127
Дән толығу кезеңінде (мамыр айы) арпа өсімдігі ылғал тапшылығын сезінеді. Осы
себепті арпаның жалпы тіршілік кезеңінің ұзақтығы ауа райы жағдайымен шектелген.
Тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдардың, оның ішінде арпаның дән тиімділігі шекарасын
анықтайтын фактор – ауадан түсетін ылғал мөлшері және ылғалдың түсу мерзімі.
Өсімдіктер селекциясының негізі – жаңа түр үлгілерін пайдалана отырып,
селекциялық материалдың тектік қорын жаңалау болып табылады. Осыған байланысты
жаңа түр үлгілерін селекциялық жұмысқа пайдалану алдында оларды өнім құрайтын
сандық белгілері бойынша жан-жақты зерттеу қажет. Өсімдіктердің сандық белгілері
полимерлік гендермен басқарылады және олар сыртқы орта жағдайының әсерінен үлкен
өзгерістерге ұшырайды.
Дәнді дақылдардың өнім құрайтын негізгі сандық белгілеріне өсімдік биіктігі, өнімді
сабағының саны, масақ масақшасының саны, масақтағы дән салмағы, бір өсімдік дәнінің
алмағы, мың дәннің салмағы жатады.
Жемдік жаңа сорттарға қойылған талаптар тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің
жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәнінің
төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолданылу саласына байланысты
сапасының жоғары болуы.
Арпаның жемдік бағытындағы селекциялық жұмысы тәлімі жерде, ал сыра өндірісіне
бағытталған селекциялық жұмыс суармалы жерде жүргізіледі [4].
Жемдік астық дақылдарының ұрықтану органының жетілуіне ылғалдылық әсері
туралы көптеген авторлар атап көрсеткен. Олар өз зерттеулерінде өсімдіктің масақтану
кезеңінде ылғалдың жетіспеушілігі гүл шоғырының өсуін шектейді, онда гүлдеуі шамалы
болады, соның әсерінен дән түзілуі кемиді.
Астық тұқымдастар піскен кезде негізгі үдерісі – дәнде ақуыз бен крахмалдың
жиналуы. Арпаның өсіп-өну кезеңінде оның құрамындағы қант , крахмал мен
гемицелюлоздың түзуіне пайдаланып, оның мөлшері 6,62-8,98%-дан 2,55-3,40%-ға дейін
кемиді.
Дәннің алғашқы толысу кезеңінде дәнде көбінесе ақуыз жинақталады, ал крахмал
шамалы синтезделеді, сол себепті жас дәнде белок пен ерімелі қант көп болады. Өсімдік
балауызданып пісе бастағанда дәнде көмірсудың жинақталуы күшейіп, крахмалдың
синтезделуі едәуір артады; осы кезеңде ақуыз мөлшері біршама кемиді. Ал өсімдікте
протеиннің, майдың, қанттың кемуі мынадай себептерге байланысты: өсіп-өну кезеңінің
соңында тамыржүйесі сола бастайды да, фотосинтез тоқталады, осы кезде жапырақ пен
сабақтағы қоректік заттар дәнге ауысады. Тамыр жүйесі солғаннан кейін өсімдік тіршілігі
тоқтамайды, бұрын, жинақталған жеңіл гидролизденетін заттар тотығу үрдісіне жұмсалады
[5].
Өсімдіктердің өнімділігіне байланысты түзілетін өте маңызды селекциялық
белгілердің бірі масақтың дәнділігі болып табылады. Масақтағы дән санының даму
дәрежесін айқандайтын көрсеткіш – масақ ұзындығы және ондағы масақшалар саны. Арпа
сорттарының масақ дәнділігі бойынша комбинациялық қабілеттілігін зерттеу жұмыстары
аталған белгінің негізінен гендердің аддитивті әсерлерімен бақыланатындығын дәлелдейді.
Будандар өнімділігінің орта мәнімен өлшенетін сорттардың жалпы комбинациялық
қабілеттілік жекелеген комбинациялардың күтілген орта әсерден ауытқуын бейнелейтін
гендердің аддитивті емес өзара әсерлерімен басқарылады. Арпа үлгілерін талдап алуда ең
қажетті көрсеткіштері ретінде таңдап алынатын сорт өнімділігі мен сапасына қоршаған
ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін анықтауды басты мәселе ретінде
қарастыруды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: