Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет3/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

КІРІСПЕ 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасы  әлемдік  экономикаға  қадам  басуда 
және келешекте экономика әлемінде көрнекті орындардан көрсетуге ұмтылуда. 
Қазақстан  жер  көлемі  бойынша  әлемде  тоғызыншы  орынды  алады.  Елімізде 
ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған 
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы енгізілуде. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру 
алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында
қызметтер 
мен 
тауарлардың 
бүкіләлемдік 
нарығына 
халықаралық 
стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардын рөлін, мәнін мұқият игермей 
енудің  өзі  күдікті  мәселе.  Бұның  себебі  қазіргі  таңда  тұтынушыларды 
қанағаттандыратын  сапа  параметрлерін,  шығарылатын  өнімдердің  ережелерін, 
нормаларын  және  деңгейлерін  реттейтін  стандарттаудың  бүкіләлемдік  мәнін 
жоғарылатудың қажеттілігін көрсетеді. 
Бұйымның  сапалық  параметрлеріне  көзімізді  анық  жеткізу  үшін,  оларды 
өлшейтін  құрылғылар,  приборлар  қажет,  бұлар  метрология  ілімінің  үлесіне 
кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын 
стандарттау  мен  сертификаттау  үрдісінде  метрологияның  рөлі, оның  қажеттігі 
арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және 
нарықтың талаптарынан байқалуда. 
Өнімдер  сапасы  мен  стандарттаудың  барлық  талаптарының  орындалуы 
үшін,  сапаны  обьективті  тәуелсіз,  сәйкестікке  бағалау  жүргізген  жөн.  Бұл 
мәселені сертификаттау шешеді. 
Қазіргі  таңда  барлық  осы  үш  ұғым  «техникалық  реттеу»  деп  аталатын 
жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың 
өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық 
регламенттер  арқылы  мемлекеттік  бақылауды  анықтайды,  ал  қалған 
жағдайларда  тауар  өндірушілер  өз  көзқарастарына  орай  дамыған  нарықтың 
заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді. 
Стандарттар және басқа да нормативтік материалдар ұсынылатын құжаттар 
ретінде  сипатталады.  Ұсынылып  отырған  «Стандарттау,  метрология  және 
сертификаттау»  оқулығы  оқырмандарды  Қазақстан  Республикасындағы 
стандарттаудың 
қолданылуымен, 
ұйымдастырушылық 
құрылымымен, 
тапсырмасымен, 
негізімен 
таныстырады; 
Өндірісті 
метрологиялық 
қамтамасыздандыру,  жалпы  метрология  бойынша  негізгі  білім  қорын  береді; 
Сертификаттау саласында, халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттары жаңа 
заманға  сай  өндіріс  орнындағы  сапаны  басқарудың  негіздері  және  т.с.с 
мәліметтер ұсынады. 
Оқулық  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттеріне,  қызмет  және  өндіріс 
саласының мамандарына, сапаны басқарудың, метрологияның, стандарттаудың 
мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған. 
 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет