Дәріс № 4 Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері. Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері.
1. Биліктің жалпы түсінігі, мағынасы, мазмұны.
2. Саяси билік – биліктің бір түрі.
3. Легитимділік және легитимділеу саяси билік.
4. Биліктің бөлінуі:
1.Билік - әлеуметтік қатынастың ерекше бір турі, ең кемінде 2 субьект арасындағы ерекше қарым – қатынас; біреу билеуші субьект болып, басқа адам арқылы өз қызығушылығын қанағаттандыру.
Биліктің әртүрлі әлеуметтік орталардағы билеуші функциялар
- билеуші, обьект толығымен субьект талаптарын қанағаттандырады
- қоғамдық қатынастарды реттеуші
- индивидтер мен топтар іс-әрекеттерді бақылаушы
- қоғамдық поцестерді дағындырушы
- қоғам мен топтың шарттарды шешетін іс- әрекеттерді ұйымдастыру
Индивидтердің, топтардың қоғамның қандай да бір жетістіктерге жетудің мобилденуі
Биліктің қайнар көзі – субьекттін обьектіге әсер етуге құқықтың бар болуы. Олар: заң, күш, авторитет, бедел, мәлімет, білім, байлық, пікір.
Билік ресурсы – субьектінін обьектке әсер етуді қамтамасыз ететін әдіс пен құралдың бір тұтастығы.
Ресурс типтері: экономикалық, әлеуметтік, мәдени, информациялық, демографиялық, нормативтік құқықтық.
2.Саяси билік қандай да бір субьектінің (саяси лидер, азамат, әлеуметтік топтар, саяси партиялар және тб. ) қызығушылығымен тығыз байланысты. Мақсат, жоспар, билік бағдарламалар қоғамға, мемлекетке, классқа және басқа да обьектілеріне жетекші ролде болды.
Саяси биліктің ерекше белгілері:
1. күш көрсетуге рұқсат болуы
2. белгілі бір территория шекараларындағы барлық индивидтерге, институттарға шешімді қабылдау.
3. жариялылық – құқықпен келісілген барлық халық атынан азаматтарға арналған жариялау.
4. шешім қабылдайтың орталықтын бар болуы
5. билік ресурстарының көптүрлілігі.
Мемлекеттік биліктің 3 негізгі принциптері:
1)Айқындық (легальность) принципі – құқықтық, жоғарғы билікке иеболуына бағытталады да, биліктің, оның норма мен құқықтарының заңды енгіздеіун талап етеді.
2) Суверенитет принципі – мемлкеттік биліктің билеудің басқа формалардан, басқа түрлерден тәуелсізділігі.
3) Легитимділік принципі – ең басты билік принципі, өйткені азаматтардың билік күшіне, әділгіне, мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.
Легитимділік – ол билік пен адам арасындағы қарым-қатынасғ адамдар мемлекеттік органдардың шешім қабылдануын қолдап, ерікті оларға бағынады. Легитимділік биліктің халық көбінің қызығушылылығымен сәйкес келуінде сиаптталады.
Әдебиет:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
Достарыңызбен бөлісу: |