9
реттеу мақсаттарының қолжетімді және мақсатты болуы үшін, техникалық
реттеу үрдістеріне қатысуға екі жақты тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
4. Отандық және сырттан әкелінетін өнімдерге, қызметтерге және олардың
қойылған талаптарға сәйкестілігін бекіту жұмыстарына талаптардың теңдей
болуы;
5. Стандарт пен техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық
актілерді
дайындауда
өңірлік
және
халықаралық
бірлестіктердің
стандарттарын, ғылым мен техниканың жетістіктерін ұтымды пайдалану;
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер
талаптарының мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуы мен материалдық-
техникалық базасына, экономикасының даму деңгейіне
сәйкес келуі;
7. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық
реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және
оларды дайындау, бекіту, басылымға шығару реттері мен олар туралы
ақпараттардың қолжетімді болуы;
8. Қолдану мақсатында стандарттарды ерікті түрде таңдау;
9. Сәйкестікті бекітудің бірыңғай жүйесі мен ережесі;
10. Бір органда аккредиттеу функциялары мен сәйкестік құжаттарын
бақылауды және беруді орналастыруға
жол бермеу;
11. Сәйкестікті бекіту органдарының тұтынушылар мен дайындаушылардан
тәуелсіз болуы;
12. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарда бәсекелестікті шектеуді
болдырмау кіреді.
2004 жылы қараша айында Республикада “Техникалық реттеу туралы” заң
қабылданды, ол 2005 жылдың 9 маусымынан бастап күшіне енді. Онда
еліміздегі стандарттау саясатын жүргізу стратегиясының жаңа бағыттары
құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен экономиканы басқарудың ескі
жүйесіндегі стандарттау мәні толығымен өзгерді. Стандарттаудың жаңа
концепциясы стандарттарды ерікті түрде орындауға негізделген.
Мемлекет техникалық регламенттер арқылы тұтынушылардың талаптарын
қорғау бойынша өзінің саясатын жүргізеді, ал регламенттердегі негізгі және бір
ғана шектеу критерийі
–
бұл тұтынушы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің
қауіпсіздігі.
Басқа жағдайларда өндірушілер өздерінің көзқарастары бойынша әрекет ете
алады, мемлекет олардың жұмыстарына мүлде араласпайды.
Стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптары ұсыныс
сипат ретінде қолданылады және өнімнің орнатылған нормаларға сәйкестігін
бекіту үшін дәлелдеу базасы саналады.
Стандарттау техникалық реттеу үрдісінің маңызды құрамының бірі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: