Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
thesis11798


 
ҒЫЛЫМНЫҢ ТЫҢЫНА ТҮРЕН САЛҒАН ТҰЛҒА 
 
«Иə,  бала..?»  «Иə,  бастығым,  қал  қалай?»,  «Орныңызды  жоқтатпай  отырмыз  ғой 
орныңызда...». 
Бүгінгі  таңда  кез  келген  сөзін  əзілмен  бастайтын,  ойы  ұшқыр,  қиялы  қанатты,  қисыны 
қырық қатпарлы жасы жетпістің бесеуінде, ал  көңілі он бестегі ақылды баланың көңіліндей 
таза,    өмірге  құштар,  білуге  ынтық,  айтуға  шебер,  істеуге  іңкəр  абыз  ұстаз  Абдул-Хамид 
Файзоллаұлы  Мархабаевтың  есімін  сарыауыз  балапан  кезімізден  білеміз.  Білетін  себебіміз 


 
үлкенге де, балаға да білім мен еңбектің құпиясын ашатын, əлемдегі ғылыми жаңалықтарды 
қазақы  тілмен  əр  қазақтың  отбасына  ай  сайын  апаратын  «Білім  жəне  еңбек»  журналының 
бетінен   оның аты жөні түспейтін.Білетін себебіміз –  басқа да ақпарат құралдарында жиі-
жиі жарияланып тұратын қиялыңа қуат сыйлап санаңа  серпіліс беретін, ғажайыптар əлемін 
шарлататын  фантастикалық  əңгімелерін  қызыға  оқып  алып,  өзіміз  де  қай-қайдағы 
планеталарды  оймен  шарлап  кететінбіз  де    алақандай  ауылға  сыя  алмай  жүретінбіз.  Бала 
күннен құлағымызға сіңісті болған қиял-ғажайып ертегілердің  кейіпкерлері мен олар бастан 
кешкен оқиғалардай емес, заманы басқа, заңы жат, тұрмысы бөлек, мінезі өзге жат планета 
адамдар парасатына таңданып, таң қалып, іштей тілдесіп, сырласып жүргеніімізді өзііміз де 
білмей  қалатынбыз.Тағы  да    білетін  себебіміз  -студент  атанған  шақтан  оның  аты  жөнін  əр 
студенттің  аузынан  еститінбіз.  Аты  аңызға  айналып  кеткен  осы  бір  адамның    жүзін  бір 
көруге ынтызар болғанымыз да  шындық. Адал арман алдамайды екен, бала күннен аңсаған 
«журналистика»  мамандығы  ақыры  сол  тұлғамен  қазақ  білімі  мен  ғылымының  қара 
шаңырағы  Қазақ ұлттық университетінің киелі босағасында таныстырды, табыстырды. Міне 
сол  адммен  он  алты  жыл  бойы  бір  шаңырақтың  астында,  кейде  əке  мен  баладай,  кейде  аға 
мен інідей, ұлт ұрпағының келешегі үшін тонның ішкі бауындай ұстаздық етіп келеміз. 
Ол кісімен арамызды тұп тура 20 жыл бөліп тұр. Менің жасым үлкен деп шалқайғанын 
көрмедік,  менің  қызметім  төмен  деп  еңкейгенін  көрмедік.  «Шалқайғанға  шалқай,  ол 
құдайдың  ұлы  емес,  еңкейгенге  еңкей  ол    адамның  құлы  »мес"  деген  халық  мəтелі  оның  
бойна  ата  қаны,  ана  сүтімен  сіңіп  қалған  сірə.  Қашан  көрсең  де  еңсеін  тік  ұстап,  шалқақ 
денесінің  асқақ  қалпын  төмендетпей  қарсы  алдындағыға  қасқая  қарап  тура  жүретін  Абдул-
Хамид  Мархабаев  тралы  білгенімізден  білмегеніміз  көп  əлі.  БІз  оның  өмірбаянымен  ғана 
там-тұм таныспыз.. Ал өнербаянын, ғылыми өресін əлі зерттеген жоқпыз. Оған Ағамыздың 
қиялынан да жүйрік қиял, ғаламды барлай алатын ақыл кеңдігі , парасатын пайымдай алатын 
таным тереңдігі керек.  
Өмірбаян демекші, қадірлі хамаң өз сөзімен айтсақ, , Арал теңізінің, қайран Қалағаңның 
(ұлы  драматург  Мұхамеджанов)  сүйікті  сөз-мақалы  –  «жыланның  тіліндей»  Көкаралдың 
батыс шекесіндегі Ауан ауылында Жюль Верннен, 110 жыл «кешігіп» дүниеге келген. Əкесі 
Файзулланы  Мыңжылдық  Рейхтың  фашистерін  «баудай  түсіруге»  майданға  алып  кетеді. 
Содан, əрине, аман оралған жоқ.  
Оның  есесіне  аналары  Сұлтан  қызы  Сəби  шаңырақ  иесінің  жоқтығын  білдірмеді. 
Күйеуінің  орнын  басып,  нанбайшы  болып  қалған  ана  соғыстың  соңғы  жəне  одан  кейінгі 
жылдары  ауылдың  жұртшылығының  жасы  кішісіне  –  «Сəби  апа»,  үлкеніне  «Сары  кемпір» 
атанды.  Өзі  «он  бір  жылдық»  мектепті  екі  түрлі  «стильмен»  бітірген.  Оны  Хамаң  «Рахат 
Бисенбинге дейінгі» жəне «Рахат Бисенбиннен кейінгі» дəуірлер деп бөледі. 
Ал,  біздің  кейіпкерге  əсіресе,  «Қазақстан  пионерінде»  «Демалыс  сағатында»  деген 
айдармен соңғы беттеріне басылатын кроссворд, чайнвордтар ұнайтын. Ол кісі ұлы Мұхтар 
Əуезовтің  алдын  көрді,  Ақжан  Машановтан  тəлім  алды,  Бейсенбай  Кенжебаевтардан  үлгі 
тұтты.  Қайыржан  Бекхожиндерден  дəріс  тыңдады.  Тауман  Амандосов,  Темірбек  Қожакеев, 
Белгібай  Шалабаев,  Марат  Барманқұлов  секілді  ұстаздар  тағылымын  көрді,  ,  Əбілфайыз 
Ыдырысов,  Шерияздан  Елеукенов  Намазалы  Омашевтардың  əріптестік  əсерін  сезінді. 
Осындай  тұлғалардың    тағылымы  санасына  орныққан,    жүрегіне  сіңісті  болған  Хамаң  өз 
ортасында оза шапқандардың алдыңғы қатарында болды. Өйткені,шабысы мүлдем бөлек еді. 
Бөлек  болатыны  -  оның  бəйгесінің  түрі  басқа.  ОЛ  -фантастика  еді.  Математика,  физика, 
химия, астрономия секілді іргелі ғылымдарды ерекше жақсы көргендіктен де оның  танымы 
мен түйсігі, ойлау машығы басқаша қалыптасть. Сондықтан да ол «Ғарыштағы қымыз» деп 
аталатын  алғашқы  фантастикалық  əңгімелерінен  бастап  фантаст-жазушы    деген  атқа  ие 
болды да тек осы саланың жілігін шағып, майын ішкен бірден бір əрі тұңғыш бірегей маман-
майталман ретінде биікке көтерілді.  
Шындығында,  қазақ  фантастикасының  туу  қалыптасу  жəне  даму    сатыларын  алғаш 
ғылыми  негізде  зерттеп  хатқа  түсіріп,  тасқа  басқан  ғалым  ретінде  Абдул  Хамид 
Мархабаевтың есімі тарих бетіне тайға таңба басқандай анық  та айшықты жазылды.  Қазақ 


 
фатастикасы «жазба əдебиеті келген соң, оның үстіне кеңестік  сана сара жол салып берген 
соң ғана дүниеге келді» деген бір жақты қасаң пікір, қате тұжырымды А.-Х.Мархабаев жоққа 
шығарып, қазақ фантастикасының тамыры көне дəуірлерден бастау  алатынын, оның мəуелі 
бағы  қазақ  фольклорында  жатқандығын,  ауызша  əдебиет  нұсқаларында  кең  көрінетінін 
дəлелдеді. Сол тарихи тамыры тереңде жатқан қазақ фантастикасының даму жолында қандай 
кезеңдерден өткенін де ғылыми таным тұғырынан барлап зерттеп, зерделеп берді.  
Ауызша  əдебиет  дегенде,  Асанқайғы  мен  Махамбеттерден  бері  өтіп  Жамбылдың 
жырларындағы  қиял  қисындарының  көркем  кестесін  айқындап  алып  солардың  енді  жазба 
əдебиетіндегі  жалғасын  Абай,  Ыбырай    шығармаларынан  бері  қарай  Мұхтар  Əуезов, 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Сəбит  Донентаев,  Сəбит  Мұқанов,  Ілияс  Жансүгіров,  Сəкен 
Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин    Саттар  Ерубаев  туындыларынан  дəл  тауып,  олардан  серпін 
алған шығармашылық ізденістер кейінгі буындар жаратындыларында  одан əрі өркендегенін 
ғылыми  теориялық  тезге  салып  саралайды.  А.  Машанов,  М.  Сəрсекеев,  Сыздықов,  Т. 
Сұлтанбеков, Ш. Əлімбаев, Т. Сүлейменов, Б. Ырысбеков, Т. Шаханов.. Ш. Əбдіраманов, С. 
Қышқашев,  З.  Сақиев,    т.б.  қиялгер  жазушылармен  толыса  келе    бүгінгі  күнге  сабақтасқан 
қазақ фантастикасын тұңғыш рет ғылыми-теориялық айналымға қосады.  
Фантастика  даму  жолында  ішкі  сипаттары  жəне  сыртқы  тұрпаттарына  қарай  əдеби-
көркем фантастика, ғылыми фантастика, əлеуметтік фантастика, экономикалық фантастика, 
бері  келе  фентези  болып  бөлшектеніп  кете  беретінін    нақты  мысалдармен    дəлелдейді. 
Əсіресе  ғылыми    фантасика  мен  əлеуметтік  фантастиканың  қазақ  əдебиетінде  ерекше  даму 
сатысына  көтерілгенін  айқындайтын        теориялық    ғылыми  тұжырымдар  жасайды.  Қазақ 
фантастикасын  жалаңқат  өз  тоны,  өз  шекпенімен  шектеп  сарапқа  салмайды  ғалым,  ұлттық 
əдебиеттегі  қияли  қисындардың    көркемдік  жүйесін  əлемдік  əдебиетте  бар  фантастикалық 
таным  көкжиегіне  көз  сала  отырып,  тарихи  типологиялық  салыстырулар  арқылы  
ұқсастықтар  мен  ерекшеліктерді  екшейді.  Ол  Пушкинның  қиялы  орыс  ертегілерінен  нəр 
алғандығын, Г.-Х. Андерсеннің  қиялы дат ертегілерінен, Ш. Перроның фантазиясы француз 
ертегілерінен  бастау  алғандығын,  Ф.Крейцвальдың  ойының  ұшқыр  болатыны  эстон 
ертегілерінен  сусындағындығынан  екендігін,  латыш  халық  ертегілері  А.  Пумпурды 
шабыттандырғанын  дəйекті  түрде  дəлелдей  келе,  солардың  да  фантастикасының  негізі 
фольклордан  тамыр  алғандығын  айта  келіп,  қиял-ғажайып  қисындардың,    ұғым- 
түсініктердің  сабақтаса,  жалғаса  келе  ғылыми  тұжырымдар  мен  қорытындылардың  тууына 
себеп  болғандығын  дəлелдейді.  Тіпті  кей  тұста  кейбір  əлем  фантастарының    қисындары  
қазақ  ертегілеріндегі  сарындармен  сабақтасып  жататындығын      меңзеп  кетеді.  Бұл  əсіресе 
көзге бадырайта көрсетілмесе  де ой қисынымен орынды айта кететін тұста анық байқалады. 
Қазақ  ертегілерінде  айтылған  «Ұшар  ханның баласы»    «бір  өнерпаздан  аспанға  ұшу  өнерін 
үйренеді»  деген  бір  ғана  сөйлемнің  ар  жағына  үңіле  қарасаңыз  бұл  елде  сыртқы  күштің 
көмегінсіз аспанға ұшу өнерінің дəстүрі барын аңғарасыз. Өйткені бұл елде бір өнерпаздың  
келесі    өнерпазға  үйрету  əдебі  мен  əдеті  орныққан.  «Өзі  ұшатын  адам»  идеясы    Александр 
Гринде  қайталанады.  Ол  «адам    баласы  машинасыз  өзі  ұшатын  болады»  деп  айналасын 
сендіруге  ұмтылады.  Оның  бұл    ойын  В.  Ветров  қуаттайды.  Кирил  Андреев  Бредберидің 
Питер Пен деген кейіпкерінің ұша алатындығын таңдана  ауызға алады. Александр Беляевтің 
Ариэль  деген  кейіпкері  де  баяғы  қазақ  ертегісініндегі  Ұшар  хан  секілді  өз  бетімен  ұша 
береді. Мұндай ұқсастық, шендестік, қатарластық сипат «адамзат санасы  жетілуінің белгілі 
бір  кезеңінде  бола  беретін  құбылыс»  дегенді  мойындасаң  да    «біреу  біреуден  үйренді», 
«біреуден біреуге ауысты»  дегенді де жоққа шығаруға болмайды. Мархабаев өз зерттеуінде 
осыған  сыпайы  ғана  көңіл  аудара  кетеді.    Демек  Мархабаеатың  өз  ұлтын  құлай  сүйген 
санасы  қазақ  деген  халықты  ешбір  ұлттан  кем  көрмейді,  керек  десеңіз  кей  тұста  өз 
фантазиясының  жүйріктігі  арқылы  озып  кеткен    тұстарын  нақты  мысалдармен  дəлелдегісі 
келеді.  Тайбурылдың шабысы, космос кемесінің ұшуымен бара бар, Шалқұйрықтың шапқан 
салмағына  шыдамай  қара  жер  қақ  айырылады.  Тайбуырыл  да  сөйлейді,  Шалқұйрық  та 
сөйледі.  Қазақ  тұлпарында    қанат  бар.  Суытқанда  бірін  сүтке,  бірін  суға  малып  суытады. 

10 
 
Ағаш  ат-  қазіргі  ұшақ  .  Мұндай  шендестірулер  Мархабаев  танымында  ұлтына  деген 
сүйіспеншілік арқылы əлемдік мысалдармен қатар тізбектеле өріліп  отырады.  
    Біздікі сырттай бағалау ғана, ал енді ол кісінің ғылыми еңбектерін бүге-шігесіне дейін 
оқып,  танып  барып  пікір  білдірген  аузы  дуалы  абыз  ғалымдарымыздың  ойларын    келтіре 
кеткен  орынды  деп  білемін:  Ақжан  Машанов  ақсақал  былай  дейді:  «Ол  фантастикаға 
кездейсоқ келген адам емесөзі де сол салада қалам тартып жүрген жазушы». 
ҚР ҰҒА академигі Зəки Ахметов былай тарқата айтады: «Автор өз обьектісін  «өткен 
шақ-осы  шақ-келер  шақ»  тізбегінде  зерттеуімен    біздің  алдымызда  халқымыздың  арман-
тілегін  əуелі-ауыз  əдебиетінде  жəне  кейінірек  ақын,  жазушыларымыздың  сол  идеялары 
кəделеріне  жаратқан  жазба  əдебиетінде,  ақыр  соңында  бүгінде  кемелденген  толыққанды 
жанр  боп  қалыптасқан  ғылыми-фантастикалық  əдебиеттің  тұтастай  картинасын 
кескіндеген». 
Академик Серік Қирабаев: «...оның бойында екінің бірінде ұшыраса қоймайтын тағы 
бір  қасиет  бар.  Ол  –  қазақ  əдебиеттану  тарихында  қиялгер-жазушылығы  өз  алдына
сонымен қатар тұңғыш ғалым-фантастикатанушы деп білемін...» 
Профессор  Шəмишиддин  Абраманов:  «...Белгілі  ғалым,  жазушы,  ұстаз  Абдул-Хамид 
Мархабаев  қазақ  əдебиетіндегі  фантастиканы  кейінгі  30-40  жылдың  туындысы  дейтін 
үстірт көзқарасты үзілді-кесілді теріске шығарыпбұл жанпрдың түп бастауы сонау ауыз 
əдебиетіндеқиял ғажайып ертегілерінде екенін көз жеткізіп дəлелдейді».-дейді
Абдул-Хамид Мархабаевтың ұстаздық -педагогтық еңбегі де елулі. Ол 1967 жылдан бері  
үзіксіз  қазақ  білімі  мен  ғылымының  қара  шаңырағы  осы    университеттің  журналистика 
факультетінде  ұлтымыздың ұлы мен қызына журналистика саласынан дəріс беріп келеді. Əр 
жылда кемінде екі- ақ шəкірт тəрбиеледі дегеннің өзінде  ол кісінің 46 жылда 92 екі  маман 
даярлап өмірге қанаттандырғаны аян. Бірақ журналистика факультетінде оқыған Хамаңның 
алдын көргеннің көбі оны өзінің сүйікті ұстазы санайды. Ендеше, республикамыздың түкпір 
түкпірінен  келген    студенттердің  бəрін  де  оның  шəкірттері  деп  толық  айтуға  болады. 
Осыдан-ақ  оның  педагогикалық-ұстаздық  еңбегінің  өлшеусіз  екенін  білеміз.  Журналистика 
саласын  тілге  тиек  етер  болсақ    қазақ  ақпарат  құралдарында  белді  де  беделді,  абыройға  ие 
болғандардың    бəрін  тізіп  жату  мүмкін  емес,  егер  ғылым  мен  педагогика  саласында 
жүргендерді ғана ауызға алсақ, ғылым докторлары Намазалы Омашев, Сағымбай Қозыбаев, 
Кəкен  Қамзин,    Шəрбан  Нұрғожина,  Сəуле  Барлыбавалардан  бастап,  бүгінгі  Бауыржан 
Жақып,  Бауыржан  Омаровтармен  сабақтаса  келе  Гүлмира  Сұлтанбаева  ,  Нəзгүл 
Шыңғысовалармен  жалғасып  кете  береді.    Фантаст-жазушы  санатында  да  соңына  шəкірт 
ілестірген  тəлімгер-қаламгер  мысалы,  Шоқан  Əлімбаев,  Сейілбек  Қышқашев,  Зұлқайнар 
Сақиев,  Төлеу  Шаханов  секілді    жазушылар  да  қазақ  əдебиетінің    фантастика  жанрының 
дамуына өз  үлесін қосқан дарындылар.  
Осындай  ұстаздық-педагогтық  еңбегі  үшін  де  ол  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің 
жəне  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің    «Үздік  оқытушысы»    атағы  мен 
төс белгілерін иемденген болатын. Ол сондай- ақ, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» 
деген атақты да осы еңбектері үшін алған. Бір ғұламаның айтқаны бар еді: «Əке  көп болса, 
жүз жыл өмір сыйлар, ал ұстаз мəңгілік ғұмыр сыйлайды»- деп.  
Шындығында, Хамаң - өз ұлтының сандаған ұл- қызына мəңгілік ғұмыр сыйлап жүрген  
қайталанбас тұлға.    
                                         

11 
 
 Нұрахметұлы С
Филологияəдебиеттану жəне əлем тілдері факультеті 
 мемлекеттік тіл кафедрасының доценті 
 
ФАНТАСТИКА ФАРАОНЫ 
 
Анау  –  Арал,  мынау  –  Мекке!  Арал  болғанда  арнасынан  асып-тасып,  төңбекшіп, 
тыпыршып көбігін көкке атып жатқан көк Арал, Арал болғанда біздің меңзеп отырғанымыз – 
арман  Аралы.  Мекке  болғанда,  мың  сан  мұсылман  теңіздей  толқып,  толғанып,  қанасында 
қаны  тасып,  қағбаның  қара  тасын  көр  көруге  зар  қылған,  зəмзəм  суын  бір  ұрттауға  таң 
қылған Мекке! Мекке мен Аралдың арасында қандай байланыс бар дейсіз ғой, əрине бар, бар 
болғанда қандай? Əркімнің туған жері – Меккесі емес пе, Мархабаевтың меккесі – асау Арал; 
ал енді Мекке мен Мəдинаны бөлуге бола ма, қайдан болсын, Мəдинасы – қиял, құмыр қиял 
немесе  фантастика!  Меккені  Мəдинадан  бөліп  қарауға  болмайтыны  секілді,  Мархабаевты 
фантастикадан, қазақ фантастикасын екі туып бір қалғаны да бөліп ала алмайды, неге дейсіз 
ғой,  себебі  академик  Зейнолла  Қабдоловтың  сөзіне  жүгінсек  «қазақ  жазба  əдебиетіндегі 
фантастиканың  даму  дəуірлерін  бірінші  болып  жіктеген  Мархабаев»  қана  емес,  қазақ 
фантастикасының  қарлығаштарының  бірі  де,  бірегейі  де  тағы  да  Мархабаев!  Сенбесеңіз 
«жұлдыз жарығы жерге жететінін» екінің бірі білгенімен «жұлдыздар жарығы жерге жетеді» 
атты таңғажайып  туындының авторы Абдул-Хамиа екінің бірі біле бермейді.  
«Жұлдыздар  жарығына»  көзі  шағылысып  қалған  адам  əуелі  қайда  екенін,  өзінің  кім 
екенін  есінен  шығарып  алса  да,  кейіннен  бірте-бірте  еті  үйреніп,  Шер  планетасында  шерін 
тарқатып,  қамажай  планетасына  көңілін  көтереді,  Қарақұрт  планетасында  Галактика 
ганстерімен  бетпе-бет  келіп,  жасыл  жайын  планетасын  да  «жат  жұрттықтармен 
жанасушылардың жетекшісімен» жолығады. Яғни жасыл жайында (Қамажайда) Қарақұрт та, 
Шер  планетасы  –  қаламгердің  қанатты  қиялынан  туған  фантастикалық  планеталар  екенін 
айтып  кетпесек  болмайды,  «жаратқанның  жұмысы  –  жарату»  деп  Бернард  Шоу  айтпақшы 
қаламгердің  қиялынан  жаратылған  планета  дейсіз  бе,  теңіз  дейсіз  бе,  көл  дейсіз  бе,  теңіз 
дейсіз  бе,  биіктер  дейсіз  бе,  кейіпкер  дейсіз  бе,  бəрі  бар,  бəрі  жеткілікті;  қиялгердің  қиялы 
қиянды кезеді, себебі қиялгердің қызметі – қиялдау ғой; «қиялдағыш күш – сезімтал күш пен 
ойлаушы  күштің  арасындағы  дəнекер»  деп  Əл-Фараби  айтқандай,  қазақтың  көркем 
фантастикасы мен ғылыми фантастикасын жалғап тұрған қиял көпірін тұңғыш тұрғызушы да 
Мархабаевтай  марқасқа  екенін  есте  сақтағанымыз  лазым.  Француз  десек,  Жюль  Верн, 
Американы  айтсақ,  Хьюго  Гренсберк,  Англияны  атасақ  Томас  Мор  ойымызға  оралады, 
жапон аралдарын араласақ Кобэ Абэ қарсы алдыңыздан құшақ жая қарсы алады, орыстың ой 
орманында Циолковский көкке көзін тігіп тұр; көк өрмекші жазушының жат жұрттықтармен 
жанасушылар  жетекшісімен  «емін-еркін  сөйлесуі  де  сол  қиялдың  тілін  қалтқысыз 
меңгергендігінде  болса  керек,  Мархабаевтың  мұндағылардан  (жер  үстіндегілерден)  аттай 
айырмашылығы да «күлгін көзілдірік» киіп «көк құдайына ғарышнама арнап, ғарышхат жаза 
білетінінде болса керек, бізде жеті жұрттың тілін білушілер қатары көбейіп келеді, ал көктің 
тілін  кім  біледі,  ғарышқа  кім  «ғарышхат»  жолдай  алады,  əрине  Абдул-Хамид  ағамыз,  олай 
болса, өзіне де бір сəт сөз беріп көрейікші «қай қоғамдық күйде өмір сүрсе де, ол өзінің адам 
екендігін  ұмытпау  керек,  айналадағы  жұртқа  адамгершілік  жасауды  да  оң  жақ  бүйіріне 
сақтап  жүруі  тиіс»  депті  Мархабаев.  Алдымен  адам  екенін  ұмытпай  келе  жатқан  үлкен 
ұстаздың  бірі  де  осы  кісі,  «оң  жақ  бүйіріне  тартып  жүргенін  шəкірттері  қаншама,  қазіргі 
қазақ фантастикасының қыр-сырына қанықтырушы да, қиял-ғажайып əлеммен таныстырушы 
да, бүгінгі қазақ фантастикасының фараоны да осы кісі, кісі емес-ау – қиял, қиял емес-ау – 
кісі...  Фараон  деуіміздің  дəлелі  ретінде  қазақтың  қиял-ғажайып  дүниесін,  баға  жетпес 
байлығын  бірінші  болып  иемденіп,  бірінші  болып  ғылыми  негізін  салуында  болса  керек, 
қиялдың  қасында  перғауынның  билігі  мен  байлығы  да  кемшін  түсіп  жататыны  да  айдай 
ақиқат; фараон дейтін себебіміз – фантастың өмірі жерде емес, көкте ғой, көппен бірге күн 
кешіп,  көкпен  бірге  өмір  сүреді;  көкпен  күнбе-күн,  сəт  сайын  тілдеседі;  ал  жер  мен  көктің 

12 
 
кең байлығын иемденген адам – фараон емей кім, əрине фараон, фантастика фараоны. Егер 
таңғажайыптар  көзге  көрініп,  тапжылмай  тұраберетін  болса,  қадірі  қашар  еді,  ғажайыптың 
ғажабы  да  шынайы  өмірде  кездесе  бермейтіндігінде»  деп  Анатоль  Франс  айтқандай, 
фантастиканың  мықтылығы  адам  баласын  аяқ  астынан  фараонға  айналдырып,  фараонды 
кенеттен  қарапайым  пендеге  айналдыра  білуінде  ғой,  фараондар  нені  көксемеді,  нені 
қиялдамады, ол туралы айтып, жазылған дүниелер жетерлік... Ал дəл қазіргі сөз қазақ қиялы 
хақында  ғой,  ол  үшін  тағы  да  қиялгер  қаламында  туған  «қазақ  фантастикасының 
поэтикасына»  көз  жүгіртсеңіз  болғаны  –  ертегілер  елінен  бір  шығасыз;  жерден  шыққан 
желім батырмен жүздесіп, күн астындағы Күнікей қызды қызықтайсыз; Ер Төстіктің ерлігіне 
куə болып, Таусоғардың қайратына қанығасыз, Желаяқтың соңынан шұбаған шаңға көміліп, 
Тайбурылдың  табаны  жерге  тимеген,  көлденең  жатқан  көк  тасты  саз  балшықша  илеген 
«құдіретті  кезіне  кезігесіз;  алдыңыздан  Желмаясымен  жортып  Асан  қайғы  да  шығады, 
қобызын  күңіренткен  Қорқытта,  Жиделібайсын  да,  Жерұйықта  шығады...  Қысқасы  қиял 
«суда  да,  жерде  де  өмір  сүре  алатын  қосмекенді»  ия,  бұл  тағы  да  Мархабаевтың  меңзеуі, 
былайша  «сауға  салса  батпайтын,  отқа  салса  күймейтін»  құдіретті  қиял...  Қиялдың 
құдіретінде шек жоқ; тіпті бері шыға бере Мағжанның «жел айдаған қара жеріне» жолығып, 
Хамиттің «химия хикаясын» тыңдайсыз, сөйтіп аң-таң болып тұрғанда алдыныздан Сəбеңнің 
«Кəдімгі Сəбит Мұқановтың» «Жер айналған жолаушысы» тап бола кетеді... Ия, мұның бəрі 
ойдан шығарылған дүниелер емес, Мархабаев мүсіндеген қазақ фантастикасының пырақтары 
немесе  пыраққа  айналған  адамдар  бəлкім  адамдарға  айналған  пырақтар  ма  екен,  қанатсыз 
пырақ  болмайтыны  сияқты,  қанатсыз  қиял  болмайды,  сондықтан  да  Мархабаевтың 
кейіпкерлерін жерден де, көктен де көптеп кездестіруге болады, бəлкім біз де ұшқыр қиялға 
беріліп  «фантастика  фараоны»  деп  айтып  қалған  шығармыз,  ал  шын  мəнінде  де 
Мархабаевтың  фараоннан  қай  жері  кем  немесе  фараонның  Мархабаевтан  қай  жері  артық» 
деген  дұрыс  болар-ау,  тəйірі!    Абдул-Хамид  ағаның  бір  кейіпкері  «Менің  немерем  Аралға 
шомыламын  дей  ме?  Неге?  Басқа  теңіз  жоқтай-ақ»  деп  таңғалды,  ал  біз  болсақ  оған  түкке 
таңданбаймыз, себебі «Арман Аралына» кім шомылғысы келмейді, қиял кемесіне кім мінгісі 
келмейді;  ғарыш  аймағында  кім  болғысы  келмейді,  əрине  қолынан  келмейді,  сондықтан  да 
Аоман  Аралында  артық  телегей  теңіз  бар  ма?  Əрине  жоқ  «неге  дейсіз  ғой,  ия  «басқа  теңіз 
жоқ»  жер  үстіндегі  ең  терең  теңіз  де  –  қиял теңізі».  Тек  ол  қиял  Мархабаевтың  қиялындай 
«Қызық  қиял»  болса  ғой  шіркін?!  «Өң  менен  түс  –  бір  кітаптың  парақтары»  деп  Артур 
Шопенгауер  айтқандай, Мархабаевтың фантастикасы – өңіне өң беретін, түсіңе сəн беретін 
қиялдардан құрастырылған, екі аяғыңызды жерге тигізбей көкке ұшырып əкететін сиқырлы 
əлемнің əміршісі... «Өмір біздің назарымызды үнемі басқа жаққа бұрып əкетеді, ал біз болсақ 
тіпті  неге  назар  аударғанымызды  да  байқамай  қаламыз»  деп  Франц  Кафка  айтпақшы, 
Мархабаевтың  қиял  кемесіне  отырған  адам  өзінің  біресе  жерде,  біресе  көкте  жүргенін 
байқамай  қалып,  жер  мен  көктің  арасында  жүзіп  жүргендей  сезінуі  мүмкін;  себебі  жеңіс 
үнемі  сіздің  жағыңызда  болады»  ал  жеңімпаздар  болса,  кездейсоқтықты  көзіне  де  ілмейді» 
деген  Фридрих  Ницшенің  сөзіне  сенсек,  қиял  əлемінде  жеңімпаздар  ғана  бар,  яғни 
ертегілердің, əлбетте қазақ ертегілерінің бəрінде дерлік «бай болып барша мұратына жетсе», 
қазақ фантастикасының кейіпкерлері де ғарыш пен жердің арасын жол қылып қана қоймай, 
ғылым  мен  техниканың  ашпаған  жаңалықтарын  алдын  ала  болжап, күнде  күні  бойы  қонақ, 
айда  айлап  жататын  жайлары  бар...  Қиялға  берілу  –  қиянға  кезігу  екенін  бізден  де  гөрі 
Мархабаев  жақсы  біледі,  біліп  қана  қоймайды,  білгенін  үйретеді,  өйткені  –  ұстаз,  ұлттық 
университеттің ұстазы ғана емес, қазақ фантастарының ұстазы! Жерден шыққан желім батыр 
бір  күнде  бір  жасқа,  екі  күнде  екі  жасқа,  он  күнде  он  жасқа  толатын  болса,  қазақ 
фантастикасының фараоны жеті жүз елу жыл жасамайды деп кім айта алады?! Ешкім де айта 
алмайды, ешкімнің де аузы бармайды, ал қиялдың құдіреті құдіреті де «болмасты қиялымен 
болдыруында» (Мұқағали) 
Анау  –  Арал!  Арал  болғанда  Арман  Аралы;  мынау  –  Мекке!  Мекке  болғанда  – 
Мархабаевтың  меккесі  –  қиялдың  Көк  теңізі!  Қиялдың  көк  теңізінде  күні-түні  құлаштап, 
Арман  аралына  ат  басын  тіреу  –  Егіздің  сыңарына  ғана  сын  «Наным  мен  сенім  –  Өлеңге 

13 
 
айналған Өмір» деп Котанн Вольфганг Гете айтпақшы, қиялдың қос қанаты да – Наным мен 
Сенім ғой! Қиялына қалың қазақты нандырып, сезіміне алты Алашты сендіре білген Абдул-
Хамид Мархабаевтың Қиялы – Қазақтың қиялы, Азат Қиял! Ал Азат Қиялға күллісі сенеді... 
«Ғажайыптар – сенгеннің Серігі, Нанғанның Наны, сенген сайын – серігіңе айналады, нанған 
сайын  –  наныңды  табасың»  деп  Дени  Дидро айтқандай,  Мархабаев  Қиялыңның қос  қанаты 
да – Сенім мен Наным!  
 
      
Қамзин
 К., 
 филология ғылымдарының докторы,  профессор                                    
                                           
КЕСЕК ТУРАЙТЫН ТҰЛҒА 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет