Сезімталдық түрлері


Сезімталдықтың зақымдалу түрлері



бет14/14
Дата26.05.2020
өлшемі332,33 Kb.
#71260
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
макро
Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:

1. Парестезия - денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .

2. Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы.

3. Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.

4. Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.

5. Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады

6. Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады.

7. Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.



Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.

Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.

Перифериялық түбірлік - дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).

Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.

Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.

Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады – гемитип, гемианестезия.

Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады.

Захарьин-Гед шағылысқан ауырсыну аймақтары

Ішкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін терідегі Захарьин-Гед ауырсыну аймақтарын анықтау қажет. Захарьин-Гед аймағында сырқат шағылысқан ауырсынуды сезінеді, ал дәрігер оны баса сипау арқылы тексере келе гиперестезия және ауыратын тұстарын табады. Ішкі ағзалардың жұлын сегменттері мен тері аймақтарына тікелей қатысы бар. Жүрекке — жұлынның ІІІ-ІУ мойын және І-УІ кеуде, ұлтабарға — ІІІ-ІУ мойын және VI-IX кеуде, ішекке — ІХ-ХІІ кеуде, бауыр мен етке — УІІ-Х кеуде, бүйрек пен зәр ағарға XI кеуде және IV сегізкөз, қуыққа — XI кеуде және IV сегізкөз, жатырға — X кеуде мен II бел және І-ІУ сегізкөз сегменттері сәйкес келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет