ХІХ ғасырдың соңғы ширегі қазақ қоғамының саяси, мəдени өміріндегі ең елеулі кезең
болды. Бұған Ресей патшалығының бағынышты елдерге отаршылдық пен орыстандыру
саясатын біртіндеп жүзеге асыру үшін əрі сол халықтың жалпы тынысын қырағылықпен
қадағалау мақсатында баспасөз орындарын ашуға мəжбүр болуы үлкен себеп болды. Қазақ
елінің дініне, мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық тіршілігіне төнген қауіптің бетін
қайтаруды көздеушілер үшін ана тілінде шығатын газет-журнал аса қажет болды. Сөйтіп,
бұғаудағы ұлттық сананың оянуына алғашқы үлкен қадам жасауға “Дала уалаятының
газетінің” осы кезеңде дүниеге келуінің өзі оңынан болған құбылыс еді.
Осы газетте басылған қазақ тілі туралы сын пікірлер негізінен ана тілдің тазалығын
сақтауға, оның ерекшелігіне мəн беруді көздеген. Ал бұл мəселелер газет бетінде ең алғаш
Адықовтың пікірінен басталады: “К сожалению в настоящее время, на киргизском языке не
существует ни одной популярный книги: все написаны чужим языком (сартовским,
татарским и пр.), поэтому очень желательно было бы, по мере возможности издавать их на
чисто киргизском языке” (1888, №42) дегені елеусіз қалмады. Қалай дегенмен басқа тілде
жазылған кітаптардың халыққа пайдасыздығын, мазмұны түсініксіз екендігін ескерте келіп,
кейінгі шығатын кітаптардың əріптері мүмкіндігінше ірі болуын қалаған.
Тілді шұбарлаудағы бұл үрдісті А.Байтұрсыновтың “Қазақтың тілінде басылған бұрынғы
шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан
қойыртпағы болып шығады” деп сынға алғаны белгілі. Тіл тазалығы жөнінде ойлар осы
газетте айтылып қана қоймай, халықтың танымдық процесіне қозғау салар əр қилы сыни
ойлардың туындауына себепші болды. Мəселен, осы Адықовтың ұсынысына байланысты
редакцияға Ғабдолла Шонаевтың хаты түседі. Бірақ идеясының жарамсыздығына орай ол
газет бетінде жарияланбайды. Алайда оның айтқан ойы редакциялық мақаладан (1889, №2)
аңғарылады. Қазақ пен ноғайдың діндері де, жазулары да бір, осыған орай олардың еш
бөлектігі, яғни, тілдерінің де айырмашылығы жоқ деп түсінген Ғ.Шонаев қазақтардың ноғай
тіліндегі кітаптарды бұрыннан-ақ түсініп оқып келгендігін еске салады да, “Қандай кітаптар,
Адықовтың ойлауы бойынша, қазақша қылып басуға тиісті екен?” деген сауалын көлденең
тартады. Осы сыннан кейін газетті шығарушылар алқасы Адықов пен Шонаевтың сөздерін
41
саралайды да, Адықов пікірін қолдап, Шонаев көзқарасының дұрыс еместігіне дəлелдер
келтірген. Діні де, алфавиті де бір, бірақ тілдері бөлек халықтарды, яғни Франция, Англия,
Германия, Италия сияқты мемлекеттерді мысалға ала отырып, жазу мен дін бірдейлігі халық
пен тіл бірлігін көрсетпейтіндігін айтады да, қазақ тілінің ноғай тілінен өзгешелігін
ескертеді. Мұны “Қазақ тілі түрік тілінен шыққан өз алдына бір бөлек һəм солтүстік жақтағы
түріктердің тіліне ұқсас. Оның ноғай тілінен əуені де бөлек бір түрлі, баяғы заманнан қалған
һəм түрлі нақыс сөздері бар. Сондай сөздер бұрынғы шағатай кітаптарынан да көрінеді жəне
бұрынғы түрік жұртының һəм монғолдың недəуір көп сөздері бар, көшпелі мал бағып шаруа
қылып тұратын мінездеріне лайықты” (1889,№2),–деп ғылыми түрде тұжырымдаған.
Жоғарыдағы сын-пікірлерден кейін газет бетінде қазақ тілінің түркі тілдес халықтардың
ішіндегі жеке тіл екендігін, оның өзгешелігін растайтын Д.Сұлтанғазиннің “Біздің қазақ тілі
турасында бес-алты ауыз сөз” (1890, №6), “Тəржіман” (“Переводчик”) газетінен көшіріліп
басылған “Түркі лұғаты турада” (1890, №20), Ж.Көпеевтің “Түрік лұғаты турасындағы сөзге”
(1890, №23) сияқты мақалалар орын алды.
Д.Сұлтанғазин өз мақаласында (1890, №6) “анық қазақ тілінде жақсы кітап жоқтығын”
айтқан Адықовты пікірін құптайды да, “қазақтың жоғарғы (əдеби. – Б.Əбілқасымов) тілі
ноғай лұғаты деп” танитындарға келіспеушілік білдірді де, “сарттар, ноғайлар һəм
ғайрилары өздері қалай сөйлесе, солай жазады, осыған қарағанда қазақтарға да сөйлесетін өз
тілдеріменен жазса жақсы” болар еді деген ойға ойысады. Қазақ тілінің дербес тіл екендігін
дəлелдеу үшін ол “... барша түрік лұғаттарындағы сөздерде əр халықтың өздерінің
тұруларының, заманының мəніне қарай шығарған бөлек-бөлек сөздері бар” дей келіп, “əрбір
түркі лұғаттарында бір лұғаттағы бір лұғатқа қарсы келетін нəху (грамматика – Б.Ə.)
қағидалары көп” деп ғылыми түйін жасаған.
Сонымен қатар, “Қазақ лұғатын ғəйри түрік лұғаттарымен салыстырып байқағанда,
сөйлеуге жеңілірек, еркіменен қысылмай сөйленеді” деп ана тілдің ерекшелігіне де мəн
береді. Сөйтіп, тіл болашағына ден қойған Д.Сұлтанғазин қазақ халқын “өз лұғатымен
сөйлеп, бөтен лұғатпен” жазудан сақтандырады. Басқаларға еліктесе, қазақтар үшін жылдам
оқып, ғылым-білім алуға қиындық əкелетінін ескертеді, “бөтен лұғат үйренгеннің бір зияны
бара-бара халық көбінесе көңілде жүретін өз өлең-жырларын, бұрынғының сөздерін, əр түрлі
тақпақтарын жадтарынан шығаруға да бəлкім себеп болар” деген күпті ойларын да
жасырмайды. Осыған орай мақалада шешімін табуға тиісті мəселе, яғни, “қазақ халқының
лұғатын келістіруге тырысудың керектігі” ашық айтылады.
Газеттің 1890 жылғы 20-санында басылған материалда жалпы түркі тілдерінің ерекшелігі,
олардың өзара ұқсастығы туралы, соның ішінде қазақ тілінің өз алдына дербес
дамитындығы айтылғанмен, “Киргизское наречие не подвергшееся литературной обработке,
остается в том же виде, в каком она вероятно, была во времена Чингиза и Темира” деген
пікір білдіре отырып, түркі тілдерінің бəріне бірдей жазба əдеби тіл, яғни, “ортақ лұғат
шығару” идеясы ұсынылған. Кейбір орыс ореианталистері насихаттаған осы идеяның
қисынсыз екендігі газет бетінде айтылып, сын көзбен қаралды.
Газетте тіл тағдырына қатысты айтыс мұнымен тоқталған жоқ. Осы орайда
А.Құрманбаевтың “Қазақ тілі турадан” (1894, №27) мақаласын қарастырсақ, мұнда да “қазақ
тілінің түбі түркі тілімен бірге болса да” өз алдына бөлек тіл екендігі түсіндіріліп, “қазақтың
тілін түзу қылып сөйлеуге һəм жазуға болмайды” деген тəрізді жалаң қағидалар жоққа
шығарылған. Сонда ана тілден гөрі өзге тілді биік тұтып, тіпті, ноғай тілін ұстана беруді
қалаған қазақ оқығандарына А.Құрманбаев “Қазақтың тілін мүлдем түгел білетұғын һəм өзге
күншығыс халықтың да тілдерін көп артықша жақсы білетұғын, һəм бұл себептен бұл
тілдерді теңестіріп байқап қарауға білімі жеткен атақты Алтынсарин” пікірін көлденеңнен
тартады: “Киргизский язык настолько богат, что на нем можно написать какую угодно книгу,
а например, на татарском языке без примеси арабского, персидского, турецкого и других
языков, нельзя написать даже и одну страницу. Возьмите любую татарскую книгу и найдите
хоть 5-10 слов написанных подряд чисто татарским языкам” (1894, №27). Өз пікірін дəлелдеу
үшін Ы.Алтынсариннің таза қазақ тіліндегі “Қазақ (қырғыз) хрестоматиясын” атап көрсетеді.
42
“Бұл кітапта неше бет болса да, ешбір қазақша сөзге ұқсамайтын сөзі жоқ. Тағы да “сөз
басы” деген, “Түлкі мен қарға”, “Жаз” һəм ғəйри өзге өлеңдердің ішінде бөтен халықтың
сөздері араласпаған ...” (1894, №27) деп үлгі етеді де қазақ арасында кең тараған “Сал-сал”,
“Зарқұм” сияқты жартылай қазақша, жартылай ноғайша жазылған жырларға барынша сын
көзбен қарап, оның саяси төркініне де тоқталады. Оны А.Байтұрсыновтың “Молдалардан
шыққан жазу əдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, əдебиетті
күшейту, көркейту орнына тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған тілімен жазбай
шығарушылар “Кітаби тіл”, “Əдеби тіл” деп ноғай тілімен, яки сарт тілімен жазған” деп
тереңдете қарауы да мақала авторының ойларын нығыздай түседі. Сөйтіп,
А.Құрманбаевтың қазақ тілін көркейтемін деушілерге Ы.Алтынсарин жолын ұсынуы да ана
тілдің шұбарланбауына аса көңіл бөлгендігі еді.
Сонымен, газеттің алғашқы жылдарынан бастап сөз болған осы мəселелер халықтың тіл
саясаты туралы түсінігін азды-көпті қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, эстетикалық
таным-білігін арттыруға да бағыт сілтегені айқын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыстың миссионер ғалымдары тарапынан
қазақ халқының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб графикасы негізіндегі жазудың
орнына орыс алфавитін енгізуді қажет деп тапқан ойлардың пайда болуы араб əліпбиінің
кемшілігін көрсетуге негізделген ғылыми мақалаларға жол ашты. Алайда бұл мəселеге де
“Дала уалаятының газетінің” тілшілері аса жауапкершілікпен қарады. Тіпті, олар газет
оқушыларына “қазақша жазуға орыс əріптері келісімді ме, я араб əріптері ұнамды ма?” деген
сауалды тастай отырып, қай əріптің қолайлы екенін айтуға шақырды. Мұның өзі тағы да
өзара сын, пікір таластарын өрбіте түсті.
Д.Сұлтанғазин “Қазақ тілінше жазу турадан” (1896, №31, 32) атты ғылыми мақаласында
қазақ жазуы үшін араб алфавитінің толымсыздығын ескерткенмен, “қазақ сөздерін араб
əріптерімен жазғаннан орыс əріптеріменен жазса келісімді болар еді” деген Григорьев пен
Ильминскийдің пікірлерін құптай қоймайды. Өйткені “бұлардың айтқандарын қабыл қылып
жəне еңбек қылғандар болса да олардың көңілдегілері орнына келмей, осы күнге шейін
қырда басқа түрік тілдеріне ұқсап араб əріптеріменен жазады” (1896, №31),– дей келіп, қазақ
арасына араб əрпіменен таралған “Ер Тарғын”, “Баян сұлу менен Қозы Көрпеш”, “Нұрату”
сияқты көптеген жырлар мен уақ кітаптардың молдығын, тіпті, барлық түркі халықтарына
ортақ əр түрлі жыр, қиса, ертегілерді араб əрпіменен шығарған Санкт-Петербург
университетінің профессоры И.Н. Березиннің “Хрестоматиясын” тілге тиек етуі автордың
араб əліпбиінің қолданыстан шығуына қарсылығын аңғартады. Əріп ауыстыру туралы
ұсыныстың кімдер тарапынан болғандығын көпшілікке хабардар еткенде де қазақ ішінде оны
қолдаушы Ы.Алтынсарин екенін анықтап айтпауының өзі оның орыс миссионерлерінің
ұстанған саясатына қанықтығын байқатады.
Осыдан кейін газетте Р.Дүйсембаевтың “Харіп турасының сөзі” (1897, №10) деген
мақаласы жарияланады. Ол қазақ жазуындағы араб əріптерінің толымсыздығына
тоқталғанда, “Араб тілінде дауысты харіп аз. Бірлі-жарым дауысты харіптерін олар асты-үсті
үтір қылып көрсетеді. Мысалы, біздің “мата” деген сөзіміз арабша “мт” деп жазылар еді...
Осы орайда мақала авторы əріп мəселесі жөніндегі Д.Сұлтанғазин көзқарасын сынға алады.
Яғни, оның араб əліпбиін қолданатын өзге халықтар, соның ішінде түріктердің кейбір
əріптері өзгерткендігі туралы пікірін тұтастай мысалға ала отырып, “Түрік жұрты араб
əліпбиін тіпті түзеткен жоқ, сол бойымен осы күнге шейін жүргізіп тұрады. Мұны түрік
кітабын оқысаң көресің. Олардың жазуында дауысты харіпті көбінесе біздіңше қоймайды.
Жəне де түрік һəм парсы жұрты “тоты” деген сөзді əр қайсысы өз тіліне келтіріп, түзу
оқығаны харіптерін түзеткенінен емес” (1897, №10),– деген ойын айтады. Сонымен бірге
“Систематические правила грамматики, которыми, по мнению г.Султана-Газина, можно
помочь недостатку нашей азбуки, дали бы нечто более похожее на иероглифы, чем на слова с
подвижными буквами” (1897, №10) деп Д.Сұлтанғазиннің жетіспейтін араб əріптері туралы
ойларына да қанағат тұтпайды. Мұның бəрі де Р.Дүйсембаевтың “Əйтеуір қазақ тіліне анық
жететін қылып əліпбиді түзету керек” деген ұстанымынан туындаған еді.
43
Автор басқа да жазушылардың, яғни, “Қазақ тіліне жаңа харіп шығаруға, не болмаса осы
күнгі жазып жүрген əліпбиді түзетуге көп тіл білетін ғұлама адам керек” деген пікірлерін де
құптай қоймайды. Өйткені ол сол кезең үшін ондай ғұламаның шығуын күтіп жатпай-ақ,
қандай да бір əрекет жасауға талпынуды орынды санады. Газетте айтылып жатқан ойлар
А.Байтұрсыновтың төте жазуды енгізудегі еңбегіне дем бергендігі даусыз.
Сонымен, Р.Дүйсембаев мақаласында араб əрпінің кемшілігін қаншама ғылыми түрде
дəлелдеп көрсетіп берсе де, басқа əліпбиге көшу мəселесіне мүлдем аяқ баспайды.
Керісінше, “құран кітабын дін жөнімен оқығанда араб əрпімен оқи берсін, қазақша жазылған
хиса, өлең, ертегі сөздер һəм бір ғылым жайлары қазаққа деп оңай қылып əдейілеп түзеткен
харпімен жазылса екен” (1897, №10) деген ұсыныс жасайды. Сондай-ақ, өз əліпбиі бар
елдерді мысалға алғанда да Мысыр мен Қытайды емес, Ағылшын, Франция, Италия,
Германия, Испания, Америка халықтарының қолданатын əріптерін үлгі етеді. Сонда латын
əріпінің ерекшелігіне мəн беріліп жатқанда орыс алфавиті туралы ешбір сөз етілмеуі бұл
автордың да миссионерлердің саясатына құлдық ұрмағандығын көрсетсе керек.
Газет бетінде қазақ тіліне кай əріпті қолдану қажеттігі туралы əр түрлі пікірлер жазылып
жатқан сəтте тағы да Д.Сұлтанғазиннің “Қазақ сөзін қалайша жазу турасы” (1899, №22, 23)
атты мақаласы жарияланады. Онда автор қазақ жазуына араб əрпі мен орыс əрпінің қайсысы
оңтайлы екенін білдіру үшін ғылыми тұрғыда біршама талдаулар жасаған. Ең алдымен ол
“қазақтар өздеріне бір түрлі əліпби ойлап шығарса керек, я болмаса азырақ өзгертіп латын
жұртының əріптерін алса керек” деп айтылған пікірлерге үзілді-кесілді қарсы шығады.
“Себебі, қазақ білмейтін бір бөтен əліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы” деп ой
түйеді. Жалпы, Д.Сұлтанғазиннің өзгертілген орыс əрпінің кемшілігін ашып көрсетуі
көпшілікті дұрыс емес əліпбиді қолданудан сақтандыруы еді.
Осы ғылыми мақаланың қазіргі қазақ халқының саяси-мəдени танымдық түсінігіне де
пайдасы бар. Қазақтарға арналған орыс əліпбиінің алғашқы жобасын Ы.Алтынсарин емес,
оған дейін де орыстың миссионер ғалымдары жасағандығын айқындап береді. Бұған
автордың 1876 жылы Орынбордағы мəжілістен он төрт жыл бұрынғы, анықтап айтқанда,
1862 жылы Ильминский жасаған алфавитке, оны сынға алған Орынбор шекаралық
комиссиясының бастығы профессор В.В. Григорьев сөздерінің дұрыс-бұрыстығына талдау
жасауы дəлел бола алады.
Жалпы алғанда газеттегі осындай сын мақалалардың нəтижесінде араб əліпбиі бірден
ығыстырылмай, 30 жылдай қолданыста болды. 1997 жылы жарық көрген “Қазақстандағы тіл
саясаты” деп аталатын құжаттар жинағындағы мəліметтерге сүйенсек, араб əрпінің латын
графикасына көшу мəселесі де тез арада шешілмеген. Бұл да 1923 жылдан 1929 жылға
дейінгі араб əрпін қорғаушылар /А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы,
М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Е.Омарұлы, С.Садуақасұлы, т.б.) мен латын əрпін
қолдаушылардың (Н. Төреқұлов, Т.Шонанов, Ə.Ермеков, Ғ.Тоғжанов, Н.Нұрмақов,
О.Жандосов, Қ.Тоқтабаев, Б.Малдыбаев, т.б./ арасындағы қызу айтысты дүниеге əкелген.
Сондағы араб əрпін қорғаушылар мен латын əрпін қолдаушылар пікірлерінің негізі “Дала
уалаятының газетінде” қаланған болатын. Мəселен, Р.Дүйсембаев келтірген араб əрпінің
кемшіліктері (бір əріптің төрт түрлі жазылуы, бас əріптің болмауы, т.б.) латын əрпін
қолдаушылар ұстанған дəлелдердің негізі болды.
Қай уақытта болмасын, тіпті, қазіргі кезде сөз болып жүрген кирилицадан латын қарпіне
көшу мəселесін талқылауда да қазақ халқы үшін оңтайлы əріп таңдау қажеттігінің алғашқы
əрі түп қазығы болып саналатын осы газеттік материалдар тіл мамандарының назарынан тыс
қалмауға тиіс.
Қорытындылай келгенде, “Дала уалаятының газетінде” жарияланған тіл мəселелеріне
қатысты материалдар да алғашқы сыни ойлардың ұшқыны бола отырып, халықтың
эстетикалық таным-білігін тəрбиелеу негізінде едəуір маңызды рөл атқарды.
44
Əбдиева
Р.C.,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – АДАМ МƏДЕНИЕТІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫ
Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды.
Н. Назарбаев.
Қасиеті мол ұлттық қазына тіліміз бен əдебиетіміз арқылы көрінеді. Қазақ тілінің өрісі
кең, сипаттама сөздері көп, қаншама астарлы сөздері мен теңеулері бар. Халқымыз аз сөзбен
көп мағына беруді білген халық. Ал оны өзге тілге аудару да оңай емес. Бұл туралы «Мен
қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне
қазіргіше аударуды ұсынамын. Бəлкім, жастар арасында конкурс жариялау керек шығар:
өздеріне не нəрсе қызықты əрі пайдалы екенін олар да айтсын»- деген уақыт талабына орай
туындаған орынды ұсынысты Елбасымыз білдірген болатын. [1]
Халықтың тілін, ділін, дəстүрін терең білген адам сол халықтың қасиеттерін де өз бойына
жинайды. Сондықтан тілдің ерекшелігі, барлық рухани ұлттық құндылықтарымыз бір
азаматты ғана емес, қоғамдық ортаны, халықтың санасын өзгертіп жібереді.
2004 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №1227 Жарлығымен
бекітілген «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ғылымын жəне қоғамын
еліміздің тарихи-мəдени құндылықтарын қорғау мен ұқыпты пайдалануға бағдарланғандығы
бəрімізге аян. Осы бағдарламаның сəтті аяқталуына орай өткен шарада мемлекет басшысы
Н.Ə.Назарбаев мəдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты
екенін айта келіп, «Мəдени мұра» бағдарламасы – мəдениетке деген мемлекеттік көзқарас-
тың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалып-
тасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың əлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын таныт-
ты» [2], - деген болатын.
ҚР Білім заңында əрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, адам
бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тəрбиелеуде
дидактикалық шарттар яғни оқыту, тəрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты
қамту қажеттілігі баса айтылған болатын. Адам ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін
ұлттық мəдениет, салт-дəстүр, халық тағылымдары жəне т.б. қазақ мəдениетіне қатысты
мəселелерді жетік білгені жөн. Қазақ мəдениеті - ғасырлар бойы ұлттық тəлім-тəрбиенің
негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тəрбие сол ұлттың мəдениетін дамытудың қозғаушы
күші, яғни қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық
құндылықтар мен ар тазалығы. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы
көріністері: рəсімдер, рəміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар,
сенімдер, кісілік рəсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы
іске асырылып ұлттық қасиеттерді танытады. Ұлттық қасиеттер: меймандостық, кісілік,
сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке
бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мəдениеттілік арқылы
ерекшеленеді.
Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кəусар бұлақтай
адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық
болып есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес,
кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында əр қоғам өзінің
құндылықтарын əр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Сондықтан кітап
оқымайтын адамды реал өмірді білгісі келмейтін, өз ұлтының тарихы мен тағдырын түсінгісі
келмейтін адам деуге болады. Қазіргі кезде «адамдардың кітап оқу деңгейінің біршама
төмендеп бара жатыр» [3] деген пікірлер туындауда. Жұрт қазір БАҚ жəне интернет арқылы
жылдам жеткізілетін жаңалықтар легін ғана қанағат тұтып, кітап оқуды азайтып бара жатқан
сыңайлы. Шындығында, дəстүрлі кітапты болсын, электронды кітапты болсын оқу деңгейі
45
азайып бара жатқан жоқ. Тек, қазақ тіліндегі кітаптарды оқу сатысы төмендеген, ал шетелдік
классиктердің шығармалары мен қазіргі детективтер мен бестстеллерлердің оқылу деңгейі
өте жоғары. Бұған себеп, қазақ тілінде оқитындардың аздығында.
Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы
деп білеміз. Кітап қана дəл мəнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді.
Француз философы жəне жазушысы Дени Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да
қояды» деген. Мұны ғалымдардың зерттеулері де дəлдейді. Олардың зерттеулері бойынша
кітап оқитындар қоғам өміріне белсенді қатысады екен. Олар мəдениет мекемелері –
мұражайларға, картина галереяларына, театрларға, концерт залдарына басқаларға қарағанда
жиі барады, спорттық шараларға да көбірек қатысады. Олардың тағы да бір ерекше қасиеті –
рақымшылық танытуда да алдыңғы қатардан көрінеді. Міне кітаптың құндылығы осында,
яғни, оның тəрбиелік мəнінде.
«Жақсы кітап ақылды адамның əңгімесі сияқты», - деп классик жазушы Л.Толстой
айтқандай, кітап оқырманға рухани күш жігер, тəлім-тəрбие, үлгілі-өнеге бағыштайтын
тамаша құрал.
Ғылым-білім жағында өркениетті ұлттардың деңгейіне жету үшін ұлтымыз
азаматтарының жан-жақты сауатты болуының қажеттілігі айтпаса да түсінікті жағдай.
Əрине, электрондық техника жеңіл болары хақ, бірақ кітап оқудың қажеттілігі, бəріміз үшін
өте маңызды болмақ.
Бүгінгі таңда өз халқының тарихын, тегін, салт-дəстүрін, тілін, білімін, адамзаттық
мəдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін тұлға болуымыз өмір талабы, қоғам
қажеттілігі. Біз өзіміздің ұлттық мəдениетіміз бен дəстүрлерімізді осы əралуандығымен жəне
ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мəдени игілігімізді бөлшектеп болса да
жинастыруымыз керек» [1, 8 б.].
Қазір жаңа заманауи технология тұрмысымызға еніп жатыр. Бірақ адамзаттың ғасырлар
бойы қалыптасқан қасиеті, тілі, мəдениеті, діні сақтала бермек.
Ұлт құндылығы — ұлттың, халықтың тілі, мəдениеті, салт-дəстүрі жəне діл, дін,
патриоттық сезім, бауырмалдық қасиеттер екені анық. Мұндай ұлттық құндылықтар
қуаттың қайнар көзі. Бүгінгі замандағы технологиялық бəсекелестік қарқын ала түскен
қоғамда, осы əлемдік тартыста біздің бабадан балаға беріліп келе жатқан сол құндылығымыз
бізді сақтап, əрі қарай дамуымызға серпін береді.
Қазақстан ежелден талай халықтарға мекен болған «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі,
ынтымағы жарасқан, ырысы мен табысы мол» ел. Еліміздің басты мақсаты – халықтардың
бірлігі, адам мəдениетінің тұтастығы, білім қуаттарының бірігуі. Яғни «Ізгілік жасау
немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Рухани-адамгершілік жағынан
жетілген, озық технологияны, білімді, ақыл-ойды бойына сіңіріп, ұштастырған толыққанды
тұлға болу.
Ұлты кім болса да, əр азаматқа адами қасиет ананың сүтімен, атаның қанымен дариды.
«Мен — қазақпын!» деп ұлттық құндылықтарымызды шетелдерге таныту үшін, əр қазақ
азаматы өз елінің, халқының тарихын білуі тиіс. Алайда біз өз елімізді шетелге
таныстырудан гөрі, шетелді өзімізге көбірек тартудамыз. Бұл əрине дұрыс, алайда кітап
жəрмеңкелеріне, дүкендерінде Ресей жəне басқа елдердің баспалық өнімдері 80-90 пайызды
құрайды. Елімізде тұрақты шығып жатқан 5 мыңнан астам басылым бар. Соның ішінде 700-
ге жуығы ғана анаитілімізде жарық көреді. Бүгінгі қазақ баспасөзінің заман ағымынан
қалмауды көздеп отырғаны анық байқалады. Баспасөз ұлттық құндылықтарымызды
дəріптейтін, жаһандану заманындағы жаңа, озық дүниелерді жедел жеткізе білетін, биліктің
əр тармағы мен халықтың арасындағы ақпараттық көпір болуы керек. Мұндай көрсеткіш
арқылы біз қалай таныламыз? Ол үшін алдымен, біз құнды дүниелерімізді шетелдерге өте
сапалы аударып жеткізуіміз керек. Əдебиет, театр, өнер жетістіктерімен қоса, баспалық
өнімдерімізді паш еткеніміз жөн. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарының қосатын рөлі зор.
Мысалы, соңғы жылдары əл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистері дамыған елдердегі
беделді БАҚ-пен тəжірибе алмасуда. Америка, Жапония, Ұлыбритания, Польша т.б. Еуропа
46
елдерінің танымал баспасөз ұйымдарына барып, кейбір озық тəжірибелерін өз көздерімен
көріп, үйреніп келуде. Шетелдің озық жаңалықтарын отандық БАҚ-қа енгізуге күш салуда.
Сол елдерде қазақ елі, қазақ жұрты жайлы жағымды пікірлер қалыптастырып, танысып-
білісуіне келіп-көруіне, ортақ байланыс орнатуға мүмкіндік туғызды. Білім, ғылым
саласында тікелей ынтымақтастық көпірін орнатты. Диалогқа шығу үшін көп жұмыстар
жасалды. Алайда бұл бүкіл қазақ елі үшін аздық етеді.
.................................
1.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы . 2012 жылғы 14 желтоқсан .
2.
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында өткен «Мəдени мұра »
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мəселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген мəжілісінде
сөйлеген сөзі . 13.07.2007 ж .
3.
Солташұлы Ыспандияр . Компьютер өсер ұрпақтың кітап оқу құштарлығына əсер етпеуге тиіс . 14.07.
2011.
Əбжанов
Достарыңызбен бөлісу: |