152
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ӨМҚ дегеніміз – бұл стандарттарға сәйкес талап етілген өлшем бірліктері
мен дәлдіктеріне қажет ережелер мен нормалардың, кешенді ғылыми және
техникалық құрал-жабдықтардың жиынтығы.
Өндірісті метрологиялық турғыда тиімді қамтамасыз етуде, стандарттаудың
рөлі өте зор. Ол үшін Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесімен
стандарттар өңделіп, «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы
қабылданды. ӨМҚ стандарттаудың өнімді бақылау және сынақтан өткізу
объектілерімен тығыз байланысты. Бұл объектілер үшін бақылауға алынатын
метрологиялық параметрлері қатарын құру маңызды. Ол өлшенетін
параметрлердің номенклатуралары мен өлшеу дәлдігінің оптималды
нормаларынын құру, талап етілген өлшем дәлдігін жүзеге асыру тәсілдерін
жасау. Жаппай, бір типті өлшеу тәсілдерін реттеудің қорытындысы стандарттау
арқылы жүзеге асырылады.
Өлшеу үрдісі қажет өлшеу құралынсыз мүмкін емес (ӨҚ). Өлшеу
құралының типін дұрыс таңдау, олардың пайдаланудағы күйін бақылау,
уақытылы және объективті тексерістер қамтамасыз ету өте өзекті өндірістік
мәселе.
Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің негізгі ережелерін
реттейтін Мемлекеттік стандарттау жүйелері болады.
ҚР СТ 2.0-2001,
ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ жалпы түсініктері – өлшеудің талап етілген дәлдігіне
және бірлігіне жету үшін қажет ережелер мен нормалар, техникалық
құралдарды, ғылыми, ұйымдастырушылық негіздерді ендіру және құру.
Өлшеу ақпараттарына келесі талаптар қойылады:
1. Өлшем нәтижелері заңдастырылған бірліктерде көрсетілу қажет.
ӨМҚ-ның ғылыми негізі метрология. ӨМҚ ұйымдастырушысы –
Мемлекеттік және ведомствалық ұжымдар. Ал техникалық ұйымдастырушысы
– физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі, жүйе құру,
өндіріске қою және шығару, өлшеу құралдарын сынау мен метрологиялық
аттестациясы, өлшеу құралдарын мемлекеттік және ведомствалық тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: