Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады.
Рационализм немесе ұтымды таным - бұл ақылдың көмегімен алынған ақпарат негізінде ақпарат алу тәсілі. Бұл сезімталдықтың айырмашылығы, ол сезімге ерекше назар аударады. Атауы латын тілінің коэффициентінен шыққан. Енді әлемге танылған, ұтымды және сенсационализм осы үдерістің қажетті бөлігі болып табылатын көзқарас қабылданады. Философиядағы ұтымды білім - зерттеушінің жеке көзқарасына қарамастан, зерттеу объектісін зерттеу процесін неғұрлым бейтараптандыру әдісін жасау тәсілі, Рационализмді ұстаушы Декарт, Спиноза, Кант, Гегель және басқа да философтар. Олар сенсорлық қабылдау тек қана нақты шындықты көрсетпейтін бастапқы ақпаратты ғана бере алатынын, сондықтан тек ақыл-ойды танымның жоғары деңгейінде қолдану керек екенін айтты.
4.Танымның логикалық формалары. Таным және білім. Ғылыми таным және оның ерекшеліктері.
Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |