Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет32/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

қарастыру  керек  деген  ойдамын.  Парламент  Мəжілісінің  төраға-

сының  айтуынша,  өндірістік  қалдықтарды  өңдеу  мəселесі  көп 

жылдардан бері тиісті шешімін таппай келетін көрінеді.  Мəжіліс 

спикері, «шет елдік жəне отандық инвесторлар жер қойнауындағы 

барлық байлықты алып, қалған қалдықтарды далаға шашып, төгіп 

жатыр» дейді. Сондықтан да, ондай шараларды тоқтату мақсатын-

да арнайы заңдар енгізіліп, бағынбаған жағдайда белгілі бір жаза 

түрлерін  қолдану  қажет.  Осы  мəселеге  байланысты  2019  жылы 

28 қарашада «Тұрмыстық жəне өнеркəсіптік қалдықтарды жинау 

жəне қайта өңдеу» тақырыбында Үкімет сағаты өткен болатын.

Үкімет  сағатының  нəтижесінде  өндірістік  қалдықтарды 

басқару  жөнінде  кешенді  шараларды  көздеу,  қалдықтарды  қай-

та  өңдеуге  арнайы  қаражаттар  бөлу,  жəне  қалдықтармен  жұ-

мыс  істеу  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаны  əзірлеу  жəне  қа-

былдау  мақсат  етілді.    Бұл  –  еліміздің  өндірістік  қалдықтармен 

күресу  үшін  жасап  жатқан  қадамдарының  бірі.    Өндірістік  қал-

дықтарды  қайта  кəдеге  жарата  алсақ,  бұл  -    біздің  ел  үшін  үл-

кен  жетістік,  қоршаған  ортамыз  үшін  үлкен  тазалық  болатыны 

сөзсіз.


 Ойымды қорытындылай келе, өндірістік қалдықтардан құтылу, 

оларды  екінші  реттік  кəдеге  жарату  бүгінгі  күннің  талабы  деген 

тұжырымға  тоқтаймын.  Себебі,  өндірістік  қалдықпен  күресудің 

басты жолы  - оларды қайта өңдеу деген ойдамын. Шет ел тəжіри-

белерінен үлгі алып, қалдық өңдейтін арнайы орындар ашып, қал-

дықтардан құтылу жолына баса назар аудару қажет. Осы бағытқа 

сəйкес  арнайы  заңдар  қабылданып,  қатал  түрде  жұмыс  істеуін 

қалаймын.  Себебі,  көптеген  инвесторлар  болсын,  жеке  меншік-

те жұмыс істеп отырған кəсіпкерлер болсын өздерінің өндірістік 

қалдықтарын  қоршаған  ортаға  тастау  үстінде.  Ондай  жағдайлар 

жалғаса беретін болса еліміздің өндірістік қалдықтармен күресуге 

қауқары жетпейді. Қоршаған ортаны таза ұстап, оған қамқор бола 



білсек, оның да бізге берері көп болатыны анық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет