Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық универси теті реферат тақырыбы



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата24.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#159664
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
реферат Агромет
Тестирование- Тест 10 (1)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Кіріспе

Орман
жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде 
өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне 
жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи 
кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл 
қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, 
жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. 
ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-
географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен 
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ 
түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, 
тропосферамен 
өзара 
белсенді 
әрекетте 
болады 
да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі 
орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын 
"өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман 
— географиялық 
ландшафт элементі. 
Орманда ағаш, бұта, 
шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.


Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, 
тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи 
ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым 
экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы 
жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар 
аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, 
аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, 
шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында 
өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар 
кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің 
орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-
өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және 
қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі 
жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл 
ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі 
жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ 
кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. 
Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр 
топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен 
бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), 
фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте 
ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл 
және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, 
көп жікқабатты ормандар өседі. Орман топырақтың 
құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және 
минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман 
топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында 
шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай 
топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды 
мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен 
өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман 
ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты 
ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған 
ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш 


бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) 
шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды 
аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-
санаторийлер’’’ орналастырылады. 
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-
дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып 
жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл 
О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-
н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі 
ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). 
Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын 
аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда 
қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар 
аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты 
ормандар өседі.Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи-
климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі 
Ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай. Бразилияда 320 
млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195 млн., Анголада 60 
млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50 млн., Үндістанда 46 
млн. га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегі Орман 
қорлары 760 млн. гажерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер 
Одағындағы орманның көлемі 816 млн. га, яғни жер 
аумағының 37%-ын алып жатты (оның 50%-дан астамы 
Ресейдің үлесінде). Бұл әлемдегі Орманның , яғни 25%-н 
құрады. Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы 
Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 – 
4%-н құрайды. 
Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде 
Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің 
негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда 
орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол 
түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы 
Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн. га, 
бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары 


республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала 
зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын 
ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-
шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-
Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол 
түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның 
солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды 
оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде 
өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр 
тауларының теңіз деңгейінен 500 – 2500 м биіктік 
аралығында қылқан жапырақты – қарағай, майқарағай, 
шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар 
өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі 
белдеуінде (600 – 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ 
жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, 
өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар 
құрайды. Биіктігі 1500 – 3000 м белдеулерде негізінен 
қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі – жасы 
300 жылға дейін, биікт. 40 – 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге 
жететін Тянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында 
– Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен 
жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал 
бұталардан – басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, 
долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма, 
грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат 
баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. 
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте 
түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. 
Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр 
түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не 
тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай 
көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылстардан 
қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған 
байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын 


микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе 
дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға 
шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. 
Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында 
күн сәулесінің 20-дан 50 процесінтіне дейін қала үстіндегі 
қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл 
көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы 
үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0,5 процент 
ультракүлгін сәуле бар екені анықталады, ал тау бөктерлеріндегі 
ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі 
болды. Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен 
және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозандармен де ластайды. 
Әсі- 
ресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде 
пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. 
Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл 
газдың көлемі жылына 0,3—0,5 процент өсіп отыратыны 
анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 %. 1988 жылдан бері 
оның көлемі тағы да 1,13 процентке ості. Егер ауаның көмір 
қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні 
белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе, онда күн 
сөулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып 
қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін 
деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ, онда 
ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер 
бетінденгі энергия космос кеңістігіне тарамай калады, ауаның 
температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер 
бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп теңіздер мен 
мұхиттардың сулары көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер 
бетін топан суы басып кете ме деген болжам бар. Қазіргі кезде 
ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікті радио-
телевизор хабарлары айтыл жатады. Газет-журналдардан оқып 
жатырмыз 0,04 продентке дейін СО2 жиналуы ғалымдардың 
болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз 
«парниктік эффект» дейітн құбылысты тудырады. Климат 
мүлдем өзгеріп кетеді, жылдық орташа температурас 0,8—3 
градусқа дейін өседі. 


Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны 
көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. 
Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргендс бір адамның бір 
жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті 
жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамға бір жылда тыныс 
алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, 
торф, газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп 
бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл 
жолдарды айлаудың өзі қорқынышты. 
Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс 
улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс 
жүйелері басқа биосфсра байлықтарын аяусыз пайдаланумен 
қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы 
газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, 
басқа да көршілес отырған елдерге нұсқан келтіруде. Өйткені ауа 
өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа 
ауысып отырады да улы, зиянды заттарды тарата береді. 
АҚШ-та жыл сайын ауаға 150—160 миллион тоннадай зиянды 
заттар қосылып отырады. Яғни жан басына шаққанда бұл әрбір 
адамға 400—500 килограмнан келеді. Зиянды заттардың жалпы 
химиялық құрамында 5,2 проценттей көміртектің тотығы, 18 про-
цент күкірт тотығы, 12 процент көмірлі өттек, 6 процент азот 
тотығы, 12 процент әртүрлі заттар бары анықталды. Осындай 
улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 
миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 
миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер 
жүзінде 300 миллиондай аетомобильдерден ауаға қосылып 
отыратын улы газдардың көлемі 200—250 миллион тоннадай 
болады. 
Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам 
денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс 
әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек 
алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. 
Ағылшын сөзі — тұман деген мағына береді. 
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман (смог)» 
түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық 
тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, 


сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы 
жағдайларға сәйкес, шет елдің мемілекеттерінде және біздің 
республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында 
автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар 
орнату, газбен және электр қуатымен жүретін 
электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен 
бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың 
альтернативті түрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары 
зерттелуде. 
Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп 
газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі 
жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып, әр түрлі 
улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін 
улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл 
орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мындаған 
адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты 
Лондонның түтінді тұманын американ ғалымы Л.Баттонның 
жазғанын төмендегі тараулардан оқисыздар. 
Ортаны қорғау агенттігі 1984 жьшды Америка Құрама Штат-
тары конгресіне «Ауаның ластануынан болатын экономикалық 
зиян» деген баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта 
есеппен алғанда жылына 2,3 миллиард доллар болған. 1900 
жылы оның көлемі 16,9 миллиардқа жеткен. 
1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (бұрынғы 
СССР-де) химия өнеркөсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың 
тонна изотопты, 12 мың тонна күкірт қышқылды, 30 мың тонна 
күкіртті ангидритті және көптеген басқа затгарды атмосфералық 
ауаға таратқан. 
Атмосфера ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты 
болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігі шұғыл 
«төмендейді. Күн сәулесі энергиясының 40—50 процентке 
жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы 
сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер 
біздің ‘ еліміздің (ТМД-елдерінің) барлық цемент заводтарында 
жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, 
олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент 
материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді 


де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шаршы километр 
территорияда айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми 
деректер біздің қолымызда бар. 
Планетаның радиоакгивті элементтер мен ластануы (улануы) — 
саналы және сауатты адамдарға белгілі. Бұл түсінікті дс. 
Жапонияда атом бомбасын жарылу қасіретінің салдарын 
сипаттап жазу, атмосферадағы ядролық қаруларды сынауға 
қарсы шығу біздің барлығмызды бұл зәру проблемаға егжей-
тегжейлі қанықтырады. 
Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде-бір сауатты және 
саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом 
полигонінде болған оқиға былай сипатталынады. Атом бомбасын 
жару үшін жергілікті халықты көшірген сымақты болып, бір жеті 
күн халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді-кішілі 54 
адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара 
түтіннің ішінен қызылды-жасылды оттарды көріп тамашалаған. 
Қараңғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы 
екенін. Сол адамдардан күні бүгінге біреуі де қалмай барлығы 
өліп қалған. 
Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда, Невада штатындағы 
полигонда 1957 жылдан бастап ядро қондырғыларынан 200-ден 
астам жер астында жарылыс сыналған. Барлық сынаулардың 
үштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен 
байланысты. Атом қаруының сынағы жүргізілетін Невада 
шөлінде 540 шаршы километрдей алаң уланып кеткен. 
Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивтік 
төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталынады деп 
ғалымдар тұжырым жасайды. 
Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті 
заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер, атом саласындағы 
мамандар кепілдік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткендей, 
ядролық технологияның соның ішінде «бейбітшілік» 
мақсатын-дағының ең күрделі проблемасы — жоғары активтік 
заттардың қалдықтары — цезий-137, стронций — 90 және 
басқаларын сақтауда болып отыр. Қазіргі Америкда осындай 
қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың 
қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашинітон 


штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет 
болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қалдықтар 
түскен. 
1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды: 
Тіпті елде жыл сайын өндірілетін радиоактивті қалдықтардың бір 
проценті ғана айналаны қоршаған ортаға түссе, радиоактиитік 
қарулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға тасталған 100 
атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі. 
Бірақ атом энергиясы жөніндегі комииссия қалдықтардың қалған 
90% қауіпсіз етіп жерлей ала ма?» 
Құрылықты радиоактивті зарарлаудан қорғай отырып, мұхитты 
ластайды. Көптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып 
бітеп, мұхиттың ең терең жерлеріне тастайды. Контейнерлердің 
беріктігі мен бұлар тасталынатын тереңдік қауіпсіздікті біраз 
уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім 
білмейді. 
Цирконий-93-тің радиоактивтік ыдырау кезеңі миллион жылдай, 
ал цезий-137-тікі үш миллион жылдай болады т.б. Өзімізді 
радиоактивтік қалдықтардан қауіпсіз ете отырып, кейінгі ұрпақ-
тарымыз үшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып 
отырған жоқпыз ба? Бұлар қашан да болсын контейнерлерден 
сөзсіз шығып, терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі 
мүмкін ғой. 
Басқа да тастандылар бар. Олар радиоактивті емес, алайда өте 
қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз күні 
бұрын өлшеніп, целлофан қапшыққа орап салынып қойылған 
конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзініндің ұлыңызға сыйға 
тартатын плюш аюды синтетикалық мөлдір қапшыққа мүқият 
оралып, сырты өсем бантпен байланған. Шампунь немесе 
ваннаға арналған қылқан сүйығы жұмсақ пластик флакондар 
сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін 
химиялық ыдыстар биосфераға түседі де, оны ластайды.
Биосфера – айналамыздағы табиғаттың тіршілік 
етушілер мекендейтін бөлігі. Оны біздің айналамыздағы 
ауадан, судан және топырақтан бөліп қарауға келмейді. 
Қазіргі кезде биосфераны табиғаттағы барлық ресурстардың 
жиынтығы есебінде түсінеді. Табиғат – бір - бірімен тығыз 


байланыста болып тұратын өте күрделі комплексті құбылыс. 
Ал, адамзат қоғамы сол табиғаттың бір бөлігі, ол онымен 
үнемі байланыста болған күнде ғана, тіршілік ете алады. 
Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі – ауа. 
Мысалы, адам тамақсыз бес жетіге шыдаса, сусыз бес күнге, 
ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам 
тәулігіне 4 - 5 килограмдай су, тамақ ішетін болса, дем 
алғанда 23 - 24 килограммдай ауа жұтады. Тамақ ішу, жұмыс 
істеу қимылдары тоқтағанмен, адамда тыныс алу процесі еш 
уақытта 
тоқталмайды. 
Бүгінде экологиялық жүйеге өң беріп, тіршіліктің тынысы 
болып келген жердің жасыл жамылғысы да азайып келеді. 
Талай өсімдіктер мен жануарлар жер үстінен өліп кетті, 
кейбіреулеріне жойылу қаупі төнуде, олар Қызыл Кітапқа 
тіркелді. Сондықтан болу керек, қазір табиғи байлықтарды 
толық пайдалану арқылы табиғатты қорғау мәселесі дүние 
жүзі халықтарын алаңдатып отырған ірі ортақ мәселеге 
айналды. 
Экологиялық сауатсыздықтың нәтижесінде табиғат, оның 
қорлары, жалпы қоғам зор шығынға ұшырауда. 
Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің 
экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен 
жауапкершілік пен парасаттылық қарым - қатынасын 
қалыптастыру.Химия пәнінен орта білім берудің негізгі 
міндеттердің бірі – табиғатты аялай білуге баулу, химияны 
және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, 
судың және топырақтың ластануын болдырмау. Минералды 
тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғайтын заттарды 
пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу. Соңғы 
кезге дейін химияны кілең мадақтайтын сыңаржақтылықты 
қойып, оның табиғатқа, ағзаға және адамның денсаулығына 
тигізетін әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру. 
Химия сабақтарындағы Оттегі , Ауа және оның құрамы , 
Отын және оны жағу тәсілдері , Су , Минералды 


тыңайтқыштар , Мұнай өндіру т. б. тақырыптарын 
қарастырғанда жалпы біліммен қоса, оқушылардың бір сәт 
назарын 
экологиялық 
білімге 
аударып 
келемін. 
Экологиялық білім беру баланың табиғатқа сүйіспеншілігі 
мен қамқорлығын арттырып, игерген білімді дұрыс қолдана 
білуге мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет