Семинар Тақырыбы: Көркем шығарма, оның құрылысы Орындаған: Изтлеуова Р. Б



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі32,75 Kb.
#85353
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6-Семинар сабақ
3015 10416 56550, Презентация, Аа
3. Сюжеттер түрі.
Оқиғалардың арасындағы байланыс характерге тәуелділігне қатысты екі негізгі типпен ерекшеленеді: хроникалы және шоғырлы (концентрациялы). Хроникалы және шоғырлы сюжеттер оқиғадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Сюжет типтерінің критерийі- оқиғалар арасындағы характер байланысы. Хроникалы және шоғырлы сюжеттердің арасындағы негізігі айырмашылығы- бұл әрине уақыт. Хроникалы сюжет уақыттың ағысын жаңғыртады. Шоғырлы сюжетте уақыт ешқандай физикалық мәнді анықтамай, психологиялық уақытпен алмастыралады. Мұнда қақтығыс, шиеленіс маңызды болғандықтан, детектив, триллер, әлеуметтік және психологиялық романдар мен драмалар жатады.
Э.М. Форстер өзінің «Аспекты романа» кітабында сюжеттің екі түріне де мысал келтірген: «Патша қайтыс болды, сосын патшайым өлді»- бұл хроникалы сюжет; «Патша қайтыс болды, сосын патшайым қайғыдан өлді»- бұл шоғырлы сюжет.
Хроникалы сюжеттер адамдардың сыртқы жағы ғана көретінетін шытырман-оқиғалы романдарда, бірнеше ұрпақтан жалғасқан бір отбасының немесе белгілі әлеуметтік-тұрмыстық ортаның көрінісі әлеуметтік-тұрмыстық романдарда кеңінен пайдаланылады. Сюжеттің хроникалы типі кейіпкердің ішкі әлемін суреттеу қажеттілігі туғанда ғана жазушыны қызықтыруы мүмкін. Хроникалы сюжет уақыт тізбегімен болып жатқан эпизодтардан тұрады.
Хроникалы сюжеттердегі оқиға тұтастықпен, қатаң логикалық дәлелдеумен ерекшеленбейді. Себебі, хроникалы сюжеттерде ортақ конфликтке бағытталмайды. Олар өз алдына бір-бірімен логикалық байланысы жоқ оқиғалар мен факттерге шолу жасайды. Бұл оқиғаларды тек уақыт ағымына қарай бір арнаға тізбектілуі байланыстырады.

Хроникалы типті сюжеттерде шарықтау шегі әлсіз баяндалған, не болмаса мүлде болмайды. Мысалы, Гогльдің «Өлі жандар» поэмасының бірінші томында шарықтау шегі жоқ. Хроникалы сюжетте басталуы айқын берілмей, оқиғаның дамуында уақттық делелдеулер басым болып келеді. Бірақ тізбектес сюжетте эпизодтар қосылуы мүмкін, кейде тіпті ауқымыды себеп-салдарлы байланыспен байланысқан оқиғалар, яғни түрлі шоғырлы сюжеттер қосылып кетуі мүмкін.


Таза хроникалы сюжетте оқиғалар бір-бірімен хроникалы қатар тізіп, байланыста болады, яғни сюжет пен фабула сәйкес келеді. Шығармада оқиғалардың орналасу хроникалы принципіне қарай жазушылар оларды «тарихи», «хроникалы» немесе ежелгі орыс әдебиетіне сәйестендіріп «повесть» деп атады.

Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:

  • Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов, "Боранды бекет'").



  • Айтушының болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "Қилы заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов, "Қазақ солдаты").




  • Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет