Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет35/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

Суретте  экологиялық  тазалық  көрсеткішінің  жоғарылығымен 

əлем  елдерінің  ішіндегі  ондығы  көрсетілген.  Көш  бастап  тұрған 

Дания  мемлекеті.  Тізімде,  сонымен  қатар  əр  жыл  сайын  əлемдік 

ондыққа кіріп, көшбасшылықты ұстап тұратын Швейцария, Фин-

ляндия, Швеция секілді мемлекеттер де бар. Мемлекеттің тазалық 

көрсеткіші – сол ел тұрғындарының экологиялық санасының тіке-

лей көрінісі. Себебі, қоршаған ортаны таза ұстау мемлекеттің не-

месе мемлекеттік басшылардың ғана міндеті емес. Жəне мемлекет-

тік іс – шаралардың барлық экологиялық мəселені өз беттерімен 

шешуге  қауқары  жетпейді.  Халықтың  мемлекет  ұйымдастырған 

сондай іс-шараларға көзқарасы дұрысталып, өз қатарынан көмегі 

тиген кезде ғана ортақ жеңіске қол жеткізуге мүмкіндік ашылады. 

Тек,  мемлекеттің  тарапынан  экологиялық  сананы    тұрғындарға 

дұрыс жеткізе білу əдісі қолданылуы қажет. Халық пен мемлекет 

бірлесе  жұмыс  істеген  кезде  ғана  экологиялық  тиімділік  индексі 

артып,  экологиялық  таза  көрсеткішке  қол  жеткізе  алады.  Жоға-

рыда қарастырылып өткен, экологиялық тазалық көрсеткіші бой-

ынша  алдыңғы  қатардағы  елдердің    экологиялық  сауаттылықты 

қалыптастыруға  арналған  əдістері  бар.    Мысалға,  экологиялық 

тиімділік индексі бойынша əлем елдері ішіндегі жетінші орынды 

иеленіп тұрған Швеция мемлекетін қарастырайық. Швеция мем-

лекеті  «экологиялық  сана»,  «экологиялық  сауаттылық»  ұғымда-

рымен осыдан 40 жыл бұрын жұмыс істеп бастаған.

 Мемлекет басты назарды балалар санасына  аударады. Себебі, 

адам жастайынан неге бейімделсе, есейгенде де сол ісін жалғасты-

ратын болады. Швецияда экологиялық білім берудің басымдылық 

қызметі  табиғат  аясында  жүргізіледі.  «Орман  мектептері»  жүй-

есі Швецияда 40 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді (Рейтинг 

стран мира по  индексу экологической эффективности, n.d.). Мұн-

да  балалар  табиғаттың  барлық  алуантүрлілігін  танып,  зерттейді, 

орманда өзін қалай дұрыс ұстау керек екендігіне,  төтенше табиғи 

жағдайларда  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыланады.  Ор-

манда  өтетін  сабақтарға  арнайы  апталар,  күндер  бөлінеді.  Сабақ 

балаларды  қызықтырып,  өзіне  назар  аудартуы  үшін  көбіне  эко-

логиялық ойын, экологиялық жарыс түрінде өтеді. Олардың өзін-

дік  «табиғатқа  –  кез-келген  жағдайда»,  «табиғат  –  ортақ  үйіміз» 

секілді  ұрандары  да  болады.      Балаларды  жастайынан  қоршаған 

ортаны қорғауға үйрету – сабақтың басты мақсаты. Олар өткен са-



43



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет