Сабақтың тақырыбы: Крахмал. Крахмал құрылысы. Крахмалдың физикалық және химиялық қасиеттері: иодпен реакциясы



Дата19.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#129517
түріСабақ
Байланысты:
50-сабақ.Полисахарид.Крахмал


Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп - интернаты

Мұғалімнің аты-жөні:

Сатмолдина Фарида Алиповна

Пән/Сынып:

Химия, 11 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

11.3 Оттекті органикалық қосылыстар

Сабақтың тақырыбы:

Крахмал.

Крахмал құрылысы.

Крахмалдың физикалық және химиялық қасиеттері: иодпен реакциясы,

гидролиз.Тағам крахмалының организмде өзгеруі.

№8 зертханалық тәжірибе

Крахмалға сапалық реакция»




Оқу мақсаты:

11.5.1.17 крахмалға сапалық реакция жүргізу;

11.5.1.18 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;

11.5.1.19 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру


Бағалау критериі:

  • сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атауды үйренеді.

  • крахмалға сапалық раекция жасауды біледі.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Крахмал.

Крахмал құрылысы.

Крахмалдың физикалық және химиялық қасиеттері: иодпен реакциясы,

гидролиз.Тағам крахмалының организмде өзгеруі.

№8 зертханалық тәжірибе

Крахмалға сапалық реакция»



Сенің білетінің:

Сенің меңгеретінің:

  • Полисахаридтердің өнімдерін танып білу










Презентация

Слайд 1


Слайд 2



8 минут



Жаңа сабақ

Крахмал (C₆H₁₀O₅)ₙ - табиғи полимер. Крахмалдың макромолекуласында қайталанатын буын саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін жетуі мүмкін. Крахмал гидролизденгенде глюкоза түзілетіндіктен, қайталанатын буын (C₆H₁₀O₅) глюкоза молекуласының қалдықтары деп қорытынды жасауға болады




Крахмал макромолекуласының сызықты және тармақталған құрылысты болатындығы анықталған. Глюкоза молекулаларынан крахмал молекуласы түзілген кезде үлкен молекулалы қосылыс қана емес, онымен бірге кіші молекулалы қосылыс - су түзіледі:

Поликонденсация реакциясы деп кіші молекулалы қосылыстардан үлкен молекулалы қосылыстар түзіліп, нәтижесінде қосымша өнім ретінде су, аммиак, хлорсутек т.б. Түзіле жүретін реакцияларды айтады.

Табиғатта таралыуы:Крахмал табиғатта кең таралған. Ол әртүрлі өсімдіктердің қоректік затының қоры болып табылады және крахмал дәндері түрінде кездеседі. Крахмалға бай дәнді дақыларға күріш (80%), бидай (70%), жүгері (70%), сонымен қатар картоп жатады (картоп түйіндерінде 20 %)

Алынуы.Физмкалық қасиеттері:

Крахмалды көбіне картоптан алады. Крахмал қоректік зат ретінде өсімдік дәндерінде кездеседі.

Крахмал – суда ерімейтін ақ ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоидты ерітінді – клейстер түзеді.

Химиялық қасиеттері:Крахмалдың өзіне тән қасиеті – оның йодпен әрекеттесуі. Крахмалдың суыған клейстеріне йод ерітіндісін тамызса, көк түс пайда болады.

Крахмалдың гидролизденуі сатылап жүреді. Алдымен крахмалға қарағанда молекулалық массалары аз декстриндер, әрі қарай сахарозаның изомері – мальтоза, содай кейін гидролиздің соңғы өнімі – глюкоза түзіледі:



Қолданылуы:

Крахмал – маңызды қоректік заттардың бірі. Организмде ол майлар сияқты алдымен гидролизге ұшырайды. Бұл процесс тағамды шайнағанда ауыз қуысында жүре бастайды. Әрі қарай крахмал гидролизі асқазан мен ішекте жалғасады. Түзілген глюкоза ішек қабырғалары арқылы қанға сіңіп, бауырға барады, бауырдан организмнің қалған бөліктерін қоректендіруге жұмсалады.














Презентация
Слайд 3

слайд 4

Слайд 5

Слайд 6


Слайд 7

Слайд 8-9



9 минут





Крахмалға қарағанда, оның гидролизденуінің аралық өнімдері – декстриндер организмде оңай сіңіріледі. Тамақты пісіру көбіне крахмалдың декстринге айналуына негізделген. Картопты немесе нанды пісіргенде крахмалдың ішінара гидролизі жүреді. Крахмал тағам ретінде ғана қолданылмайды. Тамақ өнеркәсібінде одан глюкоза және сірне алынады. Крахмал этил спиртін өндіруге жұмсалады.

Эксперимент жасау

№6 зертханалық жұмыс « Тамақ өнімдеріндегі крахмалды аны


Жаңа тақырыпты меңгеру







Слайд 10

Слайд 11-12



2 минут



Бекіту

Бүгінгі сабақта:

Полисахаридтерді анықтадыңыздар.

Тағам құрамындағы крахмалға зерттеу жүргіздіңіздер.

\Оқу тапсырмасы: Оқулық: 167-бет 1,2-тапсырма




Тақырыпты меңгергенін анықтау







Слайд 13

Слайд 13-14





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет