Ж. Тақырып: Дисахаридтер. Сахароза, құрылысы, алынуы, қолданылуы. Дисахаридтер



Дата01.04.2020
өлшемі30,23 Kb.
#61329
Байланысты:
Дисахаридтер. Сахароза, құрылысы, алынуы, қолданылуы.

31.03.2020 ж.

Тақырып: Дисахаридтер. Сахароза, құрылысы, алынуы, қолданылуы.
Дисахаридтер деп гидролизденгенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайтын көмірсуларды атайды. Дисахаридтерге сахароза (тағам ретінде қолданылатын қант), мальтоза, лактоза (сүт қанты) және целлюбиоза жатады. Олардың жалпы формуласы – С12Н22О11. Табиғатта ең көп тараған дисахарид-сахароза. Осы дисахаридтер гидролизденгенде келесі моносахаридтер түзіледі.

Сахароза +Н2О → глюкоза + фруктоза

Лактоза +Н2О → глюкоза + галактоза

Мальтоза + Н2О → глюкоза + глюкоза

Молекула құрылысын анықтау үшін глюкоза қатысатын реакциялармен сынағанда, сахароза ерітіндісі күміс оксидін тотықсыздандырмайтыны анықталған. Бұл сахароза молекуласындағы альдегид тобының глюкозидтік байланысқа түсетінін көрсетеді.

Егер жаңадан әзірлеген мыс гидроксидінің когілдір түнбасы сахароза ерітіндісін құйып, қоспаны шайқасақ, тұнба еріп, ашық көк түсті ерітінді түзіледі.



Сахароза – ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалды зат. Сахарозада бос жартылай ацетальды гидроксил топтары болмағандықтан, оның тотықсыздандырғыш қасиеті жоқ. Сахароза тотықсыздандырылмайтын дисахаридке жатады.

Сахорозаның химиялық қасиеттері оның құрамындағы функционалдық топтарға байланысты. Сахарозаның құрамында гидроксотоптарының болуына байланысты ол глюкоза сияқты мыс гидроксидімен әрекеттесіп, көк түсті мыс сахаратын түзеді. Ал қышқылдармен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Сахарозада альдегид тобы болмағандықтан ол күміс(І) оксидімен әрекеттеспейді.

Қолданылуы. Сахароза- сенімді, жеңіл, құнарлы, жоғары колориялы тағамдық зат организмде энергия көзі болып есептеледі.

Бұл сахароза молекуласында бірнеше гидроксотоптардың бар екенін дәлелдейді, әрі сапалық реакция болып табылады.

Табиғатта кездесуі. Сахароза қант қызылшасында немесе қант қамысында кәдімгі қант түрінде болады. Олардын басқа қайың, үйеңкі, жемістер мен көкеністер (жүгері) шырынында кездеседі.

Алынуы. Біздің елімізде сахарозаны қант қызылшасынан алады.Өйткені қант қызылшасында 28-30%-ке дейін сахароза болады.

Ол үшін қант қызылшасын жоңқалып, арнайы машинада турайды да, ыстық сумен өңдейді.Сонда су бүкіл қантты қызылшадан бөледі, ал қалдығы жем ретінде қолданылады.

Қазақстанда қант өндіретін ірі кәсіпорындар қатарында Талдықорған, Тараз , Ақсу, Мерке, Алматы т.б қант зауыттарын атауға болады. Оларда үздіксіз дифуззиялы процеспен жоғары сапалы қант өндіріледі.



Сахарозаның жақын изомерлері: мальтоза, лактоза, целлобиоза.
Мальтоза (солод қанты) - крахмал ферменттердің әсерінен гидролизденгенде түзіледі. «maltum» - латын тілінде «солод» деген мағнаны білдіреді.Тәттілігі сахарозадан төмен.
Лактоза (сүт қанты). Тек сүтте ғана кездесетін дисахарид.

Лактозаны сүт сарысуын кристалдау арқылы алады. Лактозаның тәттілігі қанттан 6 есе төмен, суда жақсы еритін, өте нәрлі зат. Лактоза гидролизденгенде глюкоза мен галактозаға ыдырайды.

Лактозаның молекуласындағы альдегид тобын тотықтырып, лактобион қышқылын алуға болады. Қыздырғанда лактоза күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен күміс айна реакциясына түседі, ал Фелинг сұйығымен әрекеттескенде реакцияның нәтижесінде мыс(І) оксиді бөлініп шығады. Сондықтан ол тотықсыздандырылатын дисахаридке жатады.

Целлобиоза. Мальтоза тәріздес дисахарид, айрмашылығы тек β- глюкозадан тұрады. Табиғатта клетчатканың құрамында кездеседі, сондықтан клетчатканы гидролиздеу арқылы алады.
 

Сұрақтар мен жаттығулар.

1.Сахарозаны неліктен дисахаридке жатқызады?

2.Сахарозаның физикалық қасиеттерін айтып беріңдер.

3.Сахароза қандай реакцияларға қатысады?

4.Сахарозаны қай заттың көмегімен сапалық анықтауға болады?

5.Сахароза табиғатта қандай өсімдіктердің құрамында кездеседі және оны

қалай бөліп алады?

6.Сахарозаның қолданылуын айтыңдар.



7.Сахарозаның қандай изомерлерін білесіңдер?

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет