Сандық цитохимия әдістері


Реакция – шифф-йодтық қышқыл ( ШИҚ-реакция)



бет10/31
Дата07.02.2022
өлшемі68,84 Kb.
#95965
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Дәріс 1-15 Сандық цитохимия әдістері
100 log riddles
Реакция – шифф-йодтық қышқыл ( ШИҚ-реакция).
Полисахаридті компоненті бар заттар гистохимиясының негізінде ШИҚ-реакция жатыр.
Осы реакция көмегімен гликогендерді, мукопротеидтерді, гликопротеидтер және гликолипидерді анықтауға болады.
Жұмыс ерітінділері.
Шифф реактиві (дайындау әдісін жоғарыдан қараңыз).
Күкіртті су. 200 мл дистилденген суға 4 мл концентрленген НСІ қосу керек. 25 мл дистилденген суда 4 г сусыз натрий сульфитін еріту қажет. Екі ерітіндіні қосу керек.
Перйодат ерітіндісі. 1 г калий перйодатын немесе 2,5 г натрий перйодатын 100 мл дистилденген суда ерту керек.
Әдіс (Шабадаш фиксаторы, спирт, формалин, Карнуа сұйықтығы, Ценкер сұйықтығы; парафинге құю, мұздатылған кесінділер).

  1. Қалыңдығы 5-7 мкм кесінділерді депарафиндеп, суға дейін жеткізу.

  2. Йод қышқылы ерітіндісіне 5-10 мин салу немесе натрий/калий перйодатына 20-30 мин салу.

  3. Дистилденген судың екі-үш порциясында (3-5 минуттан) йод қышқылының қалдықтарынан арылу үшін шаю.

  4. Шифф реактивіне 10-20 мин салу.

  5. Жаңа дайындалған күкіртті судың үш порциясында өңдеу (1-2 минуттан).

  6. Құбыр суында 10 мин бойы жуып, дистилденген сумен шаю.

  7. Сусыздандырып, жарықтандырып, бальзамға қатыру керек (егер ядроны бояу қажет болса, алтыншы сатыдан кейін кесінділерді гематоксилинмен бояйды).

Нәтиже. Табиғаты полисахаридті зат қызылкүрең немесе қызғылт түске енеді. Бейтарап мукополисахаридтер әдетте қызылкүрең түсті болады, ал гликоген – күңгірттеу.
Ескертпе. Шифф реактивімен өңдеуді жақсы қымталатын, қара қағазға оралған биологиялық стақандарда жүргізу керек. Реактивтің бір порциясын көп рет қолдануға болады (қызғылт түс пайда болғанша).
Бест әдісі бойынша гликогенді карминмен анықтау.
(фиксаторлар – Буэн, Карнуа, спирт, формалин).
Жұмыс ерітінділері.
Карминнің негіздік ерітіндісі. 60 мл дистилденген суда 2 г карминді, 1 г калий карбонатын және 5 г калий хлоридін еріту. Алынған ерітіндіні 5 мин бойы қайнатып, суытып және сүзу керек. Кейін фильтратқа 20 мл 28% аммиак ерітіндісін қосу керек. 0-40С тоңазытқышта ерітінді 3 ай ішінде жарамды болып табылады.
Бояу үшін кармин ерітіндісі. 8 мл негізгі ерітіндіні, 12,5 мл аммиакты (тығыздық 0,88) және 24 мл метанолды құйып араластыру. (ерітінді 1-2 апта жарамды).
Дифференцировка үшін Бест ерітіндісі. 8 мл абсолютті спиртке 4 мл метанол және 10 мл дистилденген суды қосу керек.
Бояу әдісі (парафинді кесінділер).

  1. Кесінділерді абсолютті спиртке дейін жеткізу.

  2. 1% целлоидин ерітіндісіне 2-5 мин салып қою.

  3. Ауада кептіру.

  4. Спирттер арқылы суға дейін жеткізу.

  5. Эрлих гемалаунымен 5 мин бояу.

  6. Суда шайып, ядроларды бояуды 1% қышқылданған спиртте диффиренцирлеу.

  7. Дистилденген сумен шаю.

  8. Бояу үшін карминді ерітіндіге 15-30 мин салу.

  9. Бест ерітіндісінде 5-10 секундтан бірнеше минутқа дейін бояғыш бұлтшалары шығуын қойғанша дифференцирлеу.

  10. 80% спиртте жуу.

  11. Сусыздандырып, жарықтандырып, бальзамға қатыру керек.

Целлоидинді кесінділерді бояу кезінде алғашқы үш сатыдан секіріп кетеді, өйткені олар кесінділерді целлоидинді қорғау үшін арналған.
Нәтиже.Ядролар күңгірт көк, гликоген қанық қызыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет