Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
thesis11798


 
МƏТІННІҢ ДИСКУРСТЫҚ АСПЕКТІСІ 
 
Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы зерттеулер 
өріс  алып,  дискурс  пен  мəтінді  ажыратқан  еңбектер  жариялануда.  Тұтас  алғанда  дискурс 
талдау теориясы – қазақ тіл білімі үшін жас, əлі толық қалыптаса қоймаған, лингвистиканың 
пəнаралық сипаттағы саласы.  
Дискурс – өмірдегі, яғни шынайы  уақыттағы нақты оқиғалардың тілге көшкен тізбегінің 
ағымы  болса,  мəтін  –  дискурс  үзігі,  ол  жанр  заңдылықтарына  сай  рəсімделеді  немесе  тіпті 
арнайы рəсімделмеуі де мүмкін. Сонымен қатар дискурс шынайы уақытта туса, ал мəтіннің 
өз  ішінде  сақтап  қалған  уақыты  болады.  Таратып  айтсақ,  шынайы  уақытта  белгілі  бір 
дискурс  нəтижесі  болған  мəтін  ішіндегі  уақыт  шынайы  уақытқа  сай  түспейді,  бұл  жайтты 
мəтін мен дискурстың басты ерекшелігін танытатын негізгі белгінің бірі деп санаймыз. 
Қазақстандық тілші ғалымдардың зерттеу  еңбектерінде дискурс теориясының мəселелері 
арнайы  зерттеу нысанына алынып та, өзге проблемаларды  сөз ету  барысында да талданып 
жүр.  Арнайы  диссертациялық  зерттеулер  жазылып  дискурс  теориясының  негізгі 
мəселелерінің кейбірі анықталды. Нақты тоқталсақ, ҚР Білім мен ғылым министрлігі Ғылым 
Комитеті  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтында,  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық  университеті,  Абылай  хан  атындағы  Əлем  тілдері  мен  халықаралық  қатынастар 
институты,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті  ғалымдарының 
жетекшілігімен,  кеңесшілігімен  дайындалған  зерттеулерде,  ғалымдардың  өздерінің 
жұмыстарында дискурс талдау теориясының мəтін мен дискурстың арақатынасы мəселелерін 
анықтау  (Бүркітбаева  Г.),  дискурс  түрлерін  ажырату  мен  тіл  мəдениеті  проблемасымен 
сабақтастығы  (Уəли  Н.),  прагмастилистика  мен  мəтіннің  прагматикасы  мəселелерін 
анықтаудағы дискурс мəселелері (Əлкебаева Д., Ерназарова З.Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ., 
Жумагулова  Б.С.),  кинодискурс  мəселелері  (Нұрмышева  Ш.А.),  дискурстың  просодикасы 
(Альпатина С.), тілдік тұлға мен дискурс арақатысы проблемалары жəне дискурстық талдау 
мəселелері  (Мұратова  Г.),  дискурстың  құрылымы  мəселелері  (Садирова  К.Қ.),  дискурстың 
жекелеген  түрлерін  арнайы  зерттеу,  мысалы,  диалогтік  дискурс  (Саденова  А.Е.),  газет 
дискурсы (Сабитова Ш.А.) т.с.с. қарастырылған. Дискурс теориясының негізгі мəселелеріне 
қатысты дайындалған диссертациялардың қорғалуы 10.02.02 - қазақ тілі, 10.02.01 - орыс тілі, 
10.02.19  -  тіл  теориясы  мамандықтары  бойынша,  негізінен,  2009-2010  жылдарда  жүзеге 
асқан.  Дискурс  мəселелері  магистрлік  диссертациялардың  да  зерттеу  нысанына  айналған. 
Қ.Жұбанов 
атындағы 
Ақтөбе 
мемлекеттік 
университетінің 
«6К0205-филология» 
мамандығының  2  курсында  З.Молдағұлова  «Интернет  дискурстың  интерпретациялану 
ерекшеліктері»  тақырыбында  (филология  ғылымдарының  докторы  К.Қ.Садированың 
жетекшілігімен),  2  курс  магистранты  К.Төрезақ  «Көркем  дискурс  ерекшеліктері» 
тақырыбында  (профессор  М.  А.  Мұсаев  жетекшілігімен)  диссертация  жазып  жүр.  Олардың 

188 
 
ізденіс  нəтижелері  түрлі  халықаралық  конференцияларда  тыңдалып  талқыланды.  Сонымен 
қатар  аталған  оқу  орынында  «050205-филология»,  «050117-қазақ  тілі  мен  əдебиеті», 
«6К0205-филология»  мамандықтарына  элективті  курс  сапасында  «Дискурс  талдау 
теориясы»,  «Көп  пропозициялы  дискурс»,  «Дискурсология»  пəндері  оқылып,  соған  сай 
«Дискурс  талдау  теориясы»,  «Көп  пропозициялы  дискурс»  (Садирова  К.Қ.),  «Поэтикалық 
мəтін жəне оның дискурстық бірліктері» (Аитова Н.Н.) оқу құралдары мен  «Қазақ тіліндегі 
көп  пропозициялы  дискурстың  құрылымдық  негіздері»  (Садирова  К.Қ.)  тақырыбындағы 
монография  басылым  көрді.  Енді  аталған  бағыттағы  зерттеулермен  танысып,  оларды  оқу 
барысында көңілге түйген қорытындыларымызды ортаға салсақ: 
Дискурс  теориясына  қатысты  жазылған  зерттеулерде  дискурс  түрліше  анықталып  жүр. 
Д.Əлкебаева:  «Дискурс  нақты  айтылған  сөз  деген  мағынамен  сəйкес  келеді,  өзінің 
мағыналық-ақиқаттық мазмұнымен қоса экстралингвистикалық факторларымен жүйеленетін 
сөйлесімдерді  айтады»  деген  тұжырым  жасайды  [1,32].  Ж.Кеншінбаева:  «Дискурс  - 
қолданыстағы  мəтін,  яғни  сөйлеу  тілінің  нақтылы  коммуникативтік  қарым-қатынас 
орнатудағы  қызметі»,  -  десе  [2,12],  профессор  Н.Уəли:  «фреймі  «автор»,  «сөз  актісі»  - 
«адресат»  жəне  сөз  жағдаяты  (сөздің  қандай  ситуацияда  айтылғаны)  деген  құрылымдардан 
тұратын  коммуникативтік  «уақиға»,  -деп  түсіндіреді  [3,19].  Г.Г.Бүркітбаеваша,  дискурс 
дегеніміз  -  мəтін  мен  интеракцияға  қатысушылар  жəне  коммуникативтік  жағдаят 
қосындысы.  Біздің  анықтауымызша,  дискурс  дегеніміз  -  шынайы  өмір  үзігіндегі  көріністің 
сөйлеу əрекеті арқылы санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы [4,23]. Дискурс дегеніміз 
-  дайын  мəтіннің  сөйлеу  əрекетін  туғызушылар  мақсатына  сай  күрделі  əрі  нақты 
коммуникативтік  жағдайға  айналуы.  Ал  Ш.А.Нұрмышеваша,  дискурс  дегеніміз  - 
коммуниканттардың  сөз  жағдаятын  ескере  отырып  шынайы  өмірдегі  оқиғаларды  өздерінің 
когнитивтік,  тілдік,  аялық  білімін,  прагматикалық  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы 
коммуникативтік  мақсатқа  орай  өз  тілдеріндегі  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық 
жүйелер арқылы тілге көшіруі, диалогқа түсу əрекеті [5,30]. 
Ғалымдардың  дискурс  терминіне  берген  анықтамалары  түрліше  болғанымен,  олардың 
барлығының  да  дискурсқа  тəн  деп  көрсеткен  белгілері  бар:  бұл  -  дискурстың  диалогтік 
сипаты,  сөз  жағдаятына  сай  орындалатын  сөйлеу  əрекеті  екендігі.  Дискурстың  диалогтік 
сипатына  коммуникацияға  қатысушылар  санының  кем  дегенде  екеу  болуы  жатпайды, 
сөйлеуші  түзіп,  қолданысқа  түсірген  мəтіннің  қандайда  бір  тыңдаушыға  бағытталуы 
жатқызылады.  Ал  бұл  тыңдаушы  сөз  түзушінің  өзі  болуы  да  ықтимал.  Мысалы,  адамның 
өзіне арнап жазатын күнделігі (сөзді түзуші де, түзілген сөзді қабылдаушы да бір субъект), 
өзімен-өзі кеңесуі т.с.с. 
Дискурс  талдау  мəтіннен  сол  мəтінді  түзушінің  қатысқан  дискурсын  қалпына  келтіруге 
бағытталады деуге болады, бұл кезде мəтін мен дискурстың өзара сабақтастығы басшылыққа 
алынғанымен,  мəтіннің  түзілу  ортасы  немесе  коммуникативтік  уақиға,  жағдаят  қалпына 
келтіріледі.  Сондықтан  да  дискурстық  талдау,  дискурстық  тəжірибе,  əлеуметтік  тəжірибе 
терминдері  қолданылып,  дискурс  теориясының  негізгі  ұғымдық  аппаратының  қатарын 
түзген.  Дегенмен,  дискурстық  талдау  жасаудың  сипаты  былайша  беріліп  жүр:  дискурстық 
талдау кез келген көлемдегі мəтінге жүргізіледі де, мəтіннің лексика-синтаксистік құрылымы 
ғана сарапталмайды, мəтінді кім жазды, қашан, қайда, кімге арнап жазды, қандай мақсатпен 
жазды,  тіпті  автордың  нормативті  ұстанымы,  идеологиялық,  бағалауыштық  бағыты  қандай 
деген  сұрақтарға  жауап  алыну  үшін  талдау  (тіпті  сараптама  деуге  болады)  жүргізіледі. 
Дегенмен  бұл  талдау  жүргізу  үшін  анықталған  сұрақтардың  қатары  мəтіннен  оны  түзген 
авторға  қатысты  ғана  бағытталған,  дискурстық  талдау  жасауда  адресант  -  мəтін  -  адресат 
тұтастығы  алынса,  адресант  -  мəтін  қатынасын  анықтауға  ғана  мүмкіндік  береді  деп 
ойлаймыз,  ал  толық  дискурстық  талдау  жасауда  осы  қостағанның  қатарына  мəтін-адресат 
қатысын анықтайтын сұрақтарды қосамыз: мəтін сол кездегі оқырманға қандай ой туғызды, 
оны  дəлелдейтін  мəтіндер,  ондағы  метафоралар  мен  осы  сипаттағы  бірліктер,  мəтіннің  əр 
дəуірдегі  оқырманға  əсері  мен  бағалануы,  оны  бекіткен  мəтіндер,  яғни  дискурстық  талдау 
жасалып отырған уақытқа дейінгі (мəтін авторынан жаттанған, яғни түзіліп болып дискурсқа 

189 
 
айналған  сəттен  бастап)  оқырман  санасымен  əрекеттесіп  соның  нəтижесінде  қоғамдық 
пікірлерді  бекіткен  мəтіндерді  талдаумен  толығу  керек  деп  есептейміз.  Сонда  ғана  дискурс 
пен  оның  нəтижесінде  түзілген  мəтін  тізбегіндегі  өзгерістер  мен  дискурстық  кеңістіктегі 
болмысы  анықталады.  Қалай  болғанда  да  мəтінде  дискурс  арқылы  бекіген  тіл  бірліктерін 
«сөйлетіп»  дискурсты  қалпына  келтіру  дискурстық  талдау  сапасында  толыққанды  болады 
деп есептейміз. Бірақ бұл өте күрделі мəселе. Өйткені «əр сарапшы немесе дискурс талдауды 
жасаушы» да субъекті, ол да тек өз мəтінінің қожасы бола алады. Мəселен, зерттеу нысанына 
алынған  (мектеп  оқулықтары)  мəтіндердің  өз  авторлары  бар.  Тек  кейбір  мəтіндер  ғана 
энциклопедиялық  еңбектерден  алынған  немесе  газет  мақаласы.  Көбіне  «Ел  аузынан» 
кітабынан,  «Əдеп»  кітабынан,  «Аңыздан  ғажап  ақиқат»  кітабынан,  «Шешендік  сөздер» 
кітабынан,  «Заман-Қазақстан»  газетінен,  «Ана  тілі»  газетінен,  «Егемен  Қазақстан» 
газетінен алынған [6]. Дегенмен олардың жасаған дискурс талдаулары белгілі бір қоғамдық 
пікірлердің  қалыптасуына  немесе  қалыптасқан  қоғамдық  пікірлерді  өзгертуге  апарады. 
Сондықтан  да  дискурс  талдау  жүргізудің  үлгілері  қазақ  тіл  білімінде  қалыптасқан  деуге 
болады, бірақ оның жетілдірілуі мен мəтін талдаудан ерекшеленуі де болашақтың еншісінде, 
дискурс теориясының негізгі мəселелерінің бірі санатында қалады. 
Өмірдің  əртүрлі  салаларын:  дін,  ағартушылық,  заң,  саясат,  əдебиет  т.б.  қамтитын 
дискурстар  белгілі  бір  заңдылықтар  көлемінде  құрылады.  Сондықтан  біз  дискурстарды 
əдебиет,  саясат,  ғылым,  дін,  заң  т.б.  деп  бөлеміз.  Əрбір  дискурс  түріне  мектеп 
оқулықтарынан  мысал  келтіре  кетейік.  Мысалы,  əдебиетті  қамтитын  мəтіндердің  бірі  –
Б.Есқуатұлының «Ұлтым деп өткен ұл еді». Мəтін: Қараңғылықпенбұйығылықпен жалғыз-
жарым  арпалысып,  елінің  көгіне  «жарқырап  шығып,  күн  болуға»  талпынған 
асылдарымыздың бірібірі емес-аубірегейі – Бөкей ордасынан шыққан өз заманының озық 
ойлы  зиялысы,  ағартушы  əрі  ел  билігін  ұстаған  қайраткер  Мақаш  (Мұхамеджан
Шолтырұлы Бекмұхамбетов болған
Өткендегі  қай  қазақ  зиялысын  алып  қарасаңыз  да,  олардың  ерекше  тандандыратын  бір 
қасиеті  бар.  Бұл  –  бəрінің  де  жан-жақты  білімпаз,  бесаспап  оқымысты  болып  келетіні
Мейлі  дəрігер,  заңгер,  мал  маманы,  əскери  қызметкер,  темір  жол  инженері  болсын,  бəрі  – 
шетінен  көркемсөз,  көсемсөз  шебері,  тамаша  саясатшы,  тарихшы,  этнограф,  шежіреші
Бірақ  бүгінгі  ұрпақта  сол  қасиеттің  кемшін  жатуы  қынжылтады.  Бар  саланы  былай 
қойғанда,  бір  саланы  жақсы  игере  алмай  жатуы  –  ұлтымызды  өсірмейтін  қасиет.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  да,  Мақаш  əкім  –  үлкен  ағартушы,  көсемсөз  шебері,  өз  өлкесінің 
тарихынхалқының салт-санасын зерттептерең білген тарихшыэтнограф (78-б.).   
Бұл  мəтіннен  оны  түзген  авторға  қатысты  ғана  бағытталған,  дискурстық  талдау  жасауда 
адресант  -  мəтін  -  адресат  тұтастығы  алынса,  адресанттың  айтпақ  ойы  «Тарихтағы  Мақаш 
Бекмұхамбетовтің  есімін  жаңғырту  жəне  қазақ  жастарын  жақсы  қасиеттерге  баулу»  болды 
деген пікірдеміз. Өйткені  «əр сарапшы немесе дискурс талдауды жасаушы»  да субъекті, ол 
да  тек  өз  мəтінінің  қожасы  бола  алады.  Дегенмен  олардың  жасаған  дискурс  талдаулары 
белгілі  бір  қоғамдық  пікірлердің  қалыптасуына  немесе  қалыптасқан  қоғамдық  пікірлерді 
өзгертуге  апарады.  Жəне  де  мəтінде  кездесетін  зəрезап  сөзіне  мұғалім  міндетті  түрде 
түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймыз.  
Дін  дискурсына  қатысты  газеттен  алынған  «Исламнан  имандылық  үйрендім»  атты 
сұхбатқа құрылған мақалаға тоқталайық: 
Құранды оқып шықтыңыз ба?  
 -  Əлбетте.  Гете  өзінің  бір  естелік  жазбасында  былай  деген:  «Бұл  кітапта  кісіні  өзіне 
қарай тартатын бір құдіретті күш барСол себепті оған екінің бірінің тəуекел етіпжай 
күнделікті тұрмыси тілмен аударуы мүмкін емес...». Менің ұғымымдаҚұран – ең қасиетті 
кітап.  Оның  арабша  айтылуы  мен  оқылғанда  шығатын  жан  тербетер  əуені  аса 
тартымды.  Сондықтан  Құранды  аударуға  аса  ыждағаттылықпен  қараған  абзал.  Арабша 
нұсқасы  аудармасымен  бірге  қатар  берілсе  құба-құп.  Өйткені  оның  мазмұнының 
бұрмаланып кетуі кешірімсіз күнə болады (192-б.).  

190 
 
Діни  дискурс  бойынша  жазылған  мəтінде  автор  қабылдаушыны  исламның  негізгі  кітабы 
болып саналатын Құран туралы дəріптейді, яғни жас жеткіншектерді имандылыққа шақыру 
мақсаты  көзделген.  Діни  идеологияны  дəріптеу  де  мектеп  жасындағы  оқушыларға  керек 
дүние деп білеміз. 
Саяси  дискурстың  табиғатында  дискурстың  барлық  негізгі  ерекшеліктері:  когезия, 
бүтіндік, прагматикалық мақсат, ақпараттық, грамматикалық жəне аяқталым категориялары 
кездеседі. 
Саяси тілдің қарапайым тілден айырмашылығы,«саяси лексика» терминологияға бейім, ал 
күнделікті  «саяси  емес»  тілдік  белгілер  əрқашанда  қарапайым  тілдегідей  қолданылмайды, 
дискурстың ерекше құрылымы, кейде сөйлеу тəсілдерінің өте ерекше нəтижесі, дискурстың 
дыбыстық  жəне  жазбаша  көркемделуі  де  ерекше.  Мұндай  мəтіндер  мектеп  оқулықтарында 
кездеседі  ме  деген  сұрақ  туындайды.  Талдау  жүргізу  барысында  кездескен  мəтінде:  1921 
жылы  10  желтоқсан  күні  өткен  қазақ  қызметкерлері  қатысқан  кеңестің  күн  тəртібіне 
қойған мəселесі екеу:  
3.
 
Қырдағы  аудандардың  аштыққа  ұшыраған  тұрғындарына  нақты  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыру.  
4.
 
Қазақ қызметкерлерін осы жұмысқа тарту жəне оларды тиімді пайдалану
...Жолдас Жангелдин төрағалық етті.  
Қырдағы  аудандардың  аштыққа  ұшыраған  тұрғындарына  нақты  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыру туралы М.Əуезовтің баяндамасы тыңдалдыƏуезов жолдас аштарға көмек 
көрсету  ұйымдарының  аяғы  əлі  қыр  еліне  жетпегендігін,  олардың  таяу  арада  жетуі  де 
неғайбыл  екенін  айтты.  Əуезов  оның  себебі  мынада  деп  көрсетті:  Шындығына  көшсек,  - 
деді  Əуезов,  -  ашаршылық  жайлаған  қырдағы  елдің  қырылғанының  жанында,  қаладағы 
аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты əсер етедіЕгерде бұл аудандарды аштықтан 
құтқару үшін дəл қазір шұғыл түрде шешуші шара қолданылмасаонда Қазақ республикасы 
қазақсыз  қалады.  Көптеген  аудандардағы  қазақтар  көптен  бері  тек  қана  көртышқанмен
тышқанмен,  суырмен,  тағы  сол  сияқты  ұсақ  жəндіктермен  өзегін  жалғауда,  соның 
кесірінен əр түрлі жұқпалы аурулар мен індеттер естіп білмеген деңгейде таралып барады 
(182-б.).  Мысалдан  көріп  отырғанымыздай,  сол  кезеңдегі  саяси  ахуалды  көтеріп  отырған 
тақырыптардың бірі. Саяси дискурста көбіне саяси технологиялардың қарқынды дамуымен, 
БАҚ-тың орны өсуімен, саяси əрекеттердің театрландырылуы өсуіне, қоғамның саяси теория 
мен саяси коммуникацияға  назар аударуына  байланысты дамып келе жатқан  тіл білімінің 
бір саласы. Ал негізінде алдыңғы буын өкілдерінің заманында да саяси дискурсқа барғанын 
көреміз.  Сонымен  қатар,  саяси-идеологиялық  дискурстар  да  зерттеу  нысанына  алынған 
оқулықта  баршылық.  Мəселен,  Бүгінде  жұртшылық  жаңадан  салынатын  «экологиялық 
кесапаттарға» жол бермесе бермесАл əлдеқашан болыпбояуы сіңіп қалған «экологиялық 
апаттардан»  қалай  құтқара  алады?  Мəселен,  біздің  республикамызда  мал  бағылатын 
жерге  егін  салынып,  егін  салатын  жерден  кен  қазылып,  кен  қазылатын  жерге  қала  салу 
əлдеқашан үрдіске айналғанЖиырма миллиондай гектар тың игеріподан бірде барбірде 
жоқ астық аламызАл бұрынғы ол жерге жайылатын миллиондаған малдың қарасы құрып
жылма-жыл  тұрақты  өндіріліп  отыратын  миллиондаған  тонна  еттен  айырылдық.  Тағы 
да  көлемі  жағынан  соған  жуық  мал  бағатын  аумақты  тажал  қарулар  сынайтын 
полигондарға  бердік.  Оның  үстіне,  жылдан  жылға  былай  да  шөлейттеніп  келе  жатқан 
аймаққа  қалай  болса  солай  «индустриялық  алыптар»  орнатып,  одан  сайын  тақырлана 
түстік.  
Көмірді  де,  бокситті  де,  темірді  де,  тіпті  уранды  да  ашық  карьер  қазі  жолымен 
өндіреміз.  Мұндай  көзсіздіктен  тек  бір  ғана  республика  емес,  күллі  планета  зардап  шегеді 
ғой!  Əуелде  соны  неғып  ойламағанбыз?  Ойламағанымыз  –  білмегеніміз.  Ал  білмей  тұрып  іс 
қылудан  асқан  қиянат  болушы  ма  еді?!    (33-б.).    Шағын  мəтін  арқылы  коммуникативтік 
жүріс  не  монологтық  актідегі  өтініш  пен  аргумент,  эмоция  сипатталды.  Бұл  дискурстық 
актілерде  көрініс  тапқан  мағына  тұтастықтың  алғашқы  репликасы  иллокутивтілігі  жағынан 
тəуелсіз  (Бүгінде  жұртшылық  жаңадан  салынатын  «экологиялық  кесапаттарға»  жол 

191 
 
бермесе  бермес.  Ал  əлдеқашан  болып,  бояуы  сіңіп  қалған  «экологиялық  апаттардан»  қалай 
құтқара  алады?),  сонымен  қатар  адресанттың  айтылымындағы  сұрау  түріндегі  өтініші 
болса, аргументіне  Мұндай көзсіздіктен тек бір ғана республика емескүллі планета зардап 
шегеді  ғой!  Əуелде  соны  неғып  ойламағанбыз?  Ойламағанымыз  –  білмегеніміз.  Ал  білмей 
тұрып  іс  қылудан  асқан  қиянат  болушы  ма  еді?!деген  айтылымдардағы  ақпаратты 
жатқызуға болады. Нақты айтсақ, коммуникант   
Дискурстың  макроқұрылымы  дегеніміз  дискурстың  негізгі  мазмұнының  жалпыланған 
сипаттамасы, ол ақпаратты түсіну үрдісінде адресат тарапынан құрылады. Оған дискурстың 
ірі  бөліктерге  мүшеленуі  жатады.  Атап  айтқанда,  əңгіме  эпизоды,  газет  мақалаларындағы 
абзацтар, ауызша диалогтағы репликалар тобы т.с.с. Аталған ірі бөліктер дискурста арнайы 
тəсілдермен  бөлектенеді:  ауызша  айтылымда  кідірістің  ұзаққа  созылуымен,  жазбаша 
дискурста графикалық жолмен жəне арнайы лексикалық құралдармен (қыстырма сөз не сөз 
тіркестерімен, көмекші сөздермен). Мысалы,  Шыңғыс хан заманында айтады екен:  «Құлаш 
бойым құласа да, тіккен туым құламасын» деп, міне, ендігі тілек – осы!» (34-бетте). 
Ал  осы  грамматикалық  тақырыптарды  жаттығу  арқылы  беруде  авторлар  əртүрлі 
мəтіндерден  үзінді  береді.  Мəтінді  оқытудағы  аса  маңызды  парадигма  –  ана  тілін  ұлттық 
құндылық  ретінде  меңгерту  парадигмасы.  Мəтіндегі  дискурстық  аспект  тұрғысынан 
қарастыруда басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып 
саналады. Ұлттық ділге негіз болатын нəрсе – Текті адам идеясы. Текті адамды, текті əулетті 
қалыптастыру  –  ізгілікті  қоғамның  басты  міндеті,  ұлттық  ділді  дамыту  –  тəрбиенің  алтын 
қазығы. Мəдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп 
қазығы, тірегі ретінде мəтіннің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып 
жатыр. Сондықтан мəтін, біріншіден, оқушының өзге адамдармен қатынас деңгейін көтеруге 
қызмет  етеді.  Екіншіден,  сөйлеу  мəдениеті  табиғи  түрде  адамның  ойлау  мəдениетін 
жетілдіруге  жол  ашады.  Үшіншіден,  мəтіннің  қатысымдық  сапасын  меңгерту  оқушының 
тілін  дамытудан,  тілін  ұстартудан  басталып,  нəтижесінде  тілді  түйсінуге,  құрметтеуге, 
талғампаздықпен қолдануға əкеледі.  
Оқулықтарда  берілген  мəтіндер  оқушының  жас  ерекшеліктеріне  сəйкес  орайластырылып 
алынған. Тарихтан белгілі Мөденің дəуірі туралы мəтінде: «Мөденің дəуірі – ғұндарда ерлік 
жырын  тудырған  бір  жарқын  заман.  Оның  бар  өмірі  Қытайдың  озбырлық  ісімен  алысып
оны жеңіп шығуға не тең түсуге арналған- деп, ерлік туралы жазса, тарих қойнауындағы 
ұлы тұлғалар туралы да сөз болады. 
Кез келген мəтінді дискурстық аспект тұрғысынан қарауға болады. Мəселен, айтылымның 
түзілу  негізінде  жатқан  түп  ой,  ойлау  əрекеті  мен  ойлау  үрдісінің  өнімі  дискурста  көрініс 
табуының жəне қабылдаушыда дұрыс қабылдануының негізі болатындығын айтуға болады. 
Соның  негізінде  жағдаяттық,  дейктикалық  не  актілік-сөйлеу,  коммуникативтік
референциялы,  модальды,  логикалық,  эмоционалды,  интенциялы  не  иллокутивті  деп 
мəтінде  берілетін  семантикалық  түсініктерге  тоқталуға  болады.  Жағдаяттық  компонент  – 
семантикалық  түсініктің  хабар  мен  сөйлеу  актісіне  қатысты  кейбір  сыртқы  жағдаятты 
бейнелейтін бөлігі. Оның тілдік көрінісінің ең негізгі бірлігі – сөйлем.   
Жоғарыда  айтылғандарға  сай    53-жаттығуда  берілген  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек» 
романынан үзінді келтіре кетейік: «Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығадыҚасқырға тиді 
ме,  қосқа  тиді  ме,  əйтеуір  ағашы  кейде  бірдеңеге  тигенде  сүйсініп  қалады.  Қасқыр  одан 
жаман  өршеленеді.  Ақбілек  жан  ұшыра  сермейді.  Қасқыр  қамалайды,  Ақбілек  сабалайды
қасқыр  абалайды.  Ақбілек  «аллалайды»,  қасқыр  долданады,  Ақбілек  дөңгелейді...  Қасқыр 
күркілдейді...  Ақбілек  шырылдайды,  қасқыр  қырқырайды,  Ақбілек  шырқырайды...  Сөйтіп
Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...» деген жолдардан ақпараттың толық күйі дискурстың 
жалпы  мəнін  тірек  етуден  туындап  тұр  да,  сол  мəннің  ішінде  референциялы  компонент 
көмекке  келіп  отыр,  атап  айтқанда,  референттер  (Ақбілек,  қасқыр),  етістіктер  (өршеленеді, 
сермейді,  қамалайды,  сабалайды,  абалайды,  «аллалайды»,  долданады,  дөңгелейді, 
күркілдейді,  шырылдайды,  қырқырайды  т.с.с),  интонация  (көп  нүкте  таңбасымен  берілуі) 
белгілі бір қызмет етіп тұр. Біз талдауға нысана еткен үзіндіде бұл мынадай сипатта көрініс 

192 
 
тапқан:  сөйлеуші  үшеу:  1)  автор,  2)  Ақбілек,  3)  қасқыр.  Сөйлеушінің  негізгі  мəндік 
тапсырмасын  орындауда  екінші,  үшінші  қатысушыларға  тіл  бітірген,  бұл  дискурс  мəні 
қабылдаушыларда (оқырмандарда) бұрыннан бар білімге сүйенілген (мал шаруашылығымен 
айналысатын  кəсіп  иелеріне  бұл  өмір  шындығы  таныс,  сонымен  бірге  қабылдаушылар 
жадында  бұрыннан  ауыз  əдебиеті  арқылы  тілсіз  кейіпкерлерге  тіл  бітіру  дағдысы  бар, 
сонымен  қатар  адамның  өміріне  ұқсастығы  бар).  Бұл  тұста  логикалық  компонент  іске 
қосылып  тұр.  Автор  өзі  тудырған  туындысының  əр  кейіпкерінің  сана-сезімін  өзінше,  өз 
ақылы негізінде түзіп отыр, сонда оның ақыл-ойынан туындаған үш топқа жіктеуге болатын 
(автордың өз атынан баяндауы мен Ақбілектің, қасқырдың пайымдауын) астырт жəне үстірт 
құрылым жұптастығы пайда болған. Бірақ шын мəнінде бұл бір ғана тілдік тұлғаның ақыл-ой 
жемісінің нəтижесі, сондықтан да авторға тəн айтылымдар (мəтіннен авторға бағытталғанда) 
осы барлық дискурс тақырыбына сай оны шоғырландыру жүйесі болып саналады.  
Əр қарым-қатынаста адам миында жағдайдың сызбалық моделі түзіледі де, сол құрылым 
қажетті  пропозициялармен  толықтырылады,  ал  олар  өз  кезеңінде  макропропозицияларға 
бірігеді де, макроқұрылым түзіледі Мысалы, 49-жаттығудың тақырыбы «Тұтанбаған темекі 
ғана  зиянсыз»  (авторы  –  Ə.Нəлібаев)  деген  жолдарды  оқығанда,  оқырман  тек  темекінің 
зиянын  ғана  қабылдамайды,  онымен  қатар  темекіге  қатысты  емдеу  əрекеттерінің 
бұрынғыларын да жадында жаңғыртып, соған қатысты модельдер іске қосылады. .  
 Мұндай  мəтінге  жүргізілген  жұмыс  түрлерінің  мына  сияқты  маңызы  бар.  а)  оқырман 
мəтіннің мазмұн-мəнін ұғады. Мəтіннің адам сезіміне əсер беретін жерлері арқылы адамның 
көңіл-күйлерін  көтереді,  жалпы  өмірге  деген  құштарлықтары  артады;  ə)  жұмысқа  деген 
қабілеттері  күшейеді,  өмірді  сүйеді,  жан-жағына,  қоғамға  сүйіспеншілікпен  қарайды, 
қоршаған  ортаны  жақсы  көреді,  айналасындағыларға  көмек  бергісі  келіп  тұрады.  Немесе 
жоғарыдағы  айтылғандарға  қарама-қарсы  кері  де  əсер  болуы  да  мүмкін.  Ол  əрине  мəтіннің 
мазмұн-мəніне байланысты болады. Кері əсер дегеніміз жай көңілсіздіктен туады, неге олай 
етті,  əттеген-ай  деген  өкініш  болады.  Бəрібір  қандай  сезім  туса  да,  мəтіннің  мазмұны 
жақсылыққа  адамды  тартады,  жаманшылықтан  бездіреді.  Себебі  ол  мəтін  арқылы  біраз 
мəселемен  таныс,  сондықтан  ол  оған  қайғыра  алады,  оның  дұрыс,  бұрысын  іштей  сезінеді. 
Ең негізгісі – баланың логикалық ойын кеңейтіп, сөздік қорларын дамытады.  
................................................... 
1.
 
Əлкебаева  Д.  Қазақ  тілінің  прагмастилистикасы:  оқу  құралы.  -  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2008. – 258 б.  
2.
 
Кеншінбаева 
Ж
Қазақ 
мəтінінің 
семантика-интонациялық 
мүшеленуі 
(эксперименттік-фонетикалық  зерттеу):  филол.  ғылымд.  канд.  ...  авторефер.  -  Алматы
2005. 27 б
3.
 
Уəли НҚазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздеріФилолғылдокт. ... автореф.. - 
Алматы, 2007. - 49 б 
4.
 
Буркутбаева Г.ГДеловой дискурсОнтология и жанры. — Алматы, 2005 
5.
 
Нұрмышева  Ш.А.  Кинодискурс  аудармасының  коммуникативтік-прагматикалық 
сипатыфил.ғыл.канд. ...автореф. — Алматы, 2010.- 15 б
6.
 
Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқулығындағы мəтіндер
 

193 
 
Сматова
 А.Е
Региональный социально-инновационный университет  
 
ЛИНГВИСТИЧЕСКАЯ И КУЛЬТУРОЛОГИЧЕСКАЯ КЛАССИФИКАЦИИ ЛАКУН 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет