150
ақпараттардың есебімен жабдықтың жұмыс үрдісі реттелетіп отыратын басқару
бағдарламасы алдынала енгізілуге негізделген.
Активті бақылау құрылғылары жабдықты басқаруда үрдіспен кері
байланысқа түсуге мүмкіндік береді, сызбаға сәйкес бұйымның геометриялық
параметрлерін технологиялық үрдіс уақытында бақылаудыжәне параметрлердің
сызбалармен сәйкес келген сәтінде автоматты түрде станокты өшіруді жүзеге
асырады.
Активті бақылау құрылғыларын қолдану дайындаманы өлшеуге кететін
көмекші уақытты қысқарту есебінен сапаны төмендетусіз өңдеудің өнімділігін,
параметрлерді дәл және оперативті өлшеудің есебінен өңдеудің сапасын
жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Активті бақылау аспаптарын қолданудың негізгі саласы – бұл сериялық
өндіріс.
Активті бақылау құрылғыларында үлкен берілістік қатынас және өлшеу
қателіктері аз болуы тиіс, шаңға, ылғалдылыққа, тербелістерге сезімтал емес,
сонымен қатар құны төмен, қолдануға ыңғайлы және қарапайым болу керек.
Активті бақылау құрылғыларын қолдану орнына қатысты станокта
орнатылатын және станоктан тыс орнатылатын болып бөлінеді. Станоктағы
құрылғылар кесу режимдерін басқарады және талап етілген өлшемге жеткен
кезде тоқтатуға бұйрық береді. Станоктан тыс орнатылатын құрылғылар
бөлшекті өңдеуден кейін өлшейді және станоктың орнатылуына бұйрық береді.
Өлшеу ақпараттарын беру әдісі бойынша, активті бақылау құрылғыларын
көрсететін және командалық деп бөледі, көрсететін өлшемнің мәні операторға
қатыссыз есептік құрылғының шкаласы бойынша анықталады, бұйрық
белгіоператордың қатысуынсыз беріледі.
Жабдыққа әсер етуі бойынша активті бақылау құрылғыларын келесі
түрлерге бөледі.
Автотолераторлар бақыланатын параметрлер орнатылған мәнге жеткен
кезде үрдістің сипатын автоматты түрде өзгертеді.
Автоорнатқыштар
автоматты
түрде
бұйымдардың
геометриялық
параметрлерін орнатылған мәндерге сәйкестігін қамтамасыз ете отырып,
өндірістік жүйені орнатады. Қорғағыш құрылғылар бұйымдардың жұмыс
аумағына рұқсат етілетін мәндердің шегінен шығып кететін параметрлердің
түсуін болдырмайды.
Автокедергілер бұйымдардың бақыланатын параметрлері бекітілген
мәндерден шыққан кезде технологиялық үрдісті тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: