа орамалын алып, тағы да жанап өтті. Содан соң көше бойындағы тағы бір ағаш орындыкқа отыра кетіп, дөңгелек айнасына қарап, бет-әлпетін опа-далаптармен әрледі. Беті де, көздерініңалды да сол домбығып ісіпті. Раушан енді екі бетін қос алақанымен ысып- ысып, уқалап-уқалап жіберді. Одан кейін бетіне ақ ұнтақжағып, сыртынан тағы бір-екі peтүйкеді. Айнаға қайта қарады. Жоқ бет-әлпеті жаңағыдан көп түзеліп қалыпты. Раушан енді орындыктантұрып, кеудесін тік ұстап, ештеме болмағандай, ешқандай ой толғамағандай, ештемені естімегендей болып ширақ басып, қарсы алдындағы мекеме үйіне кірді. Айрықша кеме
Бейтаныс қызды қолға түсіргеннен кейін «Жайын» сүңгуірі айрықша сүңгуір кемеге айналды. Байланыс құралдары аса дамыған мына ғаламда хабар жатқан ба?! Әуелі қазақ жеріне, содан соң одан да асып шетелдерге кеткен. Бейтаныс қыз жөніндегі мәліметтерді алысымен Қазақ Ғылым академиясының ғалымдар алқасы да қарбалас іске кіріскен. Академия қызметкерлері арнайы мәжіліс жасап, ол мәжілісте «Жайынды» қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз ету және оны кездейсоқ қауіп пен қатерден сақтау үшін арнайы жасақталған алты су асты кемесін - сүңгуірлерін жіберді. Бейтаныс қыздын қайдан және кім екені әзірге белгісізеді. Соңдықтан да ол туралы неше түрл і болжаулар да айтыла бастаған. Уфологтарболса да оны Жерден тыс ортаға апарды. Теңіз биологтары болса оны әзірге белгісіз су асты мекен-жайыныңтұрғындарының бірі болуы мүмкін деген де болжам айтып үлгерді.
Осындай-осындай неше түрлі пікірлер радио-теледидар, газет-журналдарда айтылып жатқанда «Жайындағы» ғалымдар қыздың қайдан келгенін анықтауға жақын еді. Оны енді қалай зерттеймін десе де өз еріктері, ол қолдарындағы ешқайда қашып кете алмайтын түтқын. Тіл білмегенімен қыздың қандайда бір жоғары мәдени дамудың өкілі екені сезілген. Айдынбек бастаған ғалымдар академияға әзірге ол жөнінде толықмәліметтер бере қоймаған. Толық айқындалмаған нәрсеніалдын ала шулатқаннан ешқандай да пайда жоқ. Бірақ Жертөңірегіндегі ғарыш кеңістігінде барлаутыңдау, бейнефильмгетүсіру жұмыстарымен айналысатынғарыш кемелері аз ба? Солардың бірі болмаса да, бірі тап осы кемені бақылауғаалып, не жаңалық болып жатқанын керекті жеріне лезде жеткізіп-аққояды. Оны Айдынбек те, жанындағы ғалымдар да жақсы біледі. Бірақ, оған мойыған емес. Қанша дегенмен де, кеме құпиясының түгел дерлік ашылуы мүмкін емес. Бәрі де артық ауыз сөз айтпауға, анау-мынау зертханалықзерттеу жұмыстарын ерекше құпия орындарда, бөлімдерде жүргізуге тырысады. Ал қыз барбөлімдегі барлық бейнекамералар мен тағы басқадай еңқұпия деген камераларды да өшірген. Ол қыз үшін де жақсы еді, бір жағынан. Ол артық нәрсеге алаңдамайды. Ал ғалымдар болса, оған енді Сәуле деп нақты ат қойып алған.
Жалпы, қыз қолға түскелі бері Айдынбек басшылық ететін құрамда тыным болған емес. Қайдан тыныштала алсын. Мұндай саналы, салауатты, жоғары мәдениетті, тереңбілімді қыз түгілі, ештемеден хабары жоқ құсты да қарау үшін, оның өмірін, тіршілігін сақтау үшін қаншама әбігерге түседі. Көңіл- күйін, жағдайын да мұкиятбақылайды емес пе?Ал бұл қыздың жайы мүлдем бөлек. Қыздыңбілмейтіні де, сезбейтіні де кемде-кем сияқты. Жебеуші қыздың жүріс-тұрысын, қабілетін, мінез-құлқын зерттей келе оның ешқандай да су перісі емес екенін тұжырымдаған. Ол аңыздардан естіген су перісі мұндай болуға тиісті де емес-ті. Ал бұлқыздың дене-тұрқы да, жүріс- тұрысы мен мінез-құлқыдатек құрлықтыңтұрғындарынатән.
Сол қорытындыдан кейін, кемедегіуфологтыңтұжырымынан кейін қызға деген көзқарас мүлдем өзгерген. Ол келген жағына қандай да бір мәлімет бермеуі үшін үстіндегі киімін ауыстырғызып, оған бекітілген түрлі шағын күрделі құралдарының бәрін алған. Сол сәттен бастап қыз өз әлемімен мүлдем байланыссыз қалған еді. Байқапқарағанда оның жаман ойыныңжоқтығы да сезіледі. Бірақ бөтеннің аты — бөтен. Ол қаншама жуас, тыныш, тыңдағыш болса да әзірге сену қиын. Соңдықтан да ҚазақҒылым академиясы ғалымдарының ұйғарымымен кемені кездейсоқ қатерден сақтау үшін қоршап жүзіп жүретін алты кеме жіберілген.
Сол кемелер келіп жеткен соң іштегілер кәдімгідей батылданып, саябырланып, көнілдері де ерекше көтеріліп қалған. Келген кемедегілер Айдынбектің өзімен бейнебайланыс арқылы жиі-жиі жүздесе тілдесіп, бұдан әрі қарай не істеу керектігін өзінен сұраумен жүр. Бұл Айдынбектіңғылым алдындағы жауапкершілігін онан сайын арттыратүскен. Бұл кезгедейін ол тек «Жайынның» жайын ғана ойлаумен шектелсе, енді төңіректегі алты кемедегілердің де жағдайларын ойлайды. Олар да жай бір келе салған кемелер емес, әрқайсысының ішінде ғалымдар бар. Олардың қай-қайсысы да «Жайынды» қоршай жүзумен біргежан-жағын да жіті зерттейді. Бұлардың мұхит бетіне әзірге шықпай, өздері болатын мерзімнен тыс уақытқа қалғандарының мәні де осында-тын. Келген алты кеменің бәрінде де қосымша оттегі, ішетін ауыз су, тағам, киім- кешек және тағы басқадай нәрселер бар-ды.
Шамалы уақыттан соң олар арнайы құбыр арқылы «Жайынға» алынды. Ол жабдықтардың ішінде қыздың тілін анықтауға көмектесетін жаңа құралдар мен түрлі бейнекамералар, жаңа таспалар да болды. Неғұрлым көп түсірілсе, солғұрлым қыз құпиясы ашыла бермек. Ғалымдар ол жағын да ойлаған. Қоршап жүзген кемелер өз бағыттарын тек Айдынбектіңайтуыменғана өзгертеалатынболды. Өйткені, ондағылар бейтаныс кеменің қай тұста болғанын, қызды қай түстан үстап алғандарын әзірге дәл білмейді. Осы тұрғыдан олар Айдынбекке тікелей бағынады. Оларға мұндай тапсыр маны Қазақ Ғылым академиясының басшылығы берген. Сол бойынша бұл тұста енді тек қана Айдынбектің ақыл-кеңесі мен ұсынысын орындайды. Ал бұл Айдынбек үшін он еселен- ген жауапкершілік.