Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
thesis11798


 
ФАНТАСТИКА  ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫН ТҰҢҒЫШ НЕГІЗДЕУШІ 
 
Қазақ  əдебиетінде  фантастиканы  алғашқы  зерттеушілерінің  бірі  –  Абдул-Хамид 
Мархабаев.  Ол  осы  салады  бірінші  болып  “Қазақ  əдебиетіндегі  фантастиканың  қалыптасу 
жолдары  мен  даму  тенденциялары”  деп  аталатын  кандидаттық  диссертация  қорғады,  ал 
докторлық    диссертациясының  тақырыбын    қазақ  əдебиетіндегі  фантастика  поэтикасы 
проблемасына  арнады.    Демек  ол  фантастика  жанрында  басты  да  негізгі    еңбек  сіңірген 
оқымысты дəрежесінде мойындаларына күдік тумаса керек.  
 «Қазақ  қиялының  «жүріс  –  тұрыстары»  фантастика  жанры:  тарих  жəне  теория»  оқу 
құралының  алғы  сөзінде  Мархабаев  жайлы,    ҚР  ҰҒА-сының  академигі,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  З.  Қабдоловтың    былай  деп  жазғаны  бар:  «Ол  өткен 
ғасырдың 60-шы жылдарында əдебиетімізге екпіндей енген жас қиялгер-жазушылар легінің 
ең  алдыңғы  шебінен  табылған-ды.  Жəне  тек  қана  көркем  шығармалар  жазумен  шектеліп 
қалмай, біз үшін “тұмса жанр” – фантастиканың  тарихы мен теориясын қарастыра бастады. 
Сонымен  қатар  қазақ  жазба  əдебиетіндегі  фантастиканың  даму  дəуірлерін  де  бірінші  боп 
жіктеген  –  Мархабаев.  Қазақ  əдебиетінің  күллі  туу,  қалыптасу,  даму  процестерімен 
байланыстыра,  сабақтастыра  отырып,  жеке  фантастиканың  жүріп  келе    жатқан 
творчестволық жолын кезең-кезеңге бөлгені де талас тудырмауы тиіс. Бұл – дегеніңіз өзінен 
кейінгі фантастикатанушылар үшін бағдаршам болар деген сөз».[1] 
«Қазақ  қиялының  «жүріс  –  тұрыстары»  фантастика  жанры:  тарих  жəне  теория»  оқу 
құралында: «Болашақты сөз қылмас бұрын, өткен өміріміздің, жүздеген жылдардың дəлелі – 
ертегілер  болмақ  екені  даусыз.  Сонымен  бірге,  жалпы  əдебиеттегі  фантастика  жанры 
хақында  сөз  қозғау  үшін  ең  алдымен  сол  ертегілер,  əсіресе,  қиял-ғажайып  ертегілер 
турасында,  оның  күллі  кез  келген  халық  атаулының  бəріне  жасаған  игілікті  ықпалы 
турасында, керек десеңіз, гомо сапиенс – саналы адам дəрежесіне жетуге бірден-бір қамшы 
сол  ертегілер  турасында  сөз  қозғаймыз.  Өйткені,  тек  маман-фольклоршылар  ғана  емес, 
беделді  бір  анықтамалық  растайтындай,  «қиял-ғажайып  ертегілер  –  халық  прозасының  ең 
көне  жанрының  бірі...  Қиял-ғажайып  ертегілерде  алғашқы  қауымдық  қоғамдағы  адам 
баласының  арманы  қиял-ғажайып  бейнедегі  образдар  арқылы  беріледі»  [2],  деген 
тұжырымдамалар бар.  

28 
 
Қазіргі  заманғы  техниканың  бəрі  дерлік  бұрынғы  қиял-ғажайып  ертегілерінде,  батырлар 
жырларында,  қысқасы  күллі  ауызекі  əдебиетте  əртүрлі  дəрежеде  қылаң  беріп  кетеді.  Ал, 
соның бір мысалы   – жұпынылау, қарадүрсіндеу болса дағы, баяғы ертегінің көрегені қазіргі 
теледидар  сияқты.  Адам  образын  жолбастар  меже  ғып  алдына  қойып  алғанымен,  халық 
творчествосы  «адамзат  протезі  –  жер  асты  темір  жолы,  көтергіш  кран  мен  автомобиль» 
тəрізді тұрмыс қажетіне керекті бұйымдарды да көз шарасынан аулақ қалдырмағанын қиял-
ғажайып  ертегілердің  басым  көпшілігінен-ақ  көреміз.  «Ұшар  ханның  баласы»,  «Көкжан 
батыр  мен  айдаһар»,  «Тотан  батыр»  іспетті  толып  жатқан  ертегілер  осы  пікірімізге  толық 
дəлел бола алады деп көрсетеді автор. 
Сонымен  қатар,  профессор  Б.  Кенжебаевтың:  «Ертегі  деген  нəрсе  халықтың  əлеуметтік-
қоғамдық  тұрмыс-тіршілігінің  жемісі,  нəтижесі.  Сондықтан  да  əр  халықтың  тарихтық, 
экономикалық-əлеуметтік  дамуы  дəрежесіне,  соған  сəйкес  мəдениетінің  салт-санасының 
дəрежесіне лайықты болады. Оларда азды-көпті сол өзін жасаған жағдайдың ізі, ен-таңбасы 
болады» [3],– деген тұжырымдауын еске алсақ, қазақ халқы ежелгі бастан-ақ асқақ арманның 
иесі болғанын  білеміз. В.Г. Белинскийдің: «Батыстан шыққан ертегілерде рыцарьлық сипат 
бар  дағы,  шығыс  ертегілерінде  фантастикалық  қасиет  басым  жатса  керек»,  деген 
пайымдауыда пікірімізді шыңдай түседі. 
Осыдан  ата-бабамыз  творчествосы  ауыздан-құлаққа  таратып  жүрген  арман,  қиялына 
автордың  басты  көңіл  бөлгенін  дəлелдейді.  Сол  қиялдардың  көбі  орындалғаны  бізге  мəлім 
жəне  қадірі  біз  үшін  артық  дегенге  қосылуға  тұрарлық.  Бірақ,   қазақтың  ғасырлардан  
ғасырларға  жалғасып келе жатқан ертегілері бар. Əрине, қазір қазақ ертегілерінің барлығын 
табу мүмкін емес.  Сондықтан,  ертегілерге көбі ел аузында. Сол ертегілерді, қазақтың əдемі 
қияли  аңыздарын,    шыншыл  ертегілер,  күлдіргі  ертегілер,   аңыз  ертегілер  деп   бізден 
бұрынғы   зерттеушілер  жіктеп-жіліктеп  берген   барлық  ертегіні   жинау  мүмкін  емес  те 
шығар.  Бірақ,   талпынып  көруге  бел  байласақ,  «нұр  үстіне,  нұр  болар  ма  еді»  деген  ойда 
келеді. 
Қазақ  халқы  аңыздарға  көбірек  үміт  артқан  жəне  оны  түсіне  білген.  Ұрпақтан-ұрпаққа 
қалдырған.  Сол  баяғы  ертегілерден  біздің  дəуірімізге  жеткен.    Оған  əдебиетіміздің  тарихы 
көптеген дəлел берген. Осындай дəйектемелерді Мархабаевтың оқу құралынан көре аламыз.  
Н.Г. Чернышевский «Өмірдің өнерге эстетикалық қатысы» тақырыпты диссертациясында 
осы  турасында  «...Қиял  бізді  өмірде  жұтаң  болғанымызда  ғана  билеп  алады...  Төбемізде 
жақсы үй түгіл, тіпті жеркепе жоқ кезде қиял өзінің аспанмен тілдескен ақордасын салады... 
Өмірдегі  күйкі  тірлік  –  фантазиядағы  өмір  бұлағы»[4]  дегенді.  Мұнда  ұлы  ойшылдың 
жоқшылықтан  зардап  шеккендігін  айта  келе,  келешек  жастарға  тəлім-тəрбиесі  берудегі 
маңызы зор. Сондай-ақ, «қиял» атты күш арқылы үмітімізді үзбеуге болады деген ой келеді.  
Профессор  Мархабаев:  «Қиял  бір  орында  тұрмайды,  ол  əрдайым  таралып  кетуі  ғажайып 
емес.  Яғни, қиял аңыздар, ертегілер тегін жоққа шығара алмаймыз. Ол əлі де жүзеге асады. 
Əрине, ертегінің бəрін шындық дей алмаймыз», [5] – деп тұжырымдамалар бере келе, ғалым 
В.Я.  Пропптың  айтқанын  желеу  тұтады.  Фольклор  зерттеуші  белді  оқымыстылардың  бірі: 
«Ертегі  ешқашан нағыз шындыққа баланып көрген емес: ертегі – үстеме, ол тек қана ойдан 
шығарылғанымен əдемі. Алайда өзінің арман, қиялшылдығына қарамастан, ертегі халықтың 
асқақ  өмір  идеалын  паш  етеді»  [6].  Сонымен  бірге,  М.  Горькийдің  мына  бір  дəйектемелері 
келтіріледі: «Ішінде шындық кездеспейтін қиял жоқ, шындық пен тілек: аңнан адам əлсізірек 
–  демек,  адамға  аңнан  күшті  болу  керек;  алып  аңдар  аспандағы  құсты  ұстай  алмайды, 
осының  ақырында  ұшу,  жермен  шапшаң  жүру  –  «желмая  етік»,  «ұшқыр  кілем»  т.с.с. 
армандалды... Ертегі гипотезаның прототипі іспеттес» [7]  деп көрсеткен. 
Фантаст,  зерттеуші:  «Бір  ескеретін  жəйт  –  біз  «ертегі  –  тұтасымен  шындық»  деген  пікір 
айтудан  аулақпыз»  дей  келе,  ғалым  В.Я.  Пропптың  айтқанын  желеу  тұтуға  болады. 
Фольклор  зерттеуші  белді  оқымыстылардың  бірі:  «Ертегі  ешқашан  нағыз  шындыққа 
баланып  көрген  емес:  ертегі  –  үстеме,  ол  тек  қана  ойдан  шығарылғанымен  əдемі.  Алайда 
өзінің  арман,  қиялшылдығына  қарамастан,  ертегі  халықтың  асқақ  өмір  идеалын  паш  етеді» 
деген тұжырымына мысал келтіреді. 

29 
 
Жоғарыда 
айтылған 
ойлар, 
Мархабаевтың 
қиял-ғажайып 
ертегілерге 
деген 
тұжырымдарының бір бөлігі. Ғалым қазақ ертегілерін зерттеу үстінде бұдан да көп  жемісті 
жұмыстар жасауда.  
Тек  ғылыми-теориялық  жұмыстар  жүргізу  барысында  келе,  зерттеуші  ылғи  да  жинақы 
дəйектеме  жасайды.    Еңбектерінде  əр  уақытта  фантастикатанушылардың,  қиялгер-
жазушылардың  өздерінің  немесе  жанр  турасында  пікір  білдірген  іргелі  ғылымын  жасаушы 
оқымыстылардың  пікірлерін  дəлел  ретінде  пайымдап  отырады.  Біз  бұдан  нəтиже  жасасақ, 
профессор  Мархабаев  осы  жанрдың  əлеуметтік  фантастика  жəне  ғылыми  фантастика 
салаларын  қалыптастырып,  тұжырымдады  дей  аламыз.  Қиял-ғажайып  ертегінің  өмірге 
жанасымы жөніндегі пікірге қосыламыз. 
.............................................
 
1.
 
/Мархабаев А-Х. «Қазақ қиялының «жүріс – тұрыстары» фантастика жанрытарих жəне 
теория» оқу құралы.// Алматы «Жазушы» – 2011. - 3 б./ 
2.
 
/Мархабаев А-Х. «Қазақ қиялының «жүріс – тұрыстары» фантастика жанрытарих жəне 
теория» оқу құралы.// Алматы «Жазушы» – 2011. - 13 б./ 
3.
 
/Кенжебаев БҚазақ ертегілері // Əдебиет жəне исскуство. – 1940. - 1. – 79 б
4.
 
/Чернышевский Н.ГСобрсочВ 16-ти томахТ.2. - М.: Советский писатель, 1949. – 36 б.// 
Алматы «Жазушы»  
5.
 
/Мархабаев А-Х. «Қазақ қиялының «жүріс – тұрыстары» фантастика жанрытарих жəне 
теория» оқу құралы.// Алматы «Жазушы» – 2011. - 50 б./ 
6.
 
/Народные русские сказки АфанасьеваВ 3-х томахТ.2. – М.: Советский писатель, 1960. – 15 
б./ 
7.
 
/Горький МСобрсочВ 30-ти томахТ.27. – М.: Советский писатель, 1953. – 105 б./. 
 
 
Молдабеков
 Ə.,  
ф.ғк,  Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері 
 
КОМОНДОР АБДУЛ-ХАМИТТІҢ ОРАЛУЫ 
 
Жер планетасынан ұшып шыққалы бері қанша ғасыр өтті десеңші. Бес ғасыр  бағытымыз 
құс  жолы  бойындағы  Арыстан  шоқжұлдызы  болатын  еді,  бірақ  астероиттар  көшіне  тап 
болып, бағыт өзгеріп шыға келмесі бар ма... Міне,  туған жерге, өзіміздін күн жүйесіне қайта 
оралу  қандай  қуаныш.    Табло-экранда  ғарыш  кемесінің  бағыт-бағдарын  көрсетіп, 
компьютерлік темір дауыспен комондор Абдул-Хамид мырзаға ескертеміз, сөйлепте экранда 
жазуда шығып тұр: 
-  Ғарыш  кемесі  күн  жүйесіндегі  жер  планетасына  384400  шақырым  қалды.  Бағдарламаға 
байланысты осы қашықтықта тоқтауға тиістіміз, жер планетасы рұқсат бергенше...  
-  Бұлар  бəрін  дұрыстаса  да  бюрократтықтан  айырыла  алмайды  ғой,  -  деп,  комондорым 
Абдул-Хамид  мырс  етті  де,  жұлдыздар картасына  қарады.  –  Анар,  əлгі,  Айгүл қайда?  Тағы 
қандай жаңалықтары бар екен?      
-  Абдул-Хамид  аға,    алдағы  голограмалық  экранға  көз  салсаңыз.  Сізбен  біреулер 
сөйлеспекші.  
- Ой тəйірі!.. Олар айды мекендейтін «сəулелі»  халқы ғой! 
- Ол қай халық?.. 
-  Олар  адамзат  молекулаларының  атомдарынан  құралған  физикалық  тұрғындар.  Сендер, 
оған үрке қарамаңдар. Олай қара, бұлай қара, бірақ, олар да өзіміз сияқтылар ғой. 
- Комондор, яғни, қалай айтасыз, олар, жансыз ғой... 
- Бұл дүниеде бəріміз де жансыз-жанды дүниеміз ғой, басқаша қарауымыз керек! 
- Жер планетасына 384400 шақырым қашықтықтамыз, - деген Алпамыстың «темір  текті» 
дауысы естіледі ғарыш кемесі ішінде. 
-  Ой,  тəйірі.  Ол  жер  мен  ай  арасындағы  қашықтық  қой.  Оны  не  үшін  қайталайды  анау, 
робот Алпамыс? 

30 
 
- Комондор ағай, робот мырзаның қызметі сол ғой. Қай планетаға, қай жұлдыздар əлеміне 
қанша  шақырым  қалды  немесе  келесі  планетаға  қашан  жетеміз,  осының  бəрін  біліп  отыру 
оның міндеті ғой, -  деп, Анар Алпамысты қорғаштай сөйледі. 
- Ал, анау Қобыланды робот не бітіріп жүр? 
-  Ол  бүкіл  бөлмелерді,  блогтарды  тексеріп  жүр,  басқа  планеталардың  микроэлементтері 
жерге бармасын деген сақтықпен корабльдің бүкіл бітімін тексеру үстінде, - деді Анар.  
Сөйтті де: 
- Робот Қобыланды өлең шығарыпты, соны қайталап айта береді,  айта береді,  аға! – деді. 
- Ал, ол қандай өлең екен?..  
- Өзінен сұраймыз ба, əлде, мен айтып берейін бе?..  
- Өзі жұмыс істей берсін, сен айта сал. Қырымның қырық батыры эпосы  сияқты ұзақ емес 
шығар. 
- Мен оқып беремін, жазып алған едім.  
Анар электронды кітапшасын алды да, оқи жөнелді: 
-
 
Марста махаббат - басқадай, 
Муж ПИ-дің алдында толған қыз. 
Жігітке гүл сыйлап, жанынан тастамай, 
Бір-бірден қолтықтап алған қыз!..  
- Қалай, аға, ұнай ма, өлең? 
-  Тұра  тұр,  тұра  тұр.  Бұл  бір  ақынның  өлеңі  болуға  тиісті.  Есіме  түспей  тұр,əлгі 
Құдиарбектін өлеңі емеспе екен - деп, комондор ойланып қалды.  
Тағы  да  голограммалық  экранда  «сəуле»  халқы  пайда  болды.  Сырылып,  дыбыссыз  
ашылған есіктен ішке кіре бере Айгүл сөзге араластып: 
-  Бұлар,  баяғының  депутаттары  сияқты  жақсылықты  үйіп-төгіп  жатыр,  жерге  қондырмау 
үшін, - деді. 
- Е, бұлардың ортасы сиреп қалған ғой, неге ашық мəтінмен кетті десем, - деді, комондор. 
- Ол не, сиреп қалғаны қалай? 
-  Оған  əлгі,  Қосылған  ағаларың  кінəлі.  Ол  70  жасында  медициналық  акедемияны  бітіріп, 
жаңалық ашты, адам жасын бес ғасырға жылжытты. 
- Олай болса, жер адамдары жасарып кеткен ғой. Қосекең бес рет үйленген шығар, -  деп, 
Айгүл күлімсіреп Анарға қарады. Бұлардың əзілдерін комондор бөліп жіберді. 
- Əй, қыздар, жеңгелеріңнен таяқ жеп қалып жүрмеңдер. Ол да Қосылған сияқты. Жап-жас 
емес  пе.  Біз  жерге  қонғаннан  кейін  бізді  бір-екі  ай  немесе  жарты  жылдай  барокамераға 
жатқызып,  жасымызды  жермен  сəйкестендіреді.  Біздің  жасымыз  космостық  өлшемен 
өлшенеді. Сендерге қазіргі сəтте, түсінікті болар. 
- Айгүл, жаңа ғана депутаттар жайлы не айтпақ едің? Əлгі, «сауле» халқы голограммалық 
экранда пайда болған кезде, – деп, комондор Айгүлге қарады. 
-  Иə,  депутаттар  100  мектепті  саламыз,  арзан  үй  салып  береміз,  ұшақ  немесе  тікұшақтар 
шығарамыз  деп  жүргенде  өздері  жайқалып,  пісіп  тұрған  астықтың  қар  астында  қалып, 
ысырап боп жатқанын көрмеді ғой. Ал аталармыз болса даладан масақ жинап, бір уыс бидай 
үшін кезінде жазықты болып, сотталып та кетті емес пе. 
-  Иə,  ондай  депутаттарымыз  болды  ғой,  президентімізді  де  алдаған,  халықты  да  алдаған, 
мектептерді  де    жапқан.  Шағын  ауылдарды  да  жоқ  қылды  ғой.  Алпамыс  қайда  жүр, 
метеориттер туралы жаңа ақпарат бар деп еді.  
Алпамыс  дыбыссыз  жылжып  келе  қалды  да,  əскери  адам  құсап  комондорға  өзінің  есеп 
картасын, экран арқылы метеориттер жайлы суретемені көрсете жөнелді. 
-
 
Міне,  желтоқсан  айы,  осы  айдың  7  мен  20-сына  дейін  Теменид  деп  аталатын 
метеориттер  көші  басталады.    Леонид  метеориттер  көші  10  мен  20  қараша  аралығында 
аяқталатын  еді.    Өткен  айдың  аяғы  мен  осы  айдың  басында  жерге  қонуымыз  керек  еді, 
программалық есеп бойынша.  
-
 
Енді  Квандрантид  метеориттер  көші  қаңтардың  ортасына  дейін  созылады,  күтеміз... 
күтеміз.  

31 
 
Екі-үш рет қайталап сөзін аяқтады  Алпамыс-робот.  
Аудитория  іші  тып-тыныш.  масаның  ызыңы  естілердей.  Лектор  Абдул-Хамид  ағамыз 
аудиторияны бір шолып өтті де көзі Дəуірге түсті. Иə, ақын бала түні бойы өлең жазған ғой 
деп ойлады да,  «Айжан, ана бəлекетті оятшы!» деді.  Айжанның қолы тиер тиместен Дəуір 
атып тұрып, өлең оқи жөнелді: 
Ай астында бір көл бар, 
Ат шаптырса жеткісіз. 
Ортасында алуа-шекер бар, 
Татқан қулар жеткісіз. 
Қараша үйде  қара бар , 
Хан ұлы басып өткісіз, 
Алланың бір күні бар, 
Бір жарым айда жеткісіз. 
Мұңдас ерлер болмаса, 
Менің айтқан сөздерім, 
Құлқына жаман жеткісіз. 
-     Əй қу, Махамбет  шығармаларын  əлі өткен жоқпыз, отыр!..  
Аудитория іші қыран-топан күлкі.  Дəуір сендерге не,  күлкілі ме дегендей, өзі бір нəрсені 
бүдіргенін  сезе  қойды  да  орнына  отыра  кетті.      Қош  делік,    мына  баланың  ойын 
жалғастырайық.  Мысалы,  шығармаға  тақырып  қып  қойған  «Ай  астындағы  бір  көлі»  несі?     
Асанқайғы  –  Жерұйықты,  Томас  Мор  –  Утопия  аралын  жер  бетінен  іздесе,  Махамбет 
фантазиясы өз планетасынан да алысқа , аулаққа, Айға ұшып шыққаны ма?    Солай болуы 
рас шығар. Себебі:  «ат шаптырса жеткісіз» дейді ғой. Асанқайғының  Желмаясы жетпейтін 
жер бетінде географиялық нүкте жоқ, барлығына да бара алады. Ал, Ай астындағы көлге ат 
тəріздес көлік жете алмайды. Мүмкін, космос кемелері қажет болар....осымен тоқтайық , бұл 
əнгімені кезі келген кезде жалғастырамыз. 
Алдағы  СРСП сабағына ақын Əсеттің «Ағаш ат»  поэмасын оқып, өз беттеріңше  талдап 
келесіздер, оқымысты мырзалар.   Босыңдар,    үзіліс! -   деді де, ұстаз есікке бет алды.  
 
 
Данаева
 Н
ҚазҰУ  магистранты
 
 
МАРҚА КӨҢІЛДІ МАРХАБАЕВ 
 
Сіздің  еңбектеріңізбен  едəуір  ертерек  таныссам  да,  жүзіңізді  бір  көру  бақыты  биыл 
бұйырды,  аға!  Өз  басым  осы  əл-Фараби  атындағы  университетінің филология факультетіне 
1994  жылы  келгенде,  өмірден  өз  орнымды  таптым  деп  шын  қуандым!  Білім  ордасына 
келісімен, тіл мен əдебиеттің бал қаймағынан дəм татырып, "Сөз өнерінен" қуырдақ жасап, 
қазақ, орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларынан мысал келтіре отырып, оқиға желісіне 
еріксіз  жетелейтін  Зейнолла  Қабдолов  ағамыздан  есіміңізді  ең  алғаш  1994  жылдары 
естігенмін.  Зейнолла  Қабдолов:  "Жазушы  -  проза,  драматургия  саласында  бір  шығармасын 
жазу үшін, жазайын деген нəрсесін басынан өткеруі керек,- дейтін. Кейіпкерінің басындағы 
жағдайын жазушы өзі сезінбейінше,  ол шығармасының жазылып дүниеге келуінің екіталай 
екендігін, тіпті суға кеткен бала туралы жазу үшін Лев Толстойдың  өзі беліне арқан байлап, 
өзенге  тұншығуға  арнайы  барғанын  майын  тамыза  айтатын.    Орыс  əдебиетіндегі 
классиктердің шығармалары сондықтан да тың келеді,-дей келе: Өз арамызда да фантастика 
саласында  тамаша  шығармалар  жазып  жүрген  Марқа  көңілді  Марқабаев  деген  ағаларың 
жүр,- деп сұқ саусағымен жоғары жақты көрсететін. Сонда біз марқа көңілді Марқабаевтың 
"Ғарыштағы  қымыз"-ын  жазу  үшін,  кейіпкерлеріне  қымыз  таратуға    шынымен  Айға 
кеткеніне таң қалысқанбыз. Еліміздегі қымызды марсиандықтарға дəм татуға əкеткен екен-ау 
деп,  одан  келе  салысымен,  небір  шығармалардың  дүниеге  келетініне  бала  көңілімізбен 

32 
 
сенгенбіз.  Зейнолла  Қабдоловтың  аузынан  Тəуелсіздіктің  алғашқы  онжылдығындағы 
фантастика  жанрына  қалам  тартып  жүрген  жазушылар    ретінде  атыңызды  жиі  еститінбіз. 
Содан бері де талай жыл өтті. Əкеміздей боп кеткен Зекеңнің өзі кетсе де, санамызға салып 
берген  сөздері,  əуезді  үндері  мен  көз  алдымызға  елестетіп  əкеп  беретін  кейіпкерлері  мен 
авторлары  санамызда қалды... 
...Жадымызда  сол  кездері  қымызын  арқалап  ғарышқа  кеткен  "Марқа  көңілді 
Марқабаевтың"  өз  кабинетінде,  ғарыштан  оралғаннан  кейінгі  шығармаларымен  танысу 
бақытын  биыл,  кеш  болса  да,  бұйыртқанына  разымын.  ҚазҰУ-дың  журналистика 
факультетіне жоғарғы білімді маман болып оралып, өзіңіздің дəрісханаңыздағы "Ғарыштағы 
қымыздың"  дəмін  мен  де  таттым.  Бір  кездерде  өзіңізді  айға  шығарып  салып  тұрып,  тың 
шығармалар күткен балаңыздың қолына тиген бұл еңбегіңіздің кейіпкерлері айда емес жерде 
екенін  енді  ұқтым,  аға!  Ғарыштарға  қиялмен-ақ  барып  келіп  жасаған  бұл  ерен  еңбегіңізді 
оқып  отырып,  қарқылдап  бала  көңілмен  күліп  те  алдым.  Өзімнің  бір  кездердегі  шала 
түсінігіме, əрине.... 
Кейіпкерлермен  таныспын,  енді  авторды  көру  мен  үшін  қызық  еді.  Кабинетіңіздің 
сыртындағы  ойға  батқан  суретіңізді  көріп,  туған  əкемді  көргендей,  қуандым.  Жылы 
шырайлы  жүзіңіз,  күңгірттеу  келген  көзілдірігіңіз,  ойға  батқан  отырысыңыз  расында 
əкемнен  айнымайды!  Қаңтардың  қақаған  қысында  студенттерге  берген  дəрісіңізді  менің  де 
тыңдағым келді.  
- Бүгін Мархабаевтың сабағы!  
- Ол кісі магистранттарға дəріс береді! 
- Ертеңгі дəрісі сағат түгеншеде! 
...Мен жұмысқа тұрғалы естіген  сөзім осы бола тұра, ағаның дəріске келмегеніне өкіндім. 
Бір  күні  кабинетте  жалғыз  отырғанмын.  Есік  айқара  ашылды.  Қолында  сөмке  ұстаған  жас 
жігіт, артынша балдағына сүйенген, аққұбаша келген қарт кісі кірді. Мен іздеген автор осы! 
Суреттегі əкем осы! 
Ішке  енген  бойда  :  -Ия,  Сізді  штабтың  бастығы  дейді  ғой,  жоғарыдағы  бастығыңыз 
қайда?!- деді. Біркездерде Зейнолла Қабдолов айтқан "марқа" көңілді ағамыздың көңілі мені 
бірден "штаб бастығы" қылды-ау, -деп қатты састым. Сол кездегі менің штаб бастығы емес, 
Сіздің шəкіртіңіз болғым келетінін айтып сыбырлағанымды өзімнен басқа ешкім естіген жоқ. 
Арадағы  кішкентай  диалогтың  өзі,  менің  сəби  көңілімді  марқайтып  тастады.  Артынша-ақ, 
жапа  тармағай  көрісуге  келген  əріптестер:  "Ооо,  Хамаң  келді!-  десіп,  арқа-жарқа  болысып, 
бірінен кейін бірі келіп, амандасып жатты. Осы сəттен-ақ, Сізге деген құрметтің, Сізге деген 
əріптестеріңіздің  сағынышын  көріп,  мен  де  Сізді  жақсы  көріп  кеттім,  аға!  Əр  апта  сайын 
дəріске келгеніңізде: - Айналайын,  сендер көп нəрсені білулерің керек, бізден де білгендерің 
көп  болу  керек!  Ол  үшін  көп  оқу  керек!-  деген  сөздеріңіз,  "Мынаны,  біздер,  кімдер  үшін 
жазып  жүрміз?-деп  газет  бетіндегі  мақалаларға  шейін  алдымызға  əкеп  тастайтыныңыз, 
шабыт берді. Мен алдыма мақсат қойып келгенмін. Енді біржола бекідім: Қайтсем де шəкірт 
болып  оралып,  осы  кісілерден  дəріс  алуым  керек!  Білімімді  жалғастырып,  толықтыруым 
керек!  
Содан  бері  міне,  тоғыз  ай  өтіпті.  Мен  қойған  мақсатыма  жеттім!  Алдыңызға  расында  да 
штаб бастығы емес, шəкірт болып оралдым! 
Тоғыз  айда  дүниеге  бала  да  келеді  ғой,  Сізді  көрген  тоғыз  айда  осылайша  дүниеге  эссе 
келді! Эссемен бірге алдыңызға жас шəкірт магистр келді! Мен расында да бақыттымын, аға!  
 
 
 

33 
 
 Zhaparova A, 
KazNU named after Al-Farabi 
 
SCIENCE FICTION 
 
   Derived  from  Latin  word  "litterae"  literature  implies  the  art  of  written  work.  The  following 
word literally stands for "things made from letters". Literature divides into two major forms - fiction 
and  non-fiction,  and  two  huge  techniques—poetry  and  prose.  Non-fiction is  one  of  the  two  main 
divisions  in  literature,  the  other  form  being fiction.  Non-fiction  is  a  story  based  on  real  facts  and 
information. Non-fiction is sometimes called journalistic, non-fiction is a result or representation of 
a subject  which is presented as  fact. Literature can also be classified on  historical periods,  genres, 
and  political  influences.  The  sizable  forms  of  Literature  are:  novel,  poem,  drama,  short  story, 
novella. Diverse works of literature are categorized by genre. Genre is a category characterized by 
similarities  in  style,  or  subject  matter.  The  classic    considerable  genres  of  Literature  are:  Drama, 
Romance, 
Satire, 
Tragedy, 
Comedy, 
Tragicomedy. 
Genre 
is 
based 
on 
 
two 
categories: Fiction and Nonfiction. Non-fiction  genres  involve  biography,  autobiography,  essay, 
narrative non-fiction, speech, textbook. Common genres of fiction: drama, fairy tale, fantasy, fable, 
fiction  narrative,  fiction  in  verse,  folklore,  horror,  humor,  legend,  historical  fiction,  mystery, 
mythology,  poetry,  realistic  fiction,  science  fiction,  short  story,  tall  tale.  Now  we  will  focus  our 
attention on science fiction. Science fiction is a genre of fiction. Various dictionaries give a plenty 
of explanation to science fiction, here are some of them. According to definition written in the free 
dictionary by Farlex science fiction is a literary or cinematic genre in which fantasy, typically based 
on  speculative  scientific  discoveries  or  developments,  environmental  changes,  space  travel,  or  life 
on other planets, forms part of the plot or background {1}. Collins English dictionary presents this 
definition, science fiction is a literary genre that makes imaginative use of scientific knowledge or 
conjecture {2}. One more definition from Random House Kernerman Webster's College Dictionary, 
science  fiction  is  a  form  of  fiction  that  draws  imaginatively  on  scientific  knowledge  and 
speculation.  Science  fiction  deals  with  breaking  ground,  imaginative  content  such  as  futuristic 
settings,  visionary,  advanced  science,  innovative  technology,  space  ravel,  time  travel,  parallel 
universes, extraterrestrial life. Science fiction is widely based on writing rationally about alternative 
possible  worlds  or  futures  {4.}.  Majority  of  science  fiction  stories  rely  on  a  appreciable  degree 
of suspension of disbelief, which is assisted the progress  in the reader's mind by potential scientific 
explanations  or  solutions  to  multifarious  fictional  elements.  Science  fiction  components  mainly 
include these components: 
1. Sundry universes, measurement, dimensions and travel between them. 
2. Mint and various political or social systems, e.g. dystopian, post-scarcity, or post-apocalyptic.  
3.  Pioneering  or  presumable  technology  such  as ray  guns, teleportation machines,  and 
humanoid computers. 
4.  Paranormal  abilities  such  as apportation,  mind  control, automatic  writing,  aura  reading, 
bilocation  or  multilocation,  precognition,  premonition  and  precognitive  dreams,  dowsing,  energy 
medicine, remote viewing, retrocognition, transvection, scrying, pyrokinesis,  telepathy, telekinesis, 
and teleportation. 
5.  Heroes  include giants,  aliens, mutants,  half  giants, androids,  zaratans,  zombies,  fairies,  shape 
shifters,  vampires,   humanoid robots and  other  types  of  characters  arising  from  a  future  human 
evolution. 
6. A spatial setting or scenes in outer space (e.g. spaceflight), on other worlds, or on subterranean 
earth. {5} 
7.  New  scientific  principles    which  contradict  to  accepted  physical  laws,  for  example time 
travel, wormholes, or faster-than-light travel or communication. 
8. A time setting in the future, alternative timelines,  in a historical past. 
Science fiction is considered to be confusing and onerous to delineate, as it has broad range of 
subgenres  ad  themes.  Considerable  number  of  distinguished  scientist  tried  to  examine  this  genre. 

34 
 
Damon  Knight,  Mark  C.  Classy,  Vladimir  Nabokov,  Robert  A.  Heinlein,  Rod  Serling,  Lester  del 
Rey and etc. The following list contains the names of notable science fictions writers and authors. 
Mention  that  this  is  not  full  paper  of  all  fiction  authors.  Dafydd  ab  Hugh (born  1960),  Alexander 
Abasheli (1884–1954),  Edwin  Abbott  Abbott (1838–1926), Flatland,  Kōbō  Abe (1924–1993), 
Robert  Abernathy (1924–1990),  Dan  Abnett (born  1965),  Forrest  J  Ackerman (1916–2008), 
Douglas  Adams (1952–2001),  Robert  Adams (1932–1990),  Ann  Aguirre (born  1970),  Jerry 
Ahern (born  1946),  Humayun  Ahmed (born  1948),  Jim  Aikin (born  1948),  Alan  Burt 
Akers (pseudonym  of Kenneth  Bulmer),  Brian  Aldiss (born  1925),  David  M.  Alexander (born 
1945),  Lloyd  Alexander (1924–2007),  Roger  MacBride  Allen (born  1957),  Hans  Joachim 
Alpers (1943–2011),  Richard  Bachman (pseudonym  of Stephen  King), Desperation,  Paolo 
Bacigalupi (born  1972),  Hilary  Bailey (born  1936),  Kage  Baker (1952–2010),  Scott  Baker (born 
1947),  J.  G.  Ballard (1930–2009),  Iain  M.  Banks (1954-2013),  Steve  Alten (born  1959),  Genrich 
Altshuller (1926–1998), Kingsley Amis (1922–1995), Paul Rafaelovich Amnuél (born 1944), Kevin 
J.  Anderson (born  1962),  Poul  Anderson (1926–2001),  Christopher  Andrews (born  1970),  Patricia 
Anthony (born  1947),  Piers  Anthony (born  1934), Xanth,  Christopher  Anvil (1925–2009) 
(pseudonym  of  Harry  C.  Crosby),  K.  A.  Applegate (born  1956),  E.L.  Arch (1922–1988) 
(pseudonym of Rachel Cosgrove Payes), Eleanor Arnason (born 1942), Robert Arthur (1909–1969), 
Catherine  Asaro (born  1955),  Neal  Asher (born  1961),  Francis  Leslie  Ashton (born  1904),  Isaac 
Asimov (1920–1992),  Janet  Asimov (born  1926),  Nancy  Asire (born  1945),  Robert  Asprin (1946–
2008), MythAdventures, Phule's  Company,  A.  A.  Attanasio (born  1951),  Margaret  Atwood (born 
1939), Ayerdhal (born 1959) and so on. So many  novels, books, films are set on this genre. Well, 
why do we need science fiction? Reasons: 
1. Hope for better life, situation, circumstances 
2. The tendency to escape from daily reality or routine by indulging in daydreaming, fantasy, or 
entertainment. 
3. Science fiction life is more convenient, easier, sometimes better 
4. A place where rationality and creativity come together. 
5. Science fiction challenges, motivates, stimulates our minds, thoughts, reasoning.  
6. Immense consideration of what it means for human, manly. 
7. The brainy excitement of What if? scenario.  
The study of science fiction, or science  fiction studies, is the critical assessment, interpretation, 
and  discussion  of  science  fiction  literature,  film,  new  media,  fandom,  and  fan  fiction.  Science 
fiction  scholars  take  science  fiction  as  an  object  of  study  in  order  to  better  understand  it  and  its 
relationship to science, technology, politics, and culture-at-large {6}. 
........................................ 
1. Free dictionary by Farlex, 2007 
2. Collins English Dictionary, HarberCollins Publishers, 2003 
3. Random House Kernerman Webster's College Dictionary, 2010 K Dictionaries Ltd. Copyright 2005 by 
Random House. 
4. Del Rey, Lester (1979). The World of Science Fiction: 1926–1976. Ballantine Books. p. 5. 
5. Sterling, Bruce. "Science fiction" in Encyclopædia Britannica 2008 
6.   National  Science  Foundation survey: Science  and  Technology:  Public  Attitudes  and  Public 
Understanding. Science Fiction and Pseudoscience. 
 
Сəрсенбай
 Ж.А
ҚазҰУ қызметкері  
 
МƏТІННІҢ ДИСКУРСТЫҚ АСПЕКТІСІ 
 
Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы зерттеулер 
өріс  алып,  дискурс  пен  мəтінді  ажыратқан  еңбектер  жариялануда.  Тұтас  алғанда  дискурс 
талдау теориясы – қазақ тіл білімі үшін жас, əлі толық қалыптаса қоймаған, лингвистиканың 
пəнаралық сипаттағы саласы.  

35 
 
Дискурс – өмірдегі, яғни шынайы  уақыттағы нақты оқиғалардың тілге көшкен тізбегінің 
ағымы  болса,  мəтін  –  дискурс  үзігі,  ол  жанр  заңдылықтарына  сай  рəсімделеді  немесе  тіпті 
арнайы рəсімделмеуі де мүмкін. Сонымен қатар дискурс шынайы уақытта туса, ал мəтіннің 
өз  ішінде  сақтап  қалған  уақыты  болады.  Таратып  айтсақ,  шынайы  уақытта  белгілі  бір 
дискурс  нəтижесі  болған  мəтін  ішіндегі  уақыт  шынайы  уақытқа  сай  түспейді,  бұл  жайтты 
мəтін мен дискурстың басты ерекшелігін танытатын негізгі белгінің бірі деп санаймыз. 
Қазақстандық тілші ғалымдардың зерттеу  еңбектерінде дискурс теориясының мəселелері 
арнайы  зерттеу нысанына алынып та, өзге проблемаларды  сөз ету  барысында да талданып 
жүр.  Арнайы  диссертациялық  зерттеулер  жазылып  дискурс  теориясының  негізгі 
мəселелерінің кейбірі анықталды. Нақты тоқталсақ, ҚР Білім мен ғылым министрлігі Ғылым 
Комитеті  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтында,  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық  университеті,  Абылай  хан  атындағы  Əлем  тілдері  мен  халықаралық  қатынастар 
институты,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті  ғалымдарының 
жетекшілігімен,  кеңесшілігімен  дайындалған  зерттеулерде,  ғалымдардың  өздерінің 
жұмыстарында дискурс талдау теориясының мəтін мен дискурстың арақатынасы мəселелерін 
анықтау  (Бүркітбаева  Г.),  дискурс  түрлерін  ажырату  мен  тіл  мəдениеті  проблемасымен 
сабақтастығы  (Уəли  Н.),  прагмастилистика  мен  мəтіннің  прагматикасы  мəселелерін 
анықтаудағы дискурс мəселелері (Əлкебаева Д., Ерназарова З.Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ., 
Жумагулова  Б.С.),  кинодискурс  мəселелері  (Нұрмышева  Ш.А.),  дискурстың  просодикасы 
(Альпатина С.), тілдік тұлға мен дискурс арақатысы проблемалары жəне дискурстық талдау 
мəселелері  (Мұратова  Г.),  дискурстың  құрылымы  мəселелері  (Садирова  К.Қ.),  дискурстың 
жекелеген  түрлерін  арнайы  зерттеу,  мысалы,  диалогтік  дискурс  (Саденова  А.Е.),  газет 
дискурсы (Сабитова Ш.А.) т.с.с. қарастырылған. Дискурс теориясының негізгі мəселелеріне 
қатысты дайындалған диссертациялардың қорғалуы 10.02.02 - қазақ тілі, 10.02.01 - орыс тілі, 
10.02.19  -  тіл  теориясы  мамандықтары  бойынша,  негізінен,  2009-2010  жылдарда  жүзеге 
асқан.  Дискурс  мəселелері  магистрлік  диссертациялардың  да  зерттеу  нысанына  айналған. 
Қ.Жұбанов 
атындағы 
Ақтөбе 
мемлекеттік 
университетінің 
«6К0205-филология» 
мамандығының  2  курсында  З.Молдағұлова  «Интернет  дискурстың  интерпретациялану 
ерекшеліктері»  тақырыбында  (филология  ғылымдарының  докторы  К.Қ.Садированың 
жетекшілігімен),  2  курс  магистранты  К.Төрезақ  «Көркем  дискурс  ерекшеліктері» 
тақырыбында  (профессор  М.  А.  Мұсаев  жетекшілігімен)  диссертация  жазып  жүр.  Олардың 
ізденіс  нəтижелері  түрлі  халықаралық  конференцияларда  тыңдалып  талқыланды.  Сонымен 
қатар  аталған  оқу  орынында  «050205-филология»,  «050117-қазақ  тілі  мен  əдебиеті», 
«6К0205-филология»  мамандықтарына  элективті  курс  сапасында  «Дискурс  талдау 
теориясы»,  «Көп  пропозициялы  дискурс»,  «Дискурсология»  пəндері  оқылып,  соған  сай 
«Дискурс  талдау  теориясы»,  «Көп  пропозициялы  дискурс»  (Садирова  К.Қ.),  «Поэтикалық 
мəтін жəне оның дискурстық бірліктері» (Аитова Н.Н.) оқу құралдары мен  «Қазақ тіліндегі 
көп  пропозициялы  дискурстың  құрылымдық  негіздері»  (Садирова  К.Қ.)  тақырыбындағы 
монография  басылым  көрді.  Енді  аталған  бағыттағы  зерттеулермен  танысып,  оларды  оқу 
барысында көңілге түйген қорытындыларымызды ортаға салсақ: 
Дискурс  теориясына  қатысты  жазылған  зерттеулерде  дискурс  түрліше  анықталып  жүр. 
Д.Əлкебаева:  «Дискурс  нақты  айтылған  сөз  деген  мағынамен  сəйкес  келеді,  өзінің 
мағыналық-ақиқаттық мазмұнымен қоса экстралингвистикалық факторларымен жүйеленетін 
сөйлесімдерді  айтады»  деген  тұжырым  жасайды  [1,32].  Ж.Кеншінбаева:  «Дискурс  - 
қолданыстағы  мəтін,  яғни  сөйлеу  тілінің  нақтылы  коммуникативтік  қарым-қатынас 
орнатудағы  қызметі»,  -  десе  [2,12],  профессор  Н.Уəли:  «фреймі  «автор»,  «сөз  актісі»  - 
«адресат»  жəне  сөз  жағдаяты  (сөздің  қандай  ситуацияда  айтылғаны)  деген  құрылымдардан 
тұратын  коммуникативтік  «уақиға»,  -деп  түсіндіреді  [3,19].  Г.Г.Бүркітбаеваша,  дискурс 
дегеніміз  -  мəтін  мен  интеракцияға  қатысушылар  жəне  коммуникативтік  жағдаят 
қосындысы.  Біздің  анықтауымызша,  дискурс  дегеніміз  -  шынайы  өмір  үзігіндегі  көріністің 
сөйлеу əрекеті арқылы санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы [4,23]. Дискурс дегеніміз 
-  дайын  мəтіннің  сөйлеу  əрекетін  туғызушылар  мақсатына  сай  күрделі  əрі  нақты 

36 
 
коммуникативтік  жағдайға  айналуы.  Ал  Ш.А.Нұрмышеваша,  дискурс  дегеніміз  - 
коммуниканттардың  сөз  жағдаятын  ескере  отырып  шынайы  өмірдегі  оқиғаларды  өздерінің 
когнитивтік,  тілдік,  аялық  білімін,  прагматикалық  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы 
коммуникативтік  мақсатқа  орай  өз  тілдеріндегі  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық 
жүйелер арқылы тілге көшіруі, диалогқа түсу əрекеті [5,30]. 
Ғалымдардың  дискурс  терминіне  берген  анықтамалары  түрліше  болғанымен,  олардың 
барлығының  да  дискурсқа  тəн  деп  көрсеткен  белгілері  бар:  бұл  -  дискурстың  диалогтік 
сипаты,  сөз  жағдаятына  сай  орындалатын  сөйлеу  əрекеті  екендігі.  Дискурстың  диалогтік 
сипатына  коммуникацияға  қатысушылар  санының  кем  дегенде  екеу  болуы  жатпайды, 
сөйлеуші  түзіп,  қолданысқа  түсірген  мəтіннің  қандайда  бір  тыңдаушыға  бағытталуы 
жатқызылады.  Ал  бұл  тыңдаушы  сөз  түзушінің  өзі  болуы  да  ықтимал.  Мысалы,  адамның 
өзіне арнап жазатын күнделігі (сөзді түзуші де, түзілген сөзді қабылдаушы да бір субъект), 
өзімен-өзі кеңесуі т.с.с. 
Дискурс  талдау  мəтіннен  сол  мəтінді  түзушінің  қатысқан  дискурсын  қалпына  келтіруге 
бағытталады деуге болады, бұл кезде мəтін мен дискурстың өзара сабақтастығы басшылыққа 
алынғанымен,  мəтіннің  түзілу  ортасы  немесе  коммуникативтік  уақиға,  жағдаят  қалпына 
келтіріледі.  Сондықтан  да  дискурстық  талдау,  дискурстық  тəжірибе,  əлеуметтік  тəжірибе 
терминдері  қолданылып,  дискурс  теориясының  негізгі  ұғымдық  аппаратының  қатарын 
түзген.  Дегенмен,  дискурстық  талдау  жасаудың  сипаты  былайша  беріліп  жүр:  дискурстық 
талдау кез келген көлемдегі мəтінге жүргізіледі де, мəтіннің лексика-синтаксистік құрылымы 
ғана сарапталмайды, мəтінді кім жазды, қашан, қайда, кімге арнап жазды, қандай мақсатпен 
жазды,  тіпті  автордың  нормативті  ұстанымы,  идеологиялық,  бағалауыштық  бағыты  қандай 
деген  сұрақтарға  жауап  алыну  үшін  талдау  (тіпті  сараптама  деуге  болады)  жүргізіледі. 
Дегенмен  бұл  талдау  жүргізу  үшін  анықталған  сұрақтардың  қатары  мəтіннен  оны  түзген 
авторға  қатысты  ғана  бағытталған,  дискурстық  талдау  жасауда  адресант  -  мəтін  -  адресат 
тұтастығы  алынса,  адресант  -  мəтін  қатынасын  анықтауға  ғана  мүмкіндік  береді  деп 
ойлаймыз,  ал  толық  дискурстық  талдау  жасауда  осы  қостағанның  қатарына  мəтін-адресат 
қатысын анықтайтын сұрақтарды қосамыз: мəтін сол кездегі оқырманға қандай ой туғызды, 
оны  дəлелдейтін  мəтіндер,  ондағы  метафоралар  мен  осы  сипаттағы  бірліктер,  мəтіннің  əр 
дəуірдегі  оқырманға  əсері  мен  бағалануы,  оны  бекіткен  мəтіндер,  яғни  дискурстық  талдау 
жасалып отырған уақытқа дейінгі (мəтін авторынан жаттанған, яғни түзіліп болып дискурсқа 
айналған  сəттен  бастап)  оқырман  санасымен  əрекеттесіп  соның  нəтижесінде  қоғамдық 
пікірлерді  бекіткен  мəтіндерді  талдаумен  толығу  керек  деп  есептейміз.  Сонда  ғана  дискурс 
пен  оның  нəтижесінде  түзілген  мəтін  тізбегіндегі  өзгерістер  мен  дискурстық  кеңістіктегі 
болмысы  анықталады.  Қалай  болғанда  да  мəтінде  дискурс  арқылы  бекіген  тіл  бірліктерін 
«сөйлетіп»  дискурсты  қалпына  келтіру  дискурстық  талдау  сапасында  толыққанды  болады 
деп есептейміз. Бірақ бұл өте күрделі мəселе. Өйткені «əр сарапшы немесе дискурс талдауды 
жасаушы» да субъекті, ол да тек өз мəтінінің қожасы бола алады. Мəселен, зерттеу нысанына 
алынған  (мектеп  оқулықтары)  мəтіндердің  өз  авторлары  бар.  Тек  кейбір  мəтіндер  ғана 
энциклопедиялық  еңбектерден  алынған  немесе  газет  мақаласы.  Көбіне  «Ел  аузынан» 
кітабынан,  «Əдеп»  кітабынан,  «Аңыздан  ғажап  ақиқат»  кітабынан,  «Шешендік  сөздер» 
кітабынан,  «Заман-Қазақстан»  газетінен,  «Ана  тілі»  газетінен,  «Егемен  Қазақстан» 
газетінен алынған [6]. Дегенмен олардың жасаған дискурс талдаулары белгілі бір қоғамдық 
пікірлердің  қалыптасуына  немесе  қалыптасқан  қоғамдық  пікірлерді  өзгертуге  апарады. 
Сондықтан  да  дискурс  талдау  жүргізудің  үлгілері  қазақ  тіл  білімінде  қалыптасқан  деуге 
болады, бірақ оның жетілдірілуі мен мəтін талдаудан ерекшеленуі де болашақтың еншісінде, 
дискурс теориясының негізгі мəселелерінің бірі санатында қалады. 
Өмірдің  əртүрлі  салаларын:  дін,  ағартушылық,  заң,  саясат,  əдебиет  т.б.  қамтитын 
дискурстар  белгілі  бір  заңдылықтар  көлемінде  құрылады.  Сондықтан  біз  дискурстарды 
əдебиет,  саясат,  ғылым,  дін,  заң  т.б.  деп  бөлеміз.  Əрбір  дискурс  түріне  мектеп 
оқулықтарынан  мысал  келтіре  кетейік.  Мысалы,  əдебиетті  қамтитын  мəтіндердің  бірі  –
Б.Есқуатұлының «Ұлтым деп өткен ұл еді». Мəтін: Қараңғылықпенбұйығылықпен жалғыз-

37 
 
жарым  арпалысып,  елінің  көгіне  «жарқырап  шығып,  күн  болуға»  талпынған 
асылдарымыздың бірібірі емес-аубірегейі – Бөкей ордасынан шыққан өз заманының озық 
ойлы  зиялысы,  ағартушы  əрі  ел  билігін  ұстаған  қайраткер  Мақаш  (Мұхамеджан
Шолтырұлы Бекмұхамбетов болған
Өткендегі  қай  қазақ  зиялысын  алып  қарасаңыз  да,  олардың  ерекше  тандандыратын  бір 
қасиеті  бар.  Бұл  –  бəрінің  де  жан-жақты  білімпаз,  бесаспап  оқымысты  болып  келетіні
Мейлі  дəрігер,  заңгер,  мал  маманы,  əскери  қызметкер,  темір  жол  инженері  болсын,  бəрі  – 
шетінен  көркемсөз,  көсемсөз  шебері,  тамаша  саясатшы,  тарихшы,  этнограф,  шежіреші
Бірақ  бүгінгі  ұрпақта  сол  қасиеттің  кемшін  жатуы  қынжылтады.  Бар  саланы  былай 
қойғанда,  бір  саланы  жақсы  игере  алмай  жатуы  –  ұлтымызды  өсірмейтін  қасиет.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  да,  Мақаш  əкім  –  үлкен  ағартушы,  көсемсөз  шебері,  өз  өлкесінің 
тарихынхалқының салт-санасын зерттептерең білген тарихшыэтнограф (78-б.).   
Бұл  мəтіннен  оны  түзген  авторға  қатысты  ғана  бағытталған,  дискурстық  талдау  жасауда 
адресант  -  мəтін  -  адресат  тұтастығы  алынса,  адресанттың  айтпақ  ойы  «Тарихтағы  Мақаш 
Бекмұхамбетовтің  есімін  жаңғырту  жəне  қазақ  жастарын  жақсы  қасиеттерге  баулу»  болды 
деген пікірдеміз. Өйткені  «əр сарапшы немесе дискурс талдауды жасаушы»  да субъекті, ол 
да  тек  өз  мəтінінің  қожасы  бола  алады.  Дегенмен  олардың  жасаған  дискурс  талдаулары 
белгілі  бір  қоғамдық  пікірлердің  қалыптасуына  немесе  қалыптасқан  қоғамдық  пікірлерді 
өзгертуге  апарады.  Жəне  де  мəтінде  кездесетін  зəрезап  сөзіне  мұғалім  міндетті  түрде 
түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймыз.  
Дін  дискурсына  қатысты  газеттен  алынған  «Исламнан  имандылық  үйрендім»  атты 
сұхбатқа құрылған мақалаға тоқталайық: 
Құранды оқып шықтыңыз ба?  
 -  Əлбетте.  Гете  өзінің  бір  естелік  жазбасында  былай  деген:  «Бұл  кітапта  кісіні  өзіне 
қарай тартатын бір құдіретті күш барСол себепті оған екінің бірінің тəуекел етіпжай 
күнделікті тұрмыси тілмен аударуы мүмкін емес...». Менің ұғымымдаҚұран – ең қасиетті 
кітап.  Оның  арабша  айтылуы  мен  оқылғанда  шығатын  жан  тербетер  əуені  аса 
тартымды.  Сондықтан  Құранды  аударуға  аса  ыждағаттылықпен  қараған  абзал.  Арабша 
нұсқасы  аудармасымен  бірге  қатар  берілсе  құба-құп.  Өйткені  оның  мазмұнының 
бұрмаланып кетуі кешірімсіз күнə болады (192-б.).  
Діни  дискурс  бойынша  жазылған  мəтінде  автор  қабылдаушыны  исламның  негізгі  кітабы 
болып саналатын Құран туралы дəріптейді, яғни жас жеткіншектерді имандылыққа шақыру 
мақсаты  көзделген.  Діни  идеологияны  дəріптеу  де  мектеп  жасындағы  оқушыларға  керек 
дүние деп білеміз. 
Саяси  дискурстың  табиғатында  дискурстың  барлық  негізгі  ерекшеліктері:  когезия, 
бүтіндік, прагматикалық мақсат, ақпараттық, грамматикалық жəне аяқталым категориялары 
кездеседі. 
Саяси тілдің қарапайым тілден айырмашылығы,«саяси лексика» терминологияға бейім, ал 
күнделікті  «саяси  емес»  тілдік  белгілер  əрқашанда  қарапайым  тілдегідей  қолданылмайды, 
дискурстың ерекше құрылымы, кейде сөйлеу тəсілдерінің өте ерекше нəтижесі, дискурстың 
дыбыстық  жəне  жазбаша  көркемделуі  де  ерекше.  Мұндай  мəтіндер  мектеп  оқулықтарында 
кездеседі  ме  деген  сұрақ  туындайды.  Талдау  жүргізу  барысында  кездескен  мəтінде:  1921 
жылы  10  желтоқсан  күні  өткен  қазақ  қызметкерлері  қатысқан  кеңестің  күн  тəртібіне 
қойған мəселесі екеу:  
1.
 
Қырдағы  аудандардың  аштыққа  ұшыраған  тұрғындарына  нақты  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыру.  
2.
 
Қазақ қызметкерлерін осы жұмысқа тарту жəне оларды тиімді пайдалану
...Жолдас Жангелдин төрағалық етті.  
Қырдағы  аудандардың  аштыққа  ұшыраған  тұрғындарына  нақты  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыру туралы М.Əуезовтің баяндамасы тыңдалдыƏуезов жолдас аштарға көмек 
көрсету  ұйымдарының  аяғы  əлі  қыр  еліне  жетпегендігін,  олардың  таяу  арада  жетуі  де 
неғайбыл  екенін  айтты.  Əуезов  оның  себебі  мынада  деп  көрсетті:  Шындығына  көшсек,  - 

38 
 
деді  Əуезов,  -  ашаршылық  жайлаған  қырдағы  елдің  қырылғанының  жанында,  қаладағы 
аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты əсер етедіЕгерде бұл аудандарды аштықтан 
құтқару үшін дəл қазір шұғыл түрде шешуші шара қолданылмасаонда Қазақ республикасы 
қазақсыз  қалады.  Көптеген  аудандардағы  қазақтар  көптен  бері  тек  қана  көртышқанмен
тышқанмен,  суырмен,  тағы  сол  сияқты  ұсақ  жəндіктермен  өзегін  жалғауда,  соның 
кесірінен əр түрлі жұқпалы аурулар мен індеттер естіп білмеген деңгейде таралып барады 
(182-б.).  Мысалдан  көріп  отырғанымыздай,  сол  кезеңдегі  саяси  ахуалды  көтеріп  отырған 
тақырыптардың бірі. Саяси дискурста көбіне саяси технологиялардың қарқынды дамуымен, 
БАҚ-тың орны өсуімен, саяси əрекеттердің театрландырылуы өсуіне, қоғамның саяси теория 
мен саяси коммуникацияға  назар аударуына  байланысты дамып келе жатқан  тіл білімінің 
бір саласы. Ал негізінде алдыңғы буын өкілдерінің заманында да саяси дискурсқа барғанын 
көреміз.  Сонымен  қатар,  саяси-идеологиялық  дискурстар  да  зерттеу  нысанына  алынған 
оқулықта  баршылық.  Мəселен,  Бүгінде  жұртшылық  жаңадан  салынатын  «экологиялық 
кесапаттарға» жол бермесе бермесАл əлдеқашан болыпбояуы сіңіп қалған «экологиялық 
апаттардан»  қалай  құтқара  алады?  Мəселен,  біздің  республикамызда  мал  бағылатын 
жерге  егін  салынып,  егін  салатын  жерден  кен  қазылып,  кен  қазылатын  жерге  қала  салу 
əлдеқашан үрдіске айналғанЖиырма миллиондай гектар тың игеріподан бірде барбірде 
жоқ астық аламызАл бұрынғы ол жерге жайылатын миллиондаған малдың қарасы құрып
жылма-жыл  тұрақты  өндіріліп  отыратын  миллиондаған  тонна  еттен  айырылдық.  Тағы 
да  көлемі  жағынан  соған  жуық  мал  бағатын  аумақты  тажал  қарулар  сынайтын 
полигондарға  бердік.  Оның  үстіне,  жылдан  жылға  былай  да  шөлейттеніп  келе  жатқан 
аймаққа  қалай  болса  солай  «индустриялық  алыптар»  орнатып,  одан  сайын  тақырлана 
түстік.  
Көмірді  де,  бокситті  де,  темірді  де,  тіпті  уранды  да  ашық  карьер  қазі  жолымен 
өндіреміз.  Мұндай  көзсіздіктен  тек  бір  ғана  республика  емес,  күллі  планета  зардап  шегеді 
ғой!  Əуелде  соны  неғып  ойламағанбыз?  Ойламағанымыз  –  білмегеніміз.  Ал  білмей  тұрып  іс 
қылудан  асқан  қиянат  болушы  ма  еді?!    (33-б.).    Шағын  мəтін  арқылы  коммуникативтік 
жүріс  не  монологтық  актідегі  өтініш  пен  аргумент,  эмоция  сипатталды.  Бұл  дискурстық 
актілерде  көрініс  тапқан  мағына  тұтастықтың  алғашқы  репликасы  иллокутивтілігі  жағынан 
тəуелсіз  (Бүгінде  жұртшылық  жаңадан  салынатын  «экологиялық  кесапаттарға»  жол 
бермесе  бермес.  Ал  əлдеқашан  болып,  бояуы  сіңіп  қалған  «экологиялық  апаттардан»  қалай 
құтқара  алады?),  сонымен  қатар  адресанттың  айтылымындағы  сұрау  түріндегі  өтініші 
болса, аргументіне  Мұндай көзсіздіктен тек бір ғана республика емескүллі планета зардап 
шегеді  ғой!  Əуелде  соны  неғып  ойламағанбыз?  Ойламағанымыз  –  білмегеніміз.  Ал  білмей 
тұрып  іс  қылудан  асқан  қиянат  болушы  ма  еді?!деген  айтылымдардағы  ақпаратты 
жатқызуға болады. Нақты айтсақ, коммуникант   
Дискурстың  макроқұрылымы  дегеніміз  дискурстың  негізгі  мазмұнының  жалпыланған 
сипаттамасы, ол ақпаратты түсіну үрдісінде адресат тарапынан құрылады. Оған дискурстың 
ірі  бөліктерге  мүшеленуі  жатады.  Атап  айтқанда,  əңгіме  эпизоды,  газет  мақалаларындағы 
абзацтар, ауызша диалогтағы репликалар тобы т.с.с. Аталған ірі бөліктер дискурста арнайы 
тəсілдермен  бөлектенеді:  ауызша  айтылымда  кідірістің  ұзаққа  созылуымен,  жазбаша 
дискурста графикалық жолмен жəне арнайы лексикалық құралдармен (қыстырма сөз не сөз 
тіркестерімен, көмекші сөздермен). Мысалы,  Шыңғыс хан заманында айтады екен:  «Құлаш 
бойым құласа да, тіккен туым құламасын» деп, міне, ендігі тілек – осы!» (34-бетте). 
Ал  осы  грамматикалық  тақырыптарды  жаттығу  арқылы  беруде  авторлар  əртүрлі 
мəтіндерден  үзінді  береді.  Мəтінді  оқытудағы  аса  маңызды  парадигма  –  ана  тілін  ұлттық 
құндылық  ретінде  меңгерту  парадигмасы.  Мəтіндегі  дискурстық  аспект  тұрғысынан 
қарастыруда басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып 
саналады. Ұлттық ділге негіз болатын нəрсе – Текті адам идеясы. Текті адамды, текті əулетті 
қалыптастыру  –  ізгілікті  қоғамның  басты  міндеті,  ұлттық  ділді  дамыту  –  тəрбиенің  алтын 
қазығы. Мəдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп 
қазығы, тірегі ретінде мəтіннің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып 

39 
 
жатыр. Сондықтан мəтін, біріншіден, оқушының өзге адамдармен қатынас деңгейін көтеруге 
қызмет  етеді.  Екіншіден,  сөйлеу  мəдениеті  табиғи  түрде  адамның  ойлау  мəдениетін 
жетілдіруге  жол  ашады.  Үшіншіден,  мəтіннің  қатысымдық  сапасын  меңгерту  оқушының 
тілін  дамытудан,  тілін  ұстартудан  басталып,  нəтижесінде  тілді  түйсінуге,  құрметтеуге, 
талғампаздықпен қолдануға əкеледі.  
Оқулықтарда  берілген  мəтіндер  оқушының  жас  ерекшеліктеріне  сəйкес  орайластырылып 
алынған. Тарихтан белгілі Мөденің дəуірі туралы мəтінде: «Мөденің дəуірі – ғұндарда ерлік 
жырын  тудырған  бір  жарқын  заман.  Оның  бар  өмірі  Қытайдың  озбырлық  ісімен  алысып
оны жеңіп шығуға не тең түсуге арналған- деп, ерлік туралы жазса, тарих қойнауындағы 
ұлы тұлғалар туралы да сөз болады. 
Кез келген мəтінді дискурстық аспект тұрғысынан қарауға болады. Мəселен, айтылымның 
түзілу  негізінде  жатқан  түп  ой,  ойлау  əрекеті  мен  ойлау  үрдісінің  өнімі  дискурста  көрініс 
табуының жəне қабылдаушыда дұрыс қабылдануының негізі болатындығын айтуға болады. 
Соның  негізінде  жағдаяттық,  дейктикалық  не  актілік-сөйлеу,  коммуникативтік, 
референциялы, модальды, логикалық, эмоционалды, интенциялы не иллокутивті деп мəтінде 
берілетін  семантикалық  түсініктерге  тоқталуға  болады.  Жағдаяттық  компонент  – 
семантикалық  түсініктің  хабар  мен  сөйлеу  актісіне  қатысты  кейбір  сыртқы  жағдаятты 
бейнелейтін бөлігі. Оның тілдік көрінісінің ең негізгі бірлігі – сөйлем.   
Жоғарыда  айтылғандарға  сай    53-жаттығуда  берілген  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек» 
романынан үзінді келтіре кетейік: «Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығадыҚасқырға тиді 
ме,  қосқа  тиді  ме,  əйтеуір  ағашы  кейде  бірдеңеге  тигенде  сүйсініп  қалады.  Қасқыр  одан 
жаман  өршеленеді.  Ақбілек  жан  ұшыра  сермейді.  Қасқыр  қамалайды,  Ақбілек  сабалайды
қасқыр  абалайды.  Ақбілек  «аллалайды»,  қасқыр  долданады,  Ақбілек  дөңгелейді...  Қасқыр 
күркілдейді...  Ақбілек  шырылдайды,  қасқыр  қырқырайды,  Ақбілек  шырқырайды...  Сөйтіп
Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...» деген жолдардан ақпараттың толық күйі дискурстың 
жалпы  мəнін  тірек  етуден  туындап  тұр  да,  сол  мəннің  ішінде  референциялы  компонент 
көмекке  келіп  отыр,  атап  айтқанда,  референттер  (Ақбілек,  қасқыр),  етістіктер  (өршеленеді, 
сермейді,  қамалайды,  сабалайды,  абалайды,  «аллалайды»,  долданады,  дөңгелейді, 
күркілдейді,  шырылдайды,  қырқырайды  т.с.с),  интонация  (көп  нүкте  таңбасымен  берілуі) 
белгілі бір қызмет етіп тұр. Біз талдауға нысана еткен үзіндіде бұл мынадай сипатта көрініс 
тапқан:  сөйлеуші  үшеу:  1)  автор,  2)  Ақбілек,  3)  қасқыр.  Сөйлеушінің  негізгі  мəндік 
тапсырмасын  орындауда  екінші,  үшінші  қатысушыларға  тіл  бітірген,  бұл  дискурс  мəні 
қабылдаушыларда (оқырмандарда) бұрыннан бар білімге сүйенілген (мал шаруашылығымен 
айналысатын  кəсіп  иелеріне  бұл  өмір  шындығы  таныс,  сонымен  бірге  қабылдаушылар 
жадында  бұрыннан  ауыз  əдебиеті  арқылы  тілсіз  кейіпкерлерге  тіл  бітіру  дағдысы  бар, 
сонымен  қатар  адамның  өміріне  ұқсастығы  бар).  Бұл  тұста  логикалық  компонент  іске 
қосылып  тұр.  Автор  өзі  тудырған  туындысының  əр  кейіпкерінің  сана-сезімін  өзінше,  өз 
ақылы негізінде түзіп отыр, сонда оның ақыл-ойынан туындаған үш топқа жіктеуге болатын 
(автордың өз атынан баяндауы мен Ақбілектің, қасқырдың пайымдауын) астырт жəне үстірт 
құрылым жұптастығы пайда болған. Бірақ шын мəнінде бұл бір ғана тілдік тұлғаның ақыл-ой 
жемісінің нəтижесі, сондықтан да авторға тəн айтылымдар (мəтіннен авторға бағытталғанда) 
осы барлық дискурс тақырыбына сай оны шоғырландыру жүйесі болып саналады.  
Əр қарым-қатынаста адам миында жағдайдың сызбалық моделі түзіледі де, сол құрылым 
қажетті  пропозициялармен  толықтырылады,  ал  олар  өз  кезеңінде  макропропозицияларға 
бірігеді де, макроқұрылым түзіледі Мысалы, 49-жаттығудың тақырыбы «Тұтанбаған темекі 
ғана  зиянсыз»  (авторы  –  Ə.Нəлібаев)  деген  жолдарды  оқығанда,  оқырман  тек  темекінің 
зиянын  ғана  қабылдамайды,  онымен  қатар  темекіге  қатысты  емдеу  əрекеттерінің 
бұрынғыларын да жадында жаңғыртып, соған қатысты модельдер іске қосылады.  
Мұндай  мəтінге  жүргізілген  жұмыс  түрлерінің  мына  сияқты  маңызы  бар.  а)  оқырман 
мəтіннің мазмұн-мəнін ұғады. Мəтіннің адам сезіміне əсер беретін жерлері арқылы адамның 
көңіл-күйлерін  көтереді,  жалпы  өмірге  деген  құштарлықтары  артады;  ə)  жұмысқа  деген 
қабілеттері  күшейеді,  өмірді  сүйеді,  жан-жағына,  қоғамға  сүйіспеншілікпен  қарайды, 

40 
 
қоршаған  ортаны  жақсы  көреді,  айналасындағыларға  көмек  бергісі  келіп  тұрады.  Немесе 
жоғарыдағы  айтылғандарға  қарама-қарсы  кері  де  əсер  болуы  да  мүмкін.  Ол  əрине  мəтіннің 
мазмұн-мəніне байланысты болады. Кері əсер дегеніміз жай көңілсіздіктен туады, неге олай 
етті,  əттеген-ай  деген  өкініш  болады.  Бəрібір  қандай  сезім  туса  да,  мəтіннің  мазмұны 
жақсылыққа  адамды  тартады,  жаманшылықтан  бездіреді.  Себебі  ол  мəтін  арқылы  біраз 
мəселемен  таныс,  сондықтан  ол  оған  қайғыра  алады,  оның  дұрыс,  бұрысын  іштей  сезінеді. 
Ең негізгісі – баланың логикалық ойын кеңейтіп, сөздік қорларын дамытады.  
......................................... 
1.
 
Əлкебаева  Д.  Қазақ  тілінің  прагмастилистикасы:  оқу  құралы.  -  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2008. – 258 б.  
2.
 
Кеншінбаева  Ж.  Қазақ  мəтінінің  семантика-интонациялық  мүшеленуі  (эксперименттік-
фонетикалық зерттеу): филолғылымдканд. ... авторефер. - Алматы, 2005. 27 б
3.
 
Уəли  Н.  Қазақ  сөз  мəдениетінің  теориялық  негіздері:  Филол.  ғыл.  докт.  ...  автореф..  - 
Алматы, 2007. - 49 б 
4.
 
Буркутбаева Г.ГДеловой дискурсОнтология и жанры. — Алматы, 2005 
5.
 
Нұрмышева  Ш.А.  Кинодискурс  аудармасының  коммуникативтік-прагматикалық  сипаты
фил.ғыл.канд. ...автореф. — Алматы, 2010.- 15 б
6.
 
Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқулығындағы мəтіндер
 
 
Сəдірқызы
 К
ҚазмемқызПУ  доцентіф.ғ.к
 
ТІЛ  МƏСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЛҒАШҚЫ СЫН ПІКІРЛЕР 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет