Сборник международной научно-практической


Зерттеу нысаны және әдістері



Pdf көрінісі
бет163/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Зерттеу нысаны және әдістері
Қазақстандағы арпа генофондындағы сорттары Арна, Донецкий 8, Одесский 100, 
Қарабалық 150 және Целинный 91 сорттары сыра өнеркәсібіне қажетті арпаның 
талаптарына сай келетінін, ал ерекше көрініске ие- Әсем, Север 1, Қарағанды 4 сортары 
болып табылады.
Зерттеу нәтижелері және талқылау
Егістік алқаптарда егіншілік мәдениетін көтеріп, астық молшылығын қамтамасыз ету 
жөніндегі шаралар құрамында дәнді дақылдардың мол өнімді сорттарын пайдалану және 
тұқым шаруашылығын ғылыми негізде ұйымдастыру үлкен роль атқарады. Ғылыми зерттеу 
мекемелері мен озат шаруашылықтардың көп жылдық деректері астық түсімін арттырудағы 
сорттар мен будандардың жалпы үлесі 25-40% аралығында екендігін көрсетеді. Өсімдіктер 
дүниесін зерттеуде ерекше орын алатын аса көрнекті ғалым Н.И. Вавилов гектар 
берекелігін еселей дамытып, алынатын өнім сапасын жақсартудағы шешуші фактор ретінде 
сорттардың маңызы барған сайын күшейе түсетінін жайдан-жай атап көрсетпеген болатын. 
Сондықтанда селекция мен тұқым шаруашылығы екпе дақылдардың өнімділігін көтеріп, 
сорттардың биологиялық және шаруашылықтық қасиеттерін сақтаудағы негізгі салаға 
айналып отыр. Сыра өнеркәсібіне арналған арпаның күздік сорттарын өндірістерге енгізу 
кең көлем алып келе жатыр. Солардың бірі Дагестанда 2003-2005 жылдар аралығында 
тәжірибелі зерттеулер нәтижесінде А.Ш. Гимбатов және Е.К. Ибрагимованың сыра 
дайындауға арнап шығарылған арпаның күздік Дагестанский золотистый сортының өсіріп-
баптау технологиясына қойылған тәжірибесі мысал бола алады [2].
Сыра өнеркәсібіне арналған арпаны сұрыптау жұмыстары жақсы жолға қойылған 
Батыс Европа мемлекеттерінен 1979-1983 жылдары Расулов Р. Каттақорған сұрыптау 
орталығында арпаның 316 үлгісін зерттеген. Технологиялық қасиеттерін бағалауда Унумли 
арпа, ал өнімділігі жағынан Палладиум 596, Деа, Каршинский сорттары зерттеуге алынған. 
Жоғары өнімді сорттардың өнімділігі 50,6 - 55,8 ц/га құраған. Сол кезде Өзбекстанда 
Унумли арпа, Каршинский және суармалы егістік жағдайына Деа сорты аудандастырылып 
өсіріп-өндірілген. Унумли арпа тек Өзбекстанда ғана емес, сонымен бірге Түркменстанда, 
Қазақстанның Шымкент және Жамбыл облыстарында аудандастырылып, бірнеше жыл 
егіліп жүрген. 
Мәдени арпа (Hordeum sativum L.)
жеміс беретін масақшалар санына байланысты - 
көпқатарлы, екі қатарлы және аралық түр тармақтары болады.
 
1. Көп қатарлы, немесе кәдімгі арпа - Н. vulgare, масақ білігінің әр кемерінде өсіп-
жетіліп жеміс беретін үш масақша болады. Көп қатарлы арпа масақтың тығыздық дәрежесі 
бойынша екі топқа бөлінеді: 
 
Біріншісі - масағы тығыз, жуан, қысқа және көлденең қиындысының кескіні дұрыс 
алты қырлы болатын, дұрыс алты қатарлы (алтықырлы) топ. 
 
Екіншісі - масағы тығыз емес, дән қатарлары дұрыс орналаспаған, бүйір масақшалары 
біріне бірі кіріп тұрады, ортадаға масақшалар бүйірдегілерден жақсы жетілген [3] Арпаның 
екінші тобы масағының бет жағының екі жалпақ және бүйірінің екі жіңішке қырлары 
болады, оның көлденең қиындысының кескіні төртбұрыш түзеді.
 


126 
Сурет 1. Арпа. 1, 2-өну және тұқымның толысу кезеңіндегі өсімдік; 3, 4-екі қатарлы арпа 
және масақтың көлденең кескіні; 5-масақ сағағында орналасқан масақшалар; 6-қауызды 
және жалаңаш дән; 7, 8, 9, 10-дәл сондай көп қатарлы арпа масағының құрылысы; 11-
қылтандары өзгерген арпа масағы (фуркалы); 12-тегіс және тісті қылтандар бөліктері 
2. Екі қатарлы арпа -H.distichum L. Онда білік кемерінде отырған үш масакшаның тек 
ортасындағылары жеміс береді, бүйір масақшалары жеміс бермейді. Екі қатарлы арпалар 
бүйірлеріндегі жеміс бермейтін масақшаларының даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа 
бөлінеді: 
 
а) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының масақша және гүл кауыздары бар - nutantia R. 
Reg.;
 
б) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының тек масақша қауыздары бар - deficientia R. Reg.
 
Екі қатарлы арпа егістері тек nиtаntіа тобынан, ал арпаның екінші топ (deficientia) өкілдері 
қоспа түрінде кездеседі, әсіресе Закавказьеде. 
 
3. Аралық арпа - intermedium Vav. еt Orl- бұл түртармақ масағы білігінің кемерінде 1-ден 
3-ке дейін дән қалыпты жетілуі мүмкін. 
Біздің елімізде арпаның тек көп қатарлы және екі қатарлы түр тармақтары таралған. 
Әдетте, көп қатарлы арпа екі қатарлыға қарағанда тез піседі және құрғакшылыққа төзімді, 
сондықтан оны солтүстікте де, оңтүстікте де өсіре беруге болады. Күздік арпа тек қана 
көпқатарлы болып келеді.
 
Елімізде арпа егісінің көп жерін екі қатарлылардан - нутанс, ал көп қатарылардан паллидум 
алады. Бұл түршелерден басқа қылтансыз, немесе фуркатты арпалар-horsfordianum 
(масақтары сары, көп қатарлы, дәндері қауызды) және trifurcatum (масақтары көпқатарлы, 
сары, дәндері жалаңаш) белгілі шамада қызығушылық танытуда. 
Бұл түршелер сорттары өнімінің төмендігі мен өсу ортасының қолайсыз жағдайларына 
төзімсіздігіне байланысты біздің елімізде таралмаған.
 
Арпаның дәні бүйірлерінен қысылған жалпақ. Сұлы дәнінен айырмасы арпа дәні гүл 
қауызымен бірігіп кеткен. Екі қатарлы арпаның қауыздылығы 9-11% құраса, көп қатарлынікі - 
10-13 %. Көп қатарлы арпаның дәні ірілігі бойынша біркелкі емес, бүйір дәндері ұсақ және 
негізіне қарай сәл қисайған.
 
Оңтүстік Қазақстан – елімізде арпа өндірісін әрі қарай дамыту үшін үлкен 
мүмкіншілігі бар негізгі аймақ. Облыс климаты шұғыл континенталды. Оған тән 
ерекшеліктер: қысы суық емес, қары аз, орташа тәуліктік температурасы +3,2
0
С, көктемі 
жылы, жазы ыстық, күзі қоңыржай.


127 
Дән толығу кезеңінде (мамыр айы) арпа өсімдігі ылғал тапшылығын сезінеді. Осы 
себепті арпаның жалпы тіршілік кезеңінің ұзақтығы ауа райы жағдайымен шектелген. 
Тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдардың, оның ішінде арпаның дән тиімділігі шекарасын 
анықтайтын фактор – ауадан түсетін ылғал мөлшері және ылғалдың түсу мерзімі. 
Өсімдіктер селекциясының негізі – жаңа түр үлгілерін пайдалана отырып, 
селекциялық материалдың тектік қорын жаңалау болып табылады. Осыған байланысты 
жаңа түр үлгілерін селекциялық жұмысқа пайдалану алдында оларды өнім құрайтын 
сандық белгілері бойынша жан-жақты зерттеу қажет. Өсімдіктердің сандық белгілері 
полимерлік гендермен басқарылады және олар сыртқы орта жағдайының әсерінен үлкен 
өзгерістерге ұшырайды. 
Дәнді дақылдардың өнім құрайтын негізгі сандық белгілеріне өсімдік биіктігі, өнімді 
сабағының саны, масақ масақшасының саны, масақтағы дән салмағы, бір өсімдік дәнінің 
алмағы, мың дәннің салмағы жатады. 
Жемдік жаңа сорттарға қойылған талаптар тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің 
жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәнінің 
төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолданылу саласына байланысты 
сапасының жоғары болуы. 
Арпаның жемдік бағытындағы селекциялық жұмысы тәлімі жерде, ал сыра өндірісіне 
бағытталған селекциялық жұмыс суармалы жерде жүргізіледі [4]. 
Жемдік астық дақылдарының ұрықтану органының жетілуіне ылғалдылық әсері 
туралы көптеген авторлар атап көрсеткен. Олар өз зерттеулерінде өсімдіктің масақтану 
кезеңінде ылғалдың жетіспеушілігі гүл шоғырының өсуін шектейді, онда гүлдеуі шамалы 
болады, соның әсерінен дән түзілуі кемиді. 
Астық тұқымдастар піскен кезде негізгі үдерісі – дәнде ақуыз бен крахмалдың 
жиналуы. Арпаның өсіп-өну кезеңінде оның құрамындағы қант , крахмал мен 
гемицелюлоздың түзуіне пайдаланып, оның мөлшері 6,62-8,98%-дан 2,55-3,40%-ға дейін 
кемиді. 
Дәннің алғашқы толысу кезеңінде дәнде көбінесе ақуыз жинақталады, ал крахмал 
шамалы синтезделеді, сол себепті жас дәнде белок пен ерімелі қант көп болады. Өсімдік 
балауызданып пісе бастағанда дәнде көмірсудың жинақталуы күшейіп, крахмалдың 
синтезделуі едәуір артады; осы кезеңде ақуыз мөлшері біршама кемиді. Ал өсімдікте 
протеиннің, майдың, қанттың кемуі мынадай себептерге байланысты: өсіп-өну кезеңінің 
соңында тамыржүйесі сола бастайды да, фотосинтез тоқталады, осы кезде жапырақ пен 
сабақтағы қоректік заттар дәнге ауысады. Тамыр жүйесі солғаннан кейін өсімдік тіршілігі 
тоқтамайды, бұрын, жинақталған жеңіл гидролизденетін заттар тотығу үрдісіне жұмсалады 
[5]. 
Өсімдіктердің өнімділігіне байланысты түзілетін өте маңызды селекциялық 
белгілердің бірі масақтың дәнділігі болып табылады. Масақтағы дән санының даму 
дәрежесін айқандайтын көрсеткіш – масақ ұзындығы және ондағы масақшалар саны. Арпа 
сорттарының масақ дәнділігі бойынша комбинациялық қабілеттілігін зерттеу жұмыстары 
аталған белгінің негізінен гендердің аддитивті әсерлерімен бақыланатындығын дәлелдейді. 
Будандар өнімділігінің орта мәнімен өлшенетін сорттардың жалпы комбинациялық 
қабілеттілік жекелеген комбинациялардың күтілген орта әсерден ауытқуын бейнелейтін 
гендердің аддитивті емес өзара әсерлерімен басқарылады. Арпа үлгілерін талдап алуда ең 
қажетті көрсеткіштері ретінде таңдап алынатын сорт өнімділігі мен сапасына қоршаған 
ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін анықтауды басты мәселе ретінде 
қарастыруды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет