Болашақ журналистикатанушы ірі ғалым, танымал фантаст-жазушы Абдул-Хамид
Файзолаұлы Мархабаев, Қасым ақын соқпағына салсақ, «Арпалыс ала құйын заманалар //
Арбасып тұрып алды, мен не етемін» жылдарында мына дүниеге келді. Қабағынан қар
жауған 1938-де. Əкесі екінші дүниежүзілік соғыс майданында қаза тапты.
Ғылым мен шығармашылық тізгінін қатар ұстаған санаткер тұлғасын жекебастық емес,
қоғамдық, əлеуметтік, мəдени контексте қарастырсақ, Əбекең – аса шырайлы да шұрайлы
жан. Көзіміз көріп жүр, ол осы күнге шейін ең алдымен қазақ ұлтының шекесін қыздыру
үшін жанын салуда. Тек сонан кейін барып Кіші жүз, одан кейін барып Əлім, одан кейін
барып Жақайым, одан кейін барып Көлімбеттті қадір тұтады. Əрдайым «У ішсең –
руыңмен» емес, «У ішсең – ұлтыңмен» принципін ұстанады. Сондай кең де салауатты
пайымын сезгеннен соң, аңғарғаннан кейін ұстаз қасынан Торғайдың да, Өскеменнің де,
Оралдың да, Шымкенттің де жігіттері екі елі қалмайтын. Мен де біраз уақыт, дəлірек
айтқанда, бұдан бір ғасыр бұрын – 1968 жылдың қазан айынан бастап ішінде ақ пен қызыл
майдандасқан, айы-күні жеткен келіншектей қарны жер сызған қоңыр портфелін көтеріп
бірқанша жүргенімнің өзі өмірлік өнеге емес пе.
Аға оқытушы кезінде «Орыс журналистикасының тарихы» пəннінен өткізген дəрістері
мен семинарлық сабақтары бізге А.Н. Радищев, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.Г.
Чернышевский, М.Н. Катков, А.Н. Греч, Ф.В. Булгарин, Н.И. Надеждин, О.Ф. Миллер, И.А.
Тауберт, А.И. Герцен, М.М. Басов, Н.И. Новиков творчествосы туралы мол дерек берді. Осы
ретте 1973 жылы профессор А.В. Западовтың редакциясымен шыққан «История русской
журналистики ХҮІІІ-ХІХ веков» оқу құралына жүгінер болсақ, сол шығармада мынадай
жолдар ұшырасады: «Бескорыстная помощь народу, оказанная Новиковым, была сочтена
правительством особо опасным действием. При первых известиях о Французской
буржуазной революции 1789 г. надзор за Новиковым усилился. После истечения
десятилетнего срока договор на аренду университетской типографии с ним не был продлен.
Новый московский главнокомандующий князь Прозоровский получил от Екатерины II
инструкции строго наблюдать за «известной шайкой» и поспешил уведомить императрицу
об опасностях распространенной в Москве, «мартинистской заразы» (мартинизм –
религиозно-мистическое учение, распространенное среди масонов в ХҮІІІ в., основателем
которого является Мартинес Паскалис. Члены этой секты считали себя визионерами, т. e.,
способными иметь сверхъестественный потенциал. – К. К.).
Весной 1792 г. у Новикова был произведен обыск, его арестовали в имении и под конвоем
команды гусар доставили в Москву, а затем тайно перевезли в Шлиссельбургскую крепость.
Допрашивал Новикова сыщик и палач Шешковский, применяя пытку. Императрица читала
протоколы допросов и руководила следствием. Новиков был объявлен «государственным
преступником», организатором заговора против правительства, руководителем тайного
общества, опасного для православной религии, агентом иностранных держав, издателем
«развращенных книг». И хоть все обвинения эти ничем не подтверждались, Новикова
приговорили к смертной казни, замененной пятнадцатилетним заключением в
14
Шлиссельбурге. Его огромное издательское предприятие было разрушено, тысячи книг
сожжены, все имущество компании пущено с молотка» (История русской журналистики
ХҮІІІ-ХІХ веков. – М.: Высшая школа, 1973.).
Орыс империялық журналистикасы тарихынан алған əлгіндей байыпты білімім өзімнің
«Е.П. Михаэлистің «Семипалатинские областные ведомости» газетіндегі журналистік
қызметі» атты кандидаттық диссертацияма идеялық-танымдық һəм əдістемелік жарығын
түсірді.
Оның қазақ фантастикасы, футурологиялық журналистикасы терминологиясына қосқан
үлесі де айта қаларлықтай. Əсіресе «қисынгер» . – «теоретик», «қиялгер» – «фантаст»
баламалары маған қатты ұнайды.
Құрметті оқырман қауым. Мен Абай еліне суыт та ұзақ үш рет ат басын тіреген едім.
Семейден Қаруылға бара жатқан күре жолдың айналасында, көз жетер жерде жайқалған дала
да, желкілдеген ағаш та көзге шалынбайды. «Абай жолындағы» керемет пейзажды да байқай
алмайсыз. Қызылдорда өңірінде де бірнеше мəрте болғаным бар. Қаңсыған Аралды, шаң мен
құм бораған даланы көрдім. Климатологтар, жер сырын жыға танитын ғалымдар мен
экологтар бұл құбылыстың сырын өздерінше сөйлетер. Ал, меніңше, бұның сыры мынау
шығар: əр өлке, əр аймақ өз энергетикасын, бойындағы қаны мен қанығын өздерінің үміт
артар перзентеріне сарқа беріп тастайды. Семей сақарасы өзінің бары мен нəрін Ақтамберді,
Дулат Бабатайұлы, Абай, Əріп, Шаһкəрім, Мұхтар Əуезов, Төлеужан Ысмайылов, Рымғали
Нұрғалиев, Мұхтар Мағауин сынды ұлдарының бойына дарытса, Қызылорда, Арал бойы
өзінің шері мен мұңын, бұрқ-сарқын, дауылы мен дүбірін, көркі мен кесектігін Кердері,
Тұрмағамбет, Кете Жүсіп, Нұрмағамбет Қосжанұлы, Қалмахан Əбдіқадыров, Асқар
Тоқмағамбетов, Əбділда Тəжібаев, Əдіжəміл Нұрпейісов, Қалтай Мұқамеджанов, Зейнолла
Шүкіров, Дүкенбай Досжанов, Абдул-Хамид Мархабаев, Тынымбай Нұрмағамбетов, Мырзан
Кенжебай сынды тұлғаларының санасына сіңірсе – оның несі айып?
Баршамыздың ұстазымыз Əбекең кесек турайтын тұлға. Ірілігін сөзі де ісі де айтып
тұрады. Ол – Қ.Н. Бекхожиннің, Т.С. Амандосовтың, Т.Қ. Қожакеевтің, З.Т. Тұрарбековтің,
Ш.Р. Елеукеновтің тікелей ізбасары, бүгінгі күннің беделді теоретигі əрі практигі.
Тынымсыз ізденетін ғалымның қазақ фантастикасының эволюцисына арналған қос томдық
«Фантастика негіздері», «Қазақ фантастикалық əдебиеті», «Қиялгер қисындары» атты
сараптамалық еңбектері – гуманитарлық салаға да, техникалық салаға да қажет аса құнды
зерттеулер. Өзіміздің студент кезімізде қазіргі Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы орын
тепкен акт залында оның тақырыбы соны кандидаттық диссертацияның табысты қорғалуына
куə болғаным бар. Ұстаз көкжиегінің кең екендігіне сол заманда-ақ көзім жеткендей еді.
Бертінгі жылдары докторлық диссертациясының қорғалуына да тілектестік білдіргенбіз.
Карл Маркс өз қызы Эленораның анкеталық сұрағына: «Адамаға тəн нəрсе маған да жат
емес», - деп жауап беріп, өз басын жаратқан иемізге тете қояды. Журналистиканың, көркем
əдебиеттің жанры – фантастика да болашақты жобалауды, ғалам мен адам перспективасын
бағдарлауды пір тұтады. Футурологияны, тірішілік инновациясын, сана өркендеуін
тақырыбына талшық етеді. Яғни келешекті жобалауға белсене ат салысады.
Сондай татымды болашақты, қазақ əлеуметі Батыстан келген кірме концепция –
мультимəдениетпен бе, əлде өзімізге аса жақын түркі əлемімен жарастыру керек пе – осы
күрделі сауал Əбекеңнің құрдасы, пікірлесі, өмір бойы орыс тілінде ой өрбіткен Марат
Кəрібайұлы Барманқұловты да қатты толғандырған. Сондықтан болар, ол өзінің «Хан
Иван», «Золотая баба», «Тюркская вселенная», «Хрустальные мечты тюрков о квадронации»,
«Наследники белого лебедя» зерттеу еңбектерінде Шығыс менталитетін, түркі ғылыми-
шығармашылық еңсесін көтеріңкі көрсетеді. Айтқандайын, филология ғылымдарының
докторы, профессор Марат Кəрібайұлы ағамызға Əбекең «Завгар» деп ат қойғаны əлі
есімізде. Кезінде журналистика факультетінде өнімді жұмыс істеген 6 кафедраның бірі –
доктор М.К. Барманқұлов басқаратын тележурналистика кафедрасының дені əйел заты екен.
Сол себептен Мəкеңді «Заведущий гаремом» деп мысқылдай атауы заңды сияқты.
15
Еліне-жұртына, ғылымға, жас ұрпақтың есеюіне шынайы жаны ашыған таза адамдардың
ойы мен пікірі осылайша бір жерден шығып жатады. Мейлі, ұлттық деңгейде, мейлі, əлемдік
айналымда болсын. Осы санатта əлемдік фантастика шеберлері бірсыпырасының
айтқандарын мысалға келтіре кетейін:
Жюль Верн: «Придет время, когда наука опередит фантазию». «Миру нужны новые
люди, а не новые континенты». «Лучше тигр на равнине, чем змея в высокой траве» (Абай
мен М. Горький пікірлерімен сабақтас).
Герберт Уэллс: «История человечества в основном – история идей».
Карел Чапек: «В редакции: «Тут вот сообщение, что найдено средство против бубонной
чумы. Вы не знаете – наша партия за чуму или против?» «За всю неделю ни одной мировой
катастрофы! Для чего же я покупаю газеты?». «Журналисты несколько схожи с Данаевыми
дочерьми, которых боги приговорили наполнять водой бездонную бочку». «Законное
правительство – то, у которого превосходство в артиллерии». «О воле народа обычно
говорят те, кто ему приказывает».
Айзек Азимов: «Пытаюсь ли я найти Бога? Бог умнее меня. Пусть попробует найти меня
сам». «Бюрократия разрастается, чтобы поспеть за потребностями разрастающейся
бюрократии». «Если врач скажет, что мне осталось жить пять минут, я не буду рвать на себе
волосы. Просто я стану печатать на машинке немного быстрее». «Замечательное чувство –
знать, что ты сам строишь мир». «Каждый волен верить, во что он хочет. Я только против
того, чтобы заставлять всех верить во что-то одно».
Қарап отырсаңыз, бұл арада фантастика мен əлеуметтік реализм бітеқайнасып жатыр.
Əбекеңнің де «Арал əуендері». «Қолыңды əкел, келешек», «Жұлдыздар жарығы жерге
жетеді», «Шортан планетасы, сен кінəлісің», «Ғарыштағы қымыз», «Тосын ғарышхат»
сияқты қиялгерлік шығармаларында Ғарыш, Жер мен Көк проблемалары бір-бірімен
материалдық жағынан да, рухани жағынан да қабаттаса қаланады.
Баршаңызға белгілі, біздің мемлекетте мəртебелі, бесаспап, креативті жобалар толып
жатыр. Тəуелсіздік алғаннан бері оның қаншамасы дүниеге келіп-кетті. Соның ресми біреуісі
туралы Əбекең: «Мынаның авторы менен де өткен фантаст екен». – деп елді ду күлдіргені
бар. Ұлы Абай да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, // Қорқамын кейінгі өскен
жас баладан», - деп, келер ұрпаққа дүдамалдана қараған. Данышпан Абай бұл арада, жас
ұрпақтың жетіскендігіне емес, надандығынан секем алған, сескенген. Орыстың керемет
ақыны, дипломаты Федор Иванович Тютчев «Когда дряхлеющие силы...» деген өлеңінде бұл
мəселеге басқаша рең береді:
Когда дряхлеющие силы
Нам начинают изменять
И мы должны, как старожилы,
Пришельцам новым место дать, -
Спаси тогда нас, добрый гений,
От малодушных укоризн,
От клеветы, от озлоблений
На изменяющую жизнь;
От чувства затаенной злости
На обновляющийся мир,
Где новые садятся гости
За уготованный им пир;
От желчи горького сознанья,
Что нас поток уж не несет
И что другие есть призванья,
Другие вызваны вперед;
16
Ото всего, что тем задорней,
Чем глубже крылось с давних пор, -
И старческой любви позорней
Сварливый старческий задор.
Бұл жалғанда мұнтаз да мінсіз бұйым жоқ. Бəріміз де – пендеміз. Жетілеміз, жетілдіреміз.
Əлеумет ілгерілеуі, қоғамдық сана дамуы үшін келер ұрпақтың тоқмейілсіген, қошаметшіл,
мадақшыл журналистикадан арылғаны абзал. Біздер, профессор А.Х. Мархабаевтың өнегелік
мектебінен өткен шəкірттері, сана ұтқырлығы мен ұмтылысын формальды реформамен, мəзі
кемшін методикалық экспериментпен емес, нақты, айқын, ұлтқа жағымды кемел
инновациямен, үміт үдерістерімен шендестіреміз.
Мен өзімнің осы қысқаша лебізімде доктор А. Ф. Мархабаевтың тек бірен-саран қырына
ғана тоқталып кеттім. Асыра айтқан, көпіріп кеткен жерім болса, қалың оқырман кешірер,
орта түскен, құлақ күйін келтіре алмаған тұсым болса, үйдегі Мағрифа жеңгеміз кешіре
жатар. Бірақ осы пікірлерімнің барлығы риясыз шəкірттік, əріптестік көңілден шығып отыр.
Соған сеніңіз, қадірлі Əбеке.
Кенжеғұлова
Н.С.,
ф.ғ.к., Халықаралық бизнес университетінің доценті
АБДУЛ-ХАМИД МАРХАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ЗАМАНАУИ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР
Абдул-Хамид Мархабаев Қазақ əдебиетінің тарихындағы «фантастика» жанрында қалам
тербеген жазушылардың қатарындағы ерекше, қайталанбас тұлға деп айтсақ артық
болмайды. Себебі жазушы ретінде Хамаң «фантастика» жанрының нағыз патриоты. Автор
ретінде де, зерттеуші ретінде де бұл ерекше де сирек жанрға əбден еңбегі сіңген адам.
Тіпті докторлық диссертациясын қорғап тұрып өзінің айтқан күлдіргі уəжі де осы
пікірімізге дəлел бола алады: «Басқа нəрсені өзгертсем де фантастикаға деген махаббатымды
ешқашанда өзгертпеймін...» - деді ол күліп тұрып.
Фантастиканы басқа əдеби жанрлардың ішінде ерекше деп толық,ауыз толтырып,
сипаттауға болады. Себебі ол жанрдағы шығармалар əдеби тілмен жазылып, образдар мен
символика жүйесінде құрылып, ғылымның ең соңғы жаңалықтарын насихаттап, қалыпты
ойлау шеңберінен тыс шығып, болашақты болжау-футурология ғылымымен астасып, ерекше
бір симбиозды құрайды. Бұл жанрды көптеген зерттеушілер «болашақтың əдебиеті» деп
бекер айтпаған.Осындай жанрдың «егінінде» қырық жылдан астам тер төгіп, еңбектеніп
жүрген адамды шынында да тегін адам емес –ерекше, қайталанбас жан деп айта аламыз.
Егерде біз атақты ғалым, бірнеше фантастика жанрында жазылған кітаптардың авторы,
профессор – Ақжан Машановты – «қазақ фантастикасының атасы» десек, Абдул-Хамид
Мархабаевты қазақ фантастикасының əкесі, бапкері, жанашыры, қолдаушысы, тіпті Пірі
деп айтар едік...
Өзінің алғашқы, сонау 1959 жылдардан бері жарық көре бастаған ғылыми фантастика
жанрындағы шығармаларында көтерген заманауи мəселелердің тақырыптары əр қилы да
ұшан-теңіз деп айтуға əбден болады. 1972 жылы жарық көрген «Ғарыштағы қымыз» атты
тұңғыш жинағынан бастап басқа да «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997 ж.), «Аспанға
құлады да кетті...» (1997 ж.) ұлтымыздың рухани өзегін сақтау проблемалары, төл
мəдениетіміздің құндылықтарын дəріптеп, төгіп-шашпай, ыдыратпай болашақ ұрпақтарға
жеткізу мəселелерін көтеріп, жас жеткіншектің санасына құюға тырысты. Жəне де бұл
идеялар кітап болып шығу алдында жастардың басылымы «Білім жəне еңбек» журналының
тұғырынан айтылып отырды. Себебі Хамаң көп жылдар бойы осы басылымның əдеби
қызметкері (1964-1967 ж.ж.), кейінірек Бас редакторы қызметін атқарды (1976- 1985 ж.ж.).
17
1980 жылы жарық көрген «Арал əуендері» атты кітабында заманауи ең өзекті
экология мəселесі – Арал теңізін сақтап қалу проблемасы, ізденімпаз, зерделі балалардың
қызықты да тартымды іс-əрекеттері арқылы берілген. Өзі де Арал жағасында дүниеге
келіп, қасиетті Сыр өлкесінің перзенті болғандықтан, бүкіл адамзатты алаңдатып отырған,
қадым заманнан ежелгі тарихымыздың күəгері–Аралдың тағдыры оны бей-жай қалдыра
алмады.
Сонымен қатар, «фантастика» жанрына қалам тартып жүрген бүкіл жазушылардың
заманауи мəселелерінің бірі – алыс, ғарыштағы жұлдыздар жүйелерінде орналасқан
ғаламшарларды мекендеген саналы тіршілік иелерімен алғашқы жүздесу, кездесу,
хабарласу мəселесі Хамаңның шығармаларында көтерілді. Бұл «Аспанға құлады да кетті»
(1997 ж.), «Жарылқаушы» (1998 ж.), «Тосын ғарышхат» (1998 ж.). Қиын-қыстау жағдайларда
да, Өлім мен Өмір арбасқан сын сағаттарда да адамгершілікті сақтап қалу, имандылық,
парасаттылық мəселелері, ғылым мен техника дамыған жағдайларда адамзат
құндылықтарын жоғары қойып, халқымыздың салт-дəстүрін аялауды ту қылып көтеру
мəселесі «Шортан планетасы, сен кінəлісің!» (2008 ж), «Қызық қиял»(2008 ж.) жазушының
назарынан тыс қалмаған.
Абдул-Хамид Мархабаевтың кейбір шығармалары қазіргі ТМД елдерінде де жарық
көрді. Мысалы, олар орыс тіліне аударылып Ресейлік оқырмандарға да ұсынылды –
«Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» атты жинағында.Украин
тілінде «Молодь» баспасы украиндық оқырмандарға, молдован тілінде «Литература
артистикэ баспасы» молдовандық оқырмандарға Хамаңның шығармаларын ұсынды.
А-Х. Мархабаев «фантастика» жанрының табиғаты мен ерекшеліктерін айқындайтын
«Фантастикатану» ғылымының негізін салған ғалым. Осы саланы зерттеу арқылы
кандидаттық диссертациясын (1972 ж.), кейіннен докторлық диссертациясын қорғады (2001
ж.) «Қолыңды əкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін жəне...» атты зерттеу
кітабының авторы «1978 ж.», «Қазақ фантастикалық əдебиеті. Жылнамалау, қарастыру,
топтастыру, даралау, қисындау,дəйектеу» (1998 ж.), «Қазақ фантастикасының поэтикасы»
(2008 ж.) атты монографиялары жанрдың сипаттамасын, бүкіл болмысын анықтап, оның
түп-тамырын айқындап тарихта тұңғыш рет ғылыми айналымға еңгізді.
Жазушылығымен, ғылыми зерттеулерімен қатар Абдул-Хамид Мархабаев ұлағатты
ұстаз, көптеген қыялы ұшқыр, қарымды қаламымен бүкіл елімізге танымал журналист-
шəкірттерді тəрбиеледі жəне əлі де тəрбиелеп жатыр...«Ислам – Ғылым – Журналистика»
атты оқулығы ерекше жазылған,ол аса зерделі шəкірттерге арналған еңбек.
Хамаң тек қана атақты жазушы, белгілі ұстаз, ғалым –профессор ғана емес, ол шебер
аудармашы, Оның тəржімалаған шығармалары: əзірбайжан қаламгері Х.Қасылованың
«Жайлы мекен» (1974 ж.), В Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990 ж.),
«Фантастикалық Америка əфсаналары» (2007 ж.).
А-Х. Мархабаевтың фантастикалық шығармашылық саласында да көптеген шəкірттері
баршылық. Оларды Хаман ерінбей-жалықпай баулып, қолдап, қолтықтарынан демеп,
жазушылық шеберлікке бейімдеп, үйретуге тырысты. Хамаңның қолдауының арқасында
70-80-ші жылдары үркердей бір топ жас фантаст-жазушылар еліміздің оқырмандарына
«Білім жəне еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының беттерінде шығармаларымен таныла
бастады. Олар: Раушанбек Бектібаев, Жүніс Сахиев, Нəрбін Кенжеғұлова, Сарманбай
Исақов жəнет.б. Қазір олар бірнеше кітаптың авторы, еліміздің белгілі жазушылары
қатарында Хамаң салған сара жолмен Келешекке беттеп бара жатыр....
Абдул-Хамид Мархабаевтың фантастика жанрының тəуелсіз Қазақ елінің көкжиегінде
əлі де өркендеп дамитынына сенімі зор.
18
Бекболатұлы
Ж.,
ҚазҰУ профессоры., э.ғ.к.
ҚИЯЛГЕР
Уақыт жəне Қаламгер. Марапат пен мадақ сөзінен гөрі фəлсафалық оңаша ойларға
жетелейтін, бірі шексіздікті, бірі-өлшеулі ғұмырды бейнелейтін осынау ұғымдарға бүгінгі
биігімізден көз тастасам, қазақ журналистикасының қазіргі аға буыны самайын өткен
ғасырдың орта тұсынан бастау алған «қырғи-қабақ соғыстың» қиян-кескі шайқастарында
ағартқанын бажайлаймын. Иə, 32-нің қанды қасабын жасап, халқын қынадай қырған
«Отанын» кеудесін оққа төсеп қорғау үшін Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріп, бір кісідей
атқа қонған əкелері сияқты, бұлар да ақиқат пен аярлық, ғаделет пен жалғандық шарпысқан
коммунистік идеологияның мылтықсыз майданына «өздері сұранып», еріктерімен аттанбады
ма? Улы жебелерін ұлттық рухқа аямай жаудыратын советтік журналистика сарбазы болуды
армандаған талай жəудіркөз таңғы асын «Правда» газетін ашудан бастайтын бұларға қызыға
да, қызғана да қараған болар. Ал, қазіргі ұлтжанды жастарға ата жауыңды ет жақын
ағайыннан бетер қадірлеуге, оның тілі мен ділін құрандай қастерлеуге үндегеннен Арқаның
кең даласында ақтылы қой өргізген артық көрінер де, бəлкім...
Сөйтіп, журналист қаламын ұстаған, кемелденген социализмнің бел балалары кеңестік
насихаттық мəшиненің титімдей тетігіне айналып шыға келетін...
Бұл буын идеялар тайталасының күркірі бір тынбайтын алғы шепте əлі де. Жə, бұл
жөнінде қозғалар сөз кейін.
Кеңестік қоғамдық ой тарихында алпысыншы жылдардың алар орыны ерекше. Бұл кезең
«жылымық» деген атпен белгілі. Сталиндік зұлматқа саяси баға беріліп, ел есін жинай
бастаған тұс бұл. Мұның жаңғырығы жетпісінші жылдардың орта тұсына дейін жетті де. Ой
еркіндігінің қауіпті екендігін тым жақсы білетін мекемелер жоғары оқу орындарында
басқаны былай қойғанда коммунизм классиктері Карл Маркс пен Фридрих Энгельс
туындыларының барлығын бірдей көпшілік назарына ұсынған жоқ. Олардың капиталистік
қоғамның жаңа заманға бейімделе алатынын дəлелдеген еңбектері, сондай-ақ ресей
империясы тарихына қатысты зерттеулері жасырын ұсталып, компартия Ахаң мен
Жақаңның, Шəкəрім мен Мағжанның, Жүсіпбектің негізгі шығармаларын жариялауға рұқсат
еткен сексенінші жылдардың соңында ғана мамандандырылған журналдарда басылып
шықты.
Ал, дамыған социализмнің жас қаламгерлері «молда мен байларды қамшымен қойдай
қууға», білімді алаш азаматтарын «ұлтшыл-фашист» деп мансұқтауға үйрететін пролетар
ақын-жазушылар Сəкен мен Сəбиттің «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» шығармаларынан
үлгі алуға тиіс болды. Несін айтайық, үлгі алды да. Интернационализм мен халықтар
достығын жарыса жырлағандардың кеуделері бүгінде есі кірмеген сəбидің өзі тағуға
қымсынатын сөлкебайларға толды.
Бір қызығы, сол «адал лениншіл» ақын-жазушы, қоғамтанушы ғалымдардың барлығы
қазір жадынан жаңылып, шетінен ұлтшыл, иманды пірəдар болып шыға келді емес пе? «Əй,
мұның не, бəтшағар!», деп қатқыл дауыс көтерілмегеннен кейін «екі жеп биге
шыққандарына» мəз болатын шығар мұндарлар. Дегенмен, тарихтың əділ үкімі айтылар сəт
те алыс емес сияқты көрінеді маған.
Өткенге тым қатал көзқарас білдіргеннің «большевиктік турашылдықтан» несі артық
деген де ой келеді. Алайда, Ахаң мен Жақаңды, Əлихан мен Мұстафаны ағаш атқа теріс
мінгізген əдебиетшілер мен тарихшылардың, Желтоқсанның жылтыр көк мұзына
адамшылық алауын жаққан қаршадай бауырларымызды саяси тапсырыс бойынша
күстаналаған жазушы-журналистердің, соңынан ел ереді–ау деген азаматтардың аузын
аңдып, сол еңбегі арқылы лауазымға ие болған «қырағы» жандардың жөні бір бөлек. Олар ең
алдымен Ар алдында жауап беруге тиіс. Бұл-Уақыттың ісі.
19
Енді Қаламгер туралы. Иə, Қаламгер дидарына осыншама ұзақ шегініс жасап барып
үңіліп отырғанымыздың да өзіндік сыры бар. Меніңше, өзіміз куə болған сонау алпысыншы-
тоқсаныншы жылдардағы кеңестік кезең журналистері ішінде «коммунизмдегі
солшылдықтың балалық ауруымен» ауыра қоймаған екі адам болса-соның-бірі, ал жалғыз
болса-тап соның өзі дерлік жазушы-журналист бар арамызда. Ол-белгілі қаламгер, ғалым-
ұстаз Абдул-Хамид Мархабаев!
Сөзім айғақты болу үшін дерек пен дəйекке жүгінейін. 1938 жылы Қызылорда облысы,
Арал ауданы Көкарал аралының Ауан ауылдық мекенінде дүниеге келген Хамаң 1956 жылы
Арал қалалық №13 қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, қалалық сегізжылдық мектепте
пионерлердің аға жетекшісі болып үш жыл үздіксіз жұмыс істеген. Мархабаевтың
идеологтық стажы да - осы үш жыл!
Ал, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде журналистика
бөлімшесін бітіріп шығып, «журналист» мамандығының дипломын иеленгеннен кейінгі
жұмыс орны-ғылыми-көпшілік «Білім жəне еңбек» журналының əдеби қызметкері, бөлім
меңгерушісі, Бас редакторы. «Білім жəне еңбек»-жастар басылымы, ол жалаң идеологиялық
емес, танымдық бағыт ұстанады.
Сол алпысыншы-жетпісінші жылдары қоғамдық ойға белгілі бір шеңберде ғана қозғау
салуға жастар басылымдарына «жоғарыдан» үнсіз келісім берілген-ді. Бұл басылымдардың
таралымы көп болатын, «лимитпен» үлестірілгендіктен қолы жеткен «сенімді адамдар» ғана
оқи алғандығын көзі қарақты жұрт ұмыта қоймаған да болар. Қазақстанның жастар
басылымдары ұлттық, қоғамдық сана мəселелерін көтеруге тырысты. Солардың ішінде
«Білім жəне еңбек» журналы бір бөлек те, қалғандары бір бөлек-тін. Қоғамдық-саяси ой
тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ортақ пікірі осыған саяды.
Ғылыми журналистиканың талай дүлдүлі қалам ұштаған «Білім жəне еңбектің» беделі ел
ішінде орасан болатын. Жетпісінші жылдар. Еңбегі жанған азаматтардың бетіне қан жүгіріп,
шыр біткен шақ. Еті тірілері ат арбадан жеңіл көлікке ауыса бастаған. Алыстан келген сыйлы
мейманға семіз тоқтыны алып ұру екінің бірінің қолынан келуге айналған. Мұрты
жылтыраған ағайын ол кезде қолының майын газет-журналға сүртетін-ді. (Елге бармағалы
көп болғандықтан, қазіргі жұрттың қонақжайлылығы туралы бірдеңе айтудан тартынып
отырғанымды түсінетін шығарсыз). Зəуқайым сапарға шыққан шақтары мейман күткен
үйлерде қол сүртіп жатып көз жүгірткен басылымдардың ішінен «Білім жəне еңбекті»
кездестірмедім. Ауыл белсендісін былай қойғанда, қарапайым шопан, трəктірші үйінің төргі
бөлмесінің терезе жақ бұрышында тігулі жатар еді қайран «Білім жəне еңбек».
Менің қатарластарым «Білім жəне еңбекті» оқи жүріп ержетті. Солардың бірі-əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, белгілі ғалым Мақтағали Бектемісов
екенін өз аузынан естіп, соны оқырманға жеткізуге асығып отырмын.
«Білім жəне еңбек» коммунистік идеологиядан барынша аулақ болуға тырысты.
Ресейлік социализм мұқият ойластырылған жымысқы насихаттың арқасында «кемеліне»
келгені бүгінде əмбеге аян. Дегенмен, көзіқарақты кісілердің өзі коммунистік идеологияны
жалаң ұран, жадағай үгітке балайтынын жасырып қайтеміз. Рас, кеңестік насихат
идеологемалары ұғынуға жеңіл, жедел қорытылатын, империяның əлеуметтік-
экономикалық тұғырын бекітуге тиісті алыпқашпа ұрандардан, аңыздар мен мифтерден
тұрды емес пе. «Солқылдата соғылсын бесжылдықтың балғасы!». Немесе, «Мойнымда
қызыл галстук, мектепке қарай жүгірдім»... Тақылдаған тақпақ, жеңіл жатталады, жеті жасар
сəбидің болсын, жетпістегі кəрияның болсын жадына жер бауырлап жата қалады. «Ұлы
бауырға мың алғыс!»... «Ұланымыз Лениннің!»... Мұның бəрі «мəңгілік бауырды», «күн
көсемді», «советтік менің өз елімді» əспеттеуге бағытталған. Қазір бəрі де көрген түс сияқты.
Сіз «Білім жəне еңбектің» сарғайған беттерін парақтап отырып, мұндай жалаң насихатты
кезіктіре алмайсыз. Бұл, бəлкім, журналға ұзақ жыл Бас редактор болған Мархабаевтың да
позициясы болар. Бұлай дейтінім, журналистік жұмыс пен ғалымдық, ұстаздық қызметтің
терезесін тең ұстап, қатар алып жүрген Хамаңның 1971 жылы филология ғылымдарының
кандидаты дəрежесін алу үшін қорғаған диссертациясы «Қазақ əдебиетіндегі фантастиканың
20
даму жəне қалыптасуы» мəселесіне арналса, докторлық диссертациясының тақырыбы-«Қазақ
əдебиетіндегі фантастика поэтикасы» деп аталады. Ал, фантастика саясаттан жырақта ғой,
жырақта.
Энциклопедиялық анықтамалықтарға жүгінсек, «Абдул–Хамид Мархабаев-қазақ
əдебиетіндегі фантастика жанрының тарихы мен теориясын зерттеуші тұңғыш жəне жалғыз
ғалым. Қазақ ғылыми жəне əлеуметтік фантастика жанрының іргетасын алғашқы
қалаушылардың бірі əрі көркем фантастикалық кітаптардың авторы». Бұл тұжырым
академик Серік Қирабаевтың «...Оның бойында екінің бірінде ұшыраса қоймайтын тағы бір
қасиет бар. Ол-қазақ əдебиетінің тарихында қиялгер-жазушылығы өз алдына, сонымен қатар
тұғыш ғалым-фантастикатанушы деп білемін...» деген жүрекжарды пікірімен қабысып
жатыр. Ал, қылышынан қан тамған кеңес заманының өзінде фантастика теориясы марксизм-
ленинизм классиктерінің еңбектерінен, партия құжаттарынан қозы көш қиыс қонатын.
Қаламгердің « Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан бастап, «Арал əуендері»,
«Балалардың аман қалғанын айт!», «Аспанға құлады да кетті», «Жарылқаушы...», «Тосын
ғарышхат», «Шортан планетасы, сен кінəлісің!», «Қызық қиял» сияқты ондаған көркем
шығармалары жеке кітап болып шыққан. Жеке туындылары «Қызыл сəуле», «Байқоңыр шоқ
жұлдызы», «Оттас», «Жерұйыққа саяхат» жəне басқа бірқатар жинақтарға енген. Фантастика
жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында
«Қолыңды əкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін жəне...», «Қазақ фантастикалық
əдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дəйектеу», «Қазақ
фантастикасының поэтикасы» атты монографиялары, «Ислам-Ғылым-Журналистика»
оқулығы жарық көрген. Байқап отырғандарыңыздай, бұл туындылардың ешқайсысынан
идеологияның иісі де сезілмейді.
Ресей ғалымдары Абдул-Хамид Мархабаевты əлемге мəшһүр Айзек Азимов жəне
Айронфист Свенель, Сергей Абрамов, Агоп Мелконян, Адам Цицервич сияқты фантаст-
жазушылармен қатар қояды, жəне бір қызығы, ресейлік фантаст санайды.
Абдул-Хамид Мархабаев-əдеби процес арнасын кеңейткен көркем ағымның бастауында
тұрған Қаламгер. Бүгінгі санаткер қауым əдеби процесті ілгері жылжыған қоғам ұсынысы
мен сұранысын қалыпқа салып отыратын, замана талабына сай туындыларды өмірге əкелетін
көркем құбылыс ретінде сипаттайды ғой. Енді осы осы процесті саралап, сараптайтын
сыншы ағайынға келсек, сырыққа құрық жалғаған субьективті сарыннан аса алмай ма, əлде
бəлкім, пендешілік жетегінде кете ме, қайдам, қалам қайраткерлерінің шығармашыл
ғұмырбаяндарын осынау обьективті процестен жырақтау қарастыруға тырысатынын
байқауға болады. Тіпті, осы «процесс» ұғымын соңғы кезде тілдік қорымызға қосылған
«үдеріс» атаусөзімен ауыстырсақ та, ахуал өзгермейді. Ал, ақиқатында, фантастика
тұрғысында тілімізге тиек болып отырған осынау «үдерістің» субьективтік сипаты дау
туғызбайды. Бұл «киізді» «білектен» бөлумен барабар дүние. Меніңше, мұндай сəйкессіздік
фантастиканың қиялға қанат бітіретін, оқуға жеңіл əдеби жанр болғаныменен, көлденең кісі
аттың жалы, атанның қомында жөпелдеме пікір айтып, түйін түйе қоятын «оңай олжа»
еместігінен де белең беретін шығар. Сондай-ақ келешек болмысты көркем бейнелеу құралы
ретінде фантастика ғылыми көріпкелдікпен де біте қайнасып жатқандықтан, сыншы қауым
алыстан орағытып, тайсақтауы да мүмкін-ау, деген ой келеді.
Ұстаз бен Шəкірт. Стилист-жазушы, белгілі ғалым Кəкен Қамзин өз ұстазы жайлы былай
деп жазады: «Ғылым мен шығармашылық тізгінін қатар ұстаған санаткер тұлғасын
жекебастық емес, қоғамдық, əлеуметтік, мəдени контексте қарастырсақ, Əбекең – аса
шырайлы да шұрайлы жан. Көзіміз көріп жүр, ол осы күнге шейін ең алдымен қазақ ұлтының
шекесін қыздыру үшін жанын салуда... Əрдайым «У ішсең – руыңмен» емес, «У ішсең –
ұлтыңмен» принципін ұстанады. Сондай кең де салауатты пайымын сезгеннен соң,
аңғарғаннан кейін ұстаз қасынан Торғайдың да, Өскеменнің де, Оралдың да, Шымкеттің де
жігіттері екі елі қалмайтын». Кəкең «мен де біраз уақыт, дəлірек айтқанда, бұдан бір ғасыр
бұрын – 1968 жылдың қазан айынан бастап... айы-күні жеткен келіншектей қарны жер
сызған қоңыр портфелін көтеріп бірқанша жүргенімнің өзі өмірлік өнеге емес пе...» деп
21
жастық шағын сағына еске алып өтеді. Бұл сезім жазушы Қамзиннің ғана көкейінде бұғып
жатпаған болар.
Себебі, Хамаң идеологиядан қаншалық алыс болса, мен білетін жетпісінші жылдардағы өз
шəкірттеріне соншалық жақын -тын.
Қайран Ғафаңның, Ғафу Қайырбековтің тілімен айтқанда, айшылық алыс Алтайдан
Атырауға жедел жеткізе қоятын «өгіз ұшақтар» көзден бұл-бұл ұшқан соң бүгінде ауыл-
аймақтан шығандап шығу қиындап қалды ғой.. Дегенмен, пəнəйі себептермен бірде Тараз,
бірде Астана жəне тағысын тағыларға дəм айдап, жол түскенде, самайы бурыл тартқан
бұрынғы бозбалалар жеңіңнен тартып, «Ағайға «берекесізден», «шалдың баласынан» дұғай
да дұғай сəлем» деп, қоғадай жапырылып жатады. Мұның «берекесізі»-халық ақыны,
астаналық Қонысбай Əбіл, ал «шалдың баласы»-əрі ақын, əрі жырау тараздық Болат
Жаппаров. Сондай-ақ қостанайлық қос қыран–Жəміш пен Жанұзақ.
Алпысыншы жылдарғы «жылымық» өкілдері ұстанған азаматтық көзқарас кейінгі
онжылдықтардың жас буынына осы Хамаңдар арқылы сіңірілді. Сол кездің жас
журналистері Мархабаевқа еліктейтін. Бұл пошымға да, мазмұнға да қатысты. Егер бүгінгі
қазақ сыны Жүніс Сахиев сынды фантаст-жазушының шығармашылығына үңілер болса,
төркінін Хамаңнан іздеуі керек дер едім.
Абдул-Хамид Мархабаев-Өткен мен Бүгінді, Келешекті жалғайтын үш өлшемді кеңістік
өкілі. Оның қалың көпшіліктен өзгешелігі де, артықшылығы да – осында!
Нургожина
Ш .,
д .ф .н ., профессор
Достарыңызбен бөлісу: |