Саясаттану политология – гректің «politike» және «logos»

бет3/6
Дата13.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#168601
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация 1 тақырып Саясаттану

Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

  • Дәл осы жылдары АҚШ – тағы және басқа елдердегі саясат мәселелері бойынша әдебиеттердің орасан зор толқыны жарық көрді. 1949 жылы ЮНЕСКО – ның құрамында Бүкіләлемдік саяси ғылымдардың ассоцияциясы құрылып, оның жыл сайынғы өтетін конференциялары саясаттану ғылымының өркендеуіне іргелі үлес қосты
  • 1949 жылы Францияда Ұлттық әкімшілік мектеп пен Париж университетінің жанынан Саяси зерттеулер институты, Саяси ғылымдардың Ұлттық қоры және Француз саяси ғылымдар ассоцияциясы құрылды.
  • 1951 жылы “Француз саяси ғылымдар журналы” жарық көре бастады.
  • 1956 жылдан бастап Францияда үкіметтің шешімі бойынша елдің университеттерінде “Конституциялық құқық және саяси институттар” курсы оқытыла бастады. Француз ғалымдарының саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесі айрықша зор. Әсіресе М.Дюверже, Б. де Жувенель, Ж.Бюрдо, Ж. Ведел, М.Прело, П. Фавралардың еңбегі саясаттану ғылымында өзіндік із қалдырды.
  • ХХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының дамуына ағылшын мектебінің өкілдері де өз үлестерін қосты деп атап өтуге болады. 1950 жылы Г. Ласк, Д. Брогэн, Ч.Уильсон, М.Окшоуттың ұсынысымен Бірлескен Корольдіктің саяси зерттеулер ассоцияциясы (БКСЗА) құрылды. Осы жылдан бастап Ассоцияция “Саяси зерттеулер” атты журнал шығара бастады және осы ұйым елдің 40 - тан астам университеттерінде саяси зерттеулер мен дәрістерді әлі күнге жемісті жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда жоғарыдағы жураналдан басқа, әлем мойындаған “Британ саяси ғылым журналы”, “Үкімет және оппозиция”, “Саяси тоқсандық ” және т.б. журналдар шығарып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет