Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет24/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

Жалпы су жинау аумағы шегіндегі су объектілерінің жиынтығы 

бассейндік су жүйелерін (аквасистемаларды) құрайды. Қазақстан-

дағы су айналымы процесінде жер үсті сулары жер асты суларымен 

гидравликалық байланысып, аумақтың жалғыз су əлеуетін құрай-

ды.  Қазақстан  əртүрлі  климаттық  сипаттамалары,  күрделі  геоло-

гиялық  құрылымы  жəне  əртүрлі  гидрологиялық  жағдайлары  бар 

аймақтарды қамтитын кең аумақта орналасқан. Бұл жер асты сула-

рының сапалық құрамын қалыптастыру факторларының, олардың 

сандық  көрсеткіштерінің  алуан  түрлілігін  айқындады  жəне  жер 

асты суларының ресурстарын жекелеген өңірлер бойынша бөлуге 

əсер етеді [5]. Дегенмен, өзінің географиялық орналасуына байла-

нысты Қазақстан Республикасы су ресурстарының тапшылығына, 

сондай-ақ əртүрлі техногенді жəне биогенді мəселелердің нəтиже-

сінде  туындайтын  ластану  процестеріне  ие.  Қазақстанның  үлкен 

аумағы мұхитқа шыға алмайтын ішкі көлдердің ағынсыз бассейн-

деріне жатады. Сондықтан су ресурстарының ластануы Қазақстан 

Республикасының тұрақты дамуына кедергі келтіретін негізгі эко-

логиялық проблема болып табылады.

Су  ресурстарының  ластануы  –  бұл  теңіздерге,  өзендерге, 

бұлақтарға, көлдерге, əртүрлі физикалық, химиялық немесе био-

логиялық  заттарға  түсу  нəтижесінде  олардың  сапасының  төмен-

деуі. Су ресурстарының ластануы сондай-ақ оның химиялық жəне 

физикалық  жағдайының,  биологиялық  қасиеттерінің  өзгеруін 

білдіреді,  бұл  өз  кезегінде  тұтыну  жарамсыздығына  əкеледі.  Су 

ресурстарының  ластануы  зиянды  қоспалар  мен  заттарды  тазарту 

жəне  жою  бойынша  барабар  шаралар  болмаған  кезде  ластаушы 

заттардың  суға  тікелей  немесе  тікелей  емес  түсуі  кезінде  орын 

алады.  Көптеген  жағдайларда  ҚР-дағы  судың  ластануы  көзге 

көрінбейді, өйткені ластаушы заттар суда еріп кетеді. Нəтижесінде 

бұл суларды тұщы да, тұзды да түріне жатқызуға болмайды. Сон-

дықтан  оларды  келесі  екі  түрге  бөліп  көрсету  дұрысырақ:  бірін-

шісі қалалық пəтерлермен, қалалық кəріздермен ластану, екіншісі 

өнеркəсіптік кəсіпорындар салдарынан ластану [6]. 

Ірі қалаларда халықтың өсуі, ескі қалалардың кеңеюі Қазақстан-

ның  ішкі  су  қоймаларына  тұрмыстық  ағындардың  ағынын  едəуір 

арттырды.  Нəтижесінде  бұл  ағындар  өзендер  мен  көлдерді  пато-

гендік  бактериялар  мен  гельминттермен  ластау  көзіне  айналды. 

Су қоймаларын едəуір ластайтындардың қатарына сонымен қатар 



29



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет