Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау



бет54/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   626
72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

      РҚАО-ның ескертпесі!


      72-бап 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу

      1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

      2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;

      3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда салықтық есептілікті, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

      4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;

      5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      6) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

      8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу жолымен жәрдемдеседі.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты олардың назарына жеткізу жолымен хабардар болуын арттыру мақсатын көздейді.

      Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты орналастыру жолымен жүзеге асырады.

      3. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

      4. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі, бұл салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      5. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді:

      1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді беруші есеп айырысулар үшін қолданатын құжаттарда көрсету;

      3) салық төлеушінің электрондық поштасының мекенжайларына жіберу;

      4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен ұсынады.

      Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

      6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.

9-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет