1
ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ
AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY
«ҮШ ҚИЯН» БАСПА ОРТАЛЫҒЫ
Филология.ғылымдарының докторы, профессор А.-Х. Ф. Мархабаевтың
Туғанына 75 жыл толу мерейтойына арналған
«ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМДАР МЕН ҒЫЛЫМИ-
ФАНТАСТИКАНЫ ДАЙЫНДАУ, ШЫҒАРУ ЖƏНЕ
ТАРАТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
атты халықаралық конференция
материалдарының жинағы
20-желтоқсан 2013 ж.
Сборник материалов
международной научно-практической конференции посвященной
75-летию д.ф.н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева
«СОВРЕМЕННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПОДГОТОВКИ,
ВЫПУСКА И РАСПРОСТРАНЕНИЯ НАУЧНО-ПОЗНАВАТЕЛЬНЫХ
ИЗДАНИЙ И НАУЧНОЙ ФАНТАСТИКИ»
20 декабря 2013 г.
Materials
of the international scientific and practical conference
devoted to the 75 anniversary of professor А.F. Markhabayev
«MODERN TECHNOLOGIES OF PREPARATION, RELEASE
AND DISTRIBUTION OF SCIENTIFIC AND INFORMATION
EDITIONS AND SCIENCE FICTION»
December 20, 2013.
Алматы
«Үш қиян» баспасы
2014
2
Бұл жинаққа демеушілік жасап, жарыққа шығарғаны үшін
«Үш қиян» баспасының директоры
М. Қосмамбетовке үлкен алғыс білдіреміз.
Ғылыми редакторлар:
Мағрифа
Сазанбайқызы Қасаева –
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы;
Сағатбек
Медеубекұлы –
Баспа ісі жəне дизайн кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
Жауапты
редакторлар:
Əбдиева
Роза Серікбайқызы –
ф.ғ.к., доцент
Мергенбаева
Қарлығаш -
аға оқытушы
Керімбекова
Ардақ -
Жоғары дəрежелі маман
Филология.ғылымдарының докторы, профессор А.-Х. Ф. Мархабаевтың туғанына 75
жыл толу мерейтойына арналған «Ғылыми-танымдық басылымдар мен ғылыми-
фантастиканы дайындау, шығару жəне таратудың заманауи технологиялары» атты
халықаралық конференция материалдарының жинағы. – Алматы: Үш қиян баспасы, 2014. –
232 б.
ISBN
Жинаққа ғылыми-танымдық басылымдар мен ғылыми-фантастиканы дайындау,
шығару жəне таратудың заманауи технологиялары аясындағы жарияланымдармен қатар, əр
түрлі салалардағы өзекті мəселелер туралы мақалалар топталды. Жинақ ұстаз-ғалымдарға,
ізденушілер мен магистранттарға, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналады.
ISBN
© «Үш қиян» баспасы, 2014
3
Абдраман
Шамшиден,
профессор, т.ғ.к., пед.ғыл.док.,Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ,
А.Машани атындағы танымдық-тəрбие орталығының директоры,
ҚР Жазушылар одағының «Фантастика» секциясының төрағасы
ҚИЯЛГЕРЛІКТІҢ ҚҰЛАГЕРІН ТҮЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР
Көркем шығармалардың қайссы болмасын алдымен автордың қиялында түлеп барып, өз
оқушысын тапқанда ғана өмірдің шынай шындығымен ұштасып жататындығы. Ал, сол
көркем əдебиеттің фантастика жанырында туындайтын шығармалар қиял қанатын ғылымнан
байланғанда ғана болашақтың болмыстық реңіне айналып оқушысын бірден үйіріп
əкететіндігі жəне бар.
Арпа ішіндегі бір бидай демекші фантастика жанрына қалам тартатындар қатарының
үнемі сирек болуы қиялға қанат беруге келгенде жаратылыс ғылымының көксеңгірінің
көлденеңдейтіндігінен болса керек. Бəлкім, əп дегенде фантастикалық бірер шығармасымен
төбесі көрініп қалатын қайсы бір талапкердің кейде басқа жанрға ауысып кететіндігінен бе
осы саладағы аттөбеліндей қаламгер шоғырын не азайып, не көбейіп жатпайтындығы.
Міне, бүгін 50 жылдық шығармашылық ғұмырын түгелдей қазақтың ғылыми-
фантастикалық жанрын марқайтудан жаңылмай қаламын кезеп келе жатқан қиялгер ғалым
Марқабайдың Əбді-Хамиті, сол шоғырдың сұңғыла тұлғасы деп бағалу керек.
Дəлірек айтсам, өткен ғасырдың 60 жылдардан бұрын оқуға түсу үшін қой бағып стаж
жинап жүрген кезінде Əбекеңнің нені қиялдағаны маған беймəлім. Бірақ ҚазМУ-дің
жорналшы факультетінің есігін ашысымен қазақ жастары үшін алғаш ұймдастырылған
тұңғыш ғылыми-көпшілік «Білім жəне еңбектің» жорналының есігін жиі тықылдатып
тұратындығын білетінмін. Сол кезде студент Марқабаевтың фантастикалық бір əңгімесінің
сюжеті əлі күнге дейін есімде . . . Əңгіменің фантастикасы жас боксердің өзіне соққыны
дарытпайтын өріс шығарып тұратын тетікті тағынып, ал өзі ұрғанда қарсыласын
«нокоунтқа» жіберетін қолғап киетіндігі.
Бұның ғылыми «идеясы» бүгінде о дүниеден ақпарат алатындай адамның энергетикалық
қасиетінің бір парасы болды-ау дегенге саямын.
Егер бір жанырдың қазанын қырғыштап жүрген қаламгер көп болмасада жоқ емес. Ал
ондай қаламгер екеу болса біреуі біздің Əбекең Егер жалғыз болса соның өзі. Егер
шындыққа жүгінсем Ə-Х.Марқабай осынау жарты ғасырлық шығармашылығын тек
қиялгерлік шығармалар жазумен шектеген емес, студент кезінде қазақ жастарының ғылыми
ой-санасын қалыптастыратын «Білім жəне еңбек» жорналында қызымет етті, кейін оның бас
редакторы да болды.
Əбекең əдепкіде ара-тұра басқа емес, ғылыми-фантастика жанырында жазылған
шығармаларға пікірін ашық айтудан да жасқанған жоқ. Несіне жасырайын, сын садағын
талай рет өңменімізге де кезеген кездері болды. Ол түгіл қазақ əдебиетіндегі ғылыми-
фантастика жанырының қадасын қаққан абызымыз Ақжан ағасына да ауыз салғаны бар-тын.
Бірақ Əбді-Хамитымз «Жерұйыққа саяхат» жасаған əз ағасының ойын жалғастыра жүріп ақ
батасын алды да.
Егер Əбді-Хамит мырзаның ғалымдық жолы да қазақтың бүгінгі ғылыми-фантастикасын
дамуын көксейтін ізгі мақсаттан масақ жарса, бүгін ол ғылыми қағидаттық тұжырым түйеті
тұлғалық санаттық сатысының жоғары басқышына көтеріле білді. Сөйтіп ол ғылымның
кандидаттық зерттеуінде бастаған ойын орманға айналдырып, «Қазақ фантастикасына»
арналған докторлық зерттеуін тақырып етіп таңдауы қиялгердің тақымына басқан
Құлагерінің бабында екендігін аңғартқаны дер едім. Айтты айтпады қазақ ғаршкерлерінің
Байқоңырдан ұшуын күтіп жатпай қазақтың сары қымызын Ғарыш төрінде сапырған біздің
Əбекең еді ғой! Бірақ кəзір сол қымыздың Еуропа елдерінің дəріханаларында дəру түрінде
мысқалдап сатылып жатса оған Əбді-Хамит мырза жазықты емес. . .
4
Өткен ғасырдың 60 жылдары Ақжан абыздың соңынан ерген С.Қышқашов, М.Сəрсекев,
Ш.Абдраман, Т.Сүлейменов, Т.Сұлтанбековтер қатарында көрінген Ə-Х.Марқабаевты
оқырман қауым қуана қарсы алып, балауса жаныр жанданды деп үмітін арқалатты да.
Тұрасын айтсақ қазақ əдебиетінің фантастика жанрын балауса деп мүсіркеу жаңсақтық еді.
Шынтуайтына келсек əдебиетіміздің ең көне жанры бұл, тіптен, фантастика жанрын
қазақтың ауыз əдебиетінің атасы десек онша қателеспегеніміз деп білемін. Ұлтымыздың не
бір майталман ақын-жазушылары мен əдебиет теориясын жасаған тұлғаларын тəрбиелеген
осы қарашаңырақта қазақтың аңыз-əңгімелері түптеп келгенде ауыз əдебиет-
Тұрандықтардың сонау тас үңгірде арманына азық болған қияли-ғажайып ертегілерден
бастау алды десем мені сөге қоймас деймін.
Осында отырғандардың, ана тілімен ауызданған ғалымдарды бəрі де қазақтың қияли-
ғажайып ертегілерінен балауса балалық қиялын шыңдап өсті десем жаза баспаспын деймін.
Халқымыздың қазынасы сол қиял-ғажайып тақырыптарды тізіп жатудың да қажеті шамалы.
Бір ғана мысал үшін «Қырық өтіріктің» кейіпкері Тасша баланы алайықшы. Ол басына таз
кепкесін жапырайтып киіп алатын бала емес, тастың сырына қанық Тас+шы бала. Егер жер
планетасының миллиарттаған тарихы таста ғана сақталатындығын ескерсек, тастың сырына
қанық баланың ғұламалығына күман келтіру əбестік болар еді.
Сол Тасшы бала бошалып кеткен биесін іздеп Ғаршты шарлайды емес пе? Сырығына
құрығын жалғап қараса да биесі көзіне түспейді. Енді сол сырығына тебенді шаншып
жалғағанда Шолпанның бер жағында, Айдың ар жағында ала құлынын емізіп тұрған жоғын
табабы. Біз кəзір сол тебеннің ғажайып сырына қанықпыз, ол бағдардан жаңылмайтын
компас, тебен сол копмастың магнит тілі. Қазақ ұғымында магниттік қасиет беретін қызыл-
күрең тасты ерекше киеге балаған «Бассыз бөрік болмас, тассыз түрік болмас» делінетін
мəтелдің мəні осында. Ғылымда темірдің магниттік қасиетіне яғни компас асбабын жасауды
Қытай еліне апарады. Бəлкім бұның отаны қазақтың Ұлы Даласы болмасын! Демек, біздің
Əбекеңнің ғарышқа апарған қымызы осы Тасшы бабасының ала биесінің сүтінен даярланған
сусын болып шығар еді. . . Осы ретте сегіз аяқты Ертөстік мінетін тұлпардың ғылыми негізі
қазақтың Күн жануары Айдақардың сегіз аяғын еске салуы да ғажап емес. Шаңырақтың
күлдіреушіне қақталған төстікке жерік болған ана перзентінің Ертөстік атанған батыр болуы
тегін емес. Өйткені тапа-тал түсте шаңырақтан тік түсетін күн сəүлесі күннің өмір тіреуші
екендігін еске салса, сол «Күлдіреуш» атауының өзі күнтіреуіш – күлдіреуш атауына
айналмады ма деп, бүгінгі əдеби жанырдың бірі фантастиканың төркіні тым əріде басталды
деген ойды пысықтай түседі.
Сөзімнің аяғында қазақтың фантастикасы жайлы Ақжан абыздан естіген мына бір
жəйтқа тоқтала кетпекпін. Сол, əл-Фараби заманында араб елінде екі Халифат болды. Соның
бірі кəзіргі Испан жерінде Кордова қаласын орталық етіп салдырған-ды. Осы Халифатта əл-
Фарабидің шəкірті əл-Туфил деген ғалым ғұмыр кешкенді. Ол ғалым ғана емес, Халифаттың
ақыны санатында белгілі еді. Сол кісі «Яхия» делінген фантастикалық романын да жазыпты.
Бұл кейін «Мəңгі жасаған Яхия» деген атпен Батыс Еуропа елдернде белгілі болды. Ол кісі
«Мың бір түн» атты кемеден бір белгісіз аралда калып қойған кейпкердің бастан өткен
хикаятын жазады. Бұл идеия кейін Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» кітабына негіз
болды. Бірақ Дефо оны əл-Туфилден алдым демеседе, басты кейпкерін Жұма атымен беріп,
оқиғаның араб-мұсылмандық ишаратын сақтай білген. . .
Əл-Туфилдің Яхиясының идеиясы əл-Фарабро берді деген-ді Ақжан абыз. Бұл оның
Еуропа елінде «Мəңгі жасаған Яхия» деп аталып кітабында айтылады ма, оны енді анықтау
бірінші кезекте фантастика жанрының классигі Ə-Х.Марқабайдың ғалымдық парызы
демекпіз.
Құрметті қалайық құлақтарыңа алтын сырға: Əбекеңді əдебиетіміздегі фантастика
жанрының классигі деп атап жүрген əзірге мен шығармын. Бұғанда үш он жыл толған екен.
Жақсы сөз жарым ырыс, арамызда жүрген азаматтың ісіне ара кідік болса да Мархабайдың
классиктік деңгейін де танып атап жүрсек құба-құп қой. Рахмет.
5
Шаханова
Р.Ə.,
Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура жəне PhD докторантура
институтының Филология мамандықтары кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор,
Мынбаева
А.,
докторант
АБДУЛ-ХАМИД МАРХАБАЕВ –
ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАСЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫ
Ғылым мен техниканың дамыған кеңістігінде қай елдің əдебиетінде болмасын
фантастика жанры кең орын алды. Ғылыми фантастика жанры қазақ əдебиетінде өткен
ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Ақжан Машани, Талап Сұлтанбеков, Төлеш
Сүлейменов, Шоқан Əлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев, Медеу Сəрсеке, Жүніс Сахиев,
Раушанбек Бектібаев, Шəмшиден Абдраман шығармалары арқылы қалыптасқанын білеміз.
Ғылыми фантастика – көркем əдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер
салаларында қалыптасқан жанр.
Ғылыми фантастиканың əдеби анасы – романтизмдік əдеби дəстүр. Қазақ əдебиетіндегі
ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілері болашақты болжай білген данышпан
халық қиялының ұшқырлығы тудырған ертегілерде («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем» т.б.),
аңыздарда («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Əзиз», т.б.) жатыр. Мысалы, «Ер төстіктегі»
алты айлық алыстағы сыбырды ести алатын, тауды тауға соғатын, көз ілестірмей зыр
жүгіретін, т.б. кейіпкерлер бүгінде реалдыққа айналған техниканы сонау ертенің өзінде-ақ
армандау емес пе», - деген болатын.
Ғылыми фантастиканы əр жазушы өзінше тұжырымдайды: орыстың классик қиялгері
Антон Ефремовтің: «Ғылыми фантастика ғылымның «көзі жетпеген» жолын өзінің ұшқыр
қиялымен жарықтандырып, оған бағыт сілтеп отыруы тиіс», Борис Стругацкийдің: «Ғылыми
фантастика – кез келген ел атаулының жоғары мəдениетін айқындаушы белгі», ағылшынның
үлгілі қиялгерлері Айзек Азимовтың «Ғылыми фантастиканы ұнату – қалай десеңіз де түптеп
келгенде, адамзат болашағының қамын жеу» жəне Рэй Брэдберидің «Ғылыми фантастика –
біздің заманымыздың нағыз маңызды жанры. Одан да бетер: ол – бүгінгі көшбастар жанр»,
ағылшын Артур Кларктың: «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз əдебиет-ғылыми
фантастика!», поляк Ст.Лемнің: «Фантастика, меніңше, бəрінен бұрын бүгінгі күннің
жыртысын жыртуға борыштар деп білемін». Қытай қаламгері Жин Тау айтқандай:
«...фантастикалық туынды жазу өте қиын. Жазушыда тамаша əдеби таған болып қана
қоймай, ғылымды білуі, ең жақсысы, оның алғы шебінде тұруы, ғылым мен техниканың
соңғы жетістіктерінен хабардар болуы керек».
«Қазақтың Жюль Верні» атанған танымал жазушы-фантаст Жүніс Сахиев «Орал өңірі»
газетінде берген сұхбатында: «...ертегі мен ғылыми фантастиканы ұқсастыруға болмайды.
Əр жанрдың орны бөлек. Фантастиканың өзі де фантастика, ғылыми фантастика,
фантастикалық юмор, фантастикалық скетч жəне басқалай болып бөлініп кетеді.
Фантастиканың ертегіге ұқсас жерлері болар, ал ғылыми фантастиканың табиғаты ғылым
мен шындыққа жуық келеді. Сондықтан да оның жүгі ауыр», - десе, жазушы, профессор,
Шыңжаң университетінің проректоры, ҚР жəне ҚХР жазушылар одақтарының мүшесі
С.Р.Жанболатов интернет арқылы берген сұхбатында: «ғылыми фантастиканың рухани
тағаны – арғы замандарға тəн мифтік аңыздарға, ежелгі əпсаналарға, ауыз əдебиетіне
(мысалы, адамзат пен он сегіз мың ғалам ара байланысты түсіндіруге, қоғамның болашақ
тағдырына үңілуге жəне оны болжауға, т.б.) еліктеу. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет
те тəн.
Сонымен, əдебиетіміздегі ғылыми фантастика жанрында бүгінгі күні Медеу Сəрсекенің
«Ғажайып сəуле», Талап Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын», Шоқан Əлімбаевтың
«Данышпандық альфасы», Төлеш Сүлейменовтің «Əл-Фараби көпірі», «Жұлдыз адамы», Т.
6
Шахановтың
«Көгілдір
мұнаралар»,
Ə.Мархабаевтың
«Ғарыштағы
қымыз»,
Н.Кенжеғұлованың «Қиын шешім», М.Гумеровтің «Жұмбақ сəуле», С.Ғаббасовтың
«Кəусар», Р.Бектібаевтың «Ионосферадағы алаң» атты повестері мен романдары сынды
шығармаларын атауымызға болады.
Ал бүгінгі қазақ əдебиетінде проза, соның ішінде ғылыми фантастика жанрында ерекше
орын алып келе жатқан фантаст-жазушы, осы жанрда алғаш ғылыми тұрғыдан қарастырған
филология ғылымдарының докторы Абдул-Хамид Мархабаев. Осы жерде академик Зəки
Ахметовтың докторлық диссертациясында берген пікіріне назар аударғымыз келеді:
«...Соншама еңбектің нəтижесінде Мархабаевтың мынандай жаңалықтарға қол жеткізгені
байқалады: а) қазақ əдебиеттану əлемінде автор бірінші боп қазақ ғылыми-фантастикалық
жанрын құптарлықтай, дəлелді түрде орынды дəуір-дəуірге бөлген; ə) адамзат санасының
елең-алаңындағы тұңғыш творчестволық əдіс-ауызекі əдебиет бүгінгі таңдағы кемелденген
ғылыми əлеуметтік фантастика жанрының бастау бұлағы болғаны нанымды дəлелдеген...».
Ғалым Серік Қирабаевша айтқанда «тұмса жанрымызға тұңғыштардың сапында енгенімен-
ақ, өзінің даралық творчестволық мінезін көрсетіп үлгерген-ді». [1,8] Алмагүл Əлиқызының
Абдул-хамид Мархабаевтың 60 жасқа келгенде жазған «Қисыннан қиылған» атты эссесінде
фантаст-жазушының «...бүгінде қазақ фантастикасының төрінен табылуы да қисындылық
болса керек», қисынсыздыққа тап болған өткен өмірін паш еткен-ді. [2,12]. Қаламгердің өзі
айтқандай өткен ғасырдың екінші жартысында гуманитарлық емес мамандарынан болып
келген жүгі кереметтей ауыр арбаға – фантастикаға жегілгендердің қатарына қосылды. [3].
Қазақ прозасында сирек қалам тартылатын жанр – фантастикадан өзінің орнын тапқан
жазушы кітаптары оқырмандардан оңды бағасын алды. Тəуелсіз қазақ əдебиетінде алар
орны ерекше. Жазушылық қадамын фантастикалық повесінен бастаған А.Мархабаев
қазақтың алғашқы фантаст-жазушысы атанды. Міне осындай деректі проза жанрына қалам
тартып, дамуына үлес қосып, ұрпақтан-ұрпаққа дəстүр қалыптастырған жазушы ретінде
танылды.
Фантастикалық əдебиеттің басқа көркем əдебиеттен ерекшелігін А.Мархабаев
төмендегідей белгілерімен көрсетеді:
- фантастикалық шығармада орталық бейне - ғаламшардағы түрлі құбылыстар;
- фантастикалық шығарманың басты міндеті – ғылымды насихаттау;
- фантастикалық əдебиет ғылымды туғызса, ғылым фантастиканы туғызады;
- фантастикалық əдебиетте автор басты кейіпкер ретінде ғылыми-фантастикалық идеяны
өрбітуші.
Бұл жанрдың тек болашақтағы адам бейнесін ғана емес, оқырман ғылыми фантастиканы
оқуы үшін ғылыми жаңалықтардан хабардар қиял əдебиетінің қарапайым оқырманмен қатар,
ғалымдар үшін де қажеттілігін байқатты. Автор қазақ фантастикасының жай-күйіне,
қалыптасуы мен бүгінгі фантаст жазушылардың шығармаларына зерттеу жүргізді. Сөз
өнерiнiң 1991-2001 жылдардағы тəуелсiз даму жолын зерттеуге арналған «Қазақ əдебиеті
тарихының» 10-ыншы томында [4] фантастикатанушы А.Мархабаевтың қазақ əдебиетіндегі
осы жанрдың кезең-кезеңдерімен қарастырып, əр дəуірде туындаған шығармаларға талдау
жасай келе «ғарышқа ұшырады, планетамызда тiршiлiк атаулының пайда болу себептерiн,
қазiргi ғылым құлақ қақпай мойындап отырған, космоспен байланысты деген идеяның кiлтiн
табуға кейiпкерлерiн итермелейдi, осындай ғылыми-фантастикалық идея робот-
қаһармандардың пiкiр таластары мен iзденiстерi, шытырман детективтi оқиғалар арқылы
айшықталып» отыратындығын айтады. Фантастика жанрының екiншi дəуiрiнде байқалған
бiр тенденция – осы жанрда қалам тартушылардың iшiнде iргелi (М.Əуезов айтқандай –
“дəлшiл”)
ғылым
мамандарының
жиi
көрiнуiнде
екендігін
қарастырады.
Фантастикатанушының шығармаларын белгілі ғалымдар Е.В.Лизунова, А.Машанов өте
жоғары бағалаған. «Қолыңды əкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін жəне…»
(1978), «Қазақ фантастикалық əдебиеті» (1998), «Қызық қиял», «Қазақ фантастикасының
поэтикасы» атты монографияларын жеке дара зерттеуге тұрарлық дүниелер екені қазіргі
уақытта дау тудырмайтын пікір.
7
КСРО Жазушылар одағына Қазақстан бойынша алғашқы болып фантаст-жазушы ретінде
мүшелікке қабылданды. Осы жанрға қалам тартқаны да физикадан «4» алғанның арқасы
сияқты еді.
Ал қиялгердің шығармаларына келер болсақ, «Ғарыштағы қымыз», «Арал
əуендері», «Сен кінəлісің, Шолпан планетасы», «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді»
«Жерұйыққа саяхат», «Қиялар қисындары» жəне т.б. шығармаларының өзі бір бөлек зерттеу
болары сөзсіз. Ғалым-фантаст туындыларында жақсылықты, кемел келешекті, жарқын
жобалықты ғылыми негізде көрсетуге тырысады. Яғни оптимистік бағытты ұстанатынын
байқаймыз. Əлем құбылысының əлі де таралмаған өрісі кең. Сонымен қатар, ғарыш
серіктерін өмір шындығына жақындатып, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстарды байқауға
болады. Сыншы Зейнолла Серікқалиұлы айтқандай: «...Фантаст жазушылардың
шығармаларындағы ізденіс өрісі де қазақ фантастикасының болашағынан зор үміт
күттіреді...» Бейнелеу сөздерінің қолданысы, бояу айшықтары, адам баласының арман-
үмітін, əлем мен адам арасындағы байланысты, жерден тыс обьектілердің берілуі –
жазушының шеберлік сипатын көрсетеді. Табиғаттың небір тылсым құбылыстарын бағалап,
жаратылыстану ғылымының зерттеушілері сияқты математика, физика, ботаниканы
шығармасына арқау еткен іспетті.
Фантастика жанрының тарихы мен теориясын салалап, cараптаушы, көшін бастаушы А.
Мархабаев туралы «Қазақ əдебиеттану шаруашылығы хақында əңгіме қозғалса, əдетте,
жанрдың əлі де жастығы ауызға алынады. Бұл аса дəл дəйектеу емес, оның туу жəне жасаң
дəуірлері баяғыда артта қалған. Қазірде ол жан-жақты дамып, өрістеу жəне шарықтау
процесін бaстан кешіруде. Бұл жағдайды А.Мархабаев фантастика жанрын зерттеуде де
растап берді”-деген өз уақытында академик З. Қабдолов. [5]
Автордың айтпағы да оқырмандарға түсінікті еді. Адам баласының санасы жете қоймас
дүниелерге қалам тартқан фантаст-жазушы ғылыми тілмен де, əдеби тілмен де көпшілік
қауымға жеткізіп отырды.
Академик Серік Қирабаев: «...мұның өзін де көркем əдебиет əлемінде шығармашылық
үдеріс заңдылығының сапалық жаңа бағыт-векторы деп қабылдаған дұрыс болар...»-дейді.
Жүгі ауыр жанр – ғылыми фантастикаға қалам тартқан Абдул-Хамид Мархабаев шығар-
малары қазақ əдебиетінің дамуына өз үлкен үлесін қосқан деп білеміз. Ғылыми фантастикаға
қалам тартуымен қатар, қазақ əдебиеттану тарихында тұңғыш ғалым-фантастикатанытушы
деп танимыз жəне де Абдул-Хамит Мархабаев ағамыз, отбасы, сүйікті жары, қолдаушысы,
аялы досым Магрифа Сазанбайқызы қашанда өмірдің биік шыңында жүрсін деп тілейміз, əлі
де болса заманауи қиялгерден тұңғиық терең шығармаларын күтеріміз хақ.
…………………………..
1.
Серік Қирабаев. //Қазақ əдебиеті, 2010, №42, 8б
2.
Алмагүл Əлиқызы.// Қазақстан мұғалімі 24 маусым, 1998ж, 12б
3.
Абдул-Хамид Мархабаев.// Қазақ əдебиеті, 2010, №18/19
4.
«Қазақ əдебиеті тарихы», 2010ж, 10-том.
5.
З.Қабдолов. //Қазақ университеті, 2013ж, №13
Медеубекұлы
С.
Баспа ісі жəне дизайн кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
Достарыңызбен бөлісу: |