Ii негізгі бөлім 1 Этиологиясы және патофизиологисы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі1 Mb.
#95124
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЭБОЛА

Жоспар
I Кіріспе


II Негізгі бөлім
2.1 Этиологиясы және патофизиологисы
2.2 Клиникалық белгілері
2.3 Емдеу жолдары және профилактика
2.4 Хронология
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Эбола ауруының таралуы
Э
бола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді. Басқа вирустық аурулар безгек, тырысқақ, іш сүзегі, менингит,Эбола геморрагиялық қызба аясында пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайларда диагноз вирустық РНҚ ны тексеру, вирусқа антиденелерді немесе вирустың өзін анықтауға негізделген.Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады.
Эбола алғаш рет Суданның экваторлық провинциясында және Заирдің төңірегінде 1976 жылы анықталған. Вирус Заирдің Эбола өзенінің аймағынан алғаш табылды. Осылайша вирусқа атау берілген болатын. Эбола геморрагиялық аурулары Африканың тропикалық аймақтарында, Сахараның төменгі бөлігінде жиі кездеседі. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 1976 жылдан 2013 жылға дейін барлығы 24 EBOV жағдай тіркелген, кейін бұл көрсеткіш өсіп 1716 адамға жеткен болатын. 2014 жылы наурызда Батыс Африкада EBOV эпидемиясы басталды, ол Либерияға дейін таралды,Сьерра-Леоне, Гвинея. 2015 жылғы 25 қазандағы жағдай бойынша індетте 28575 жағдай тіркелген. Осының садарынан 11 313 науқас қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет