Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


дын  шекаралары;  11  -   облыстардың  орталыктары



Pdf көрінісі
бет553/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
дын  шекаралары;  11  -   облыстардың  орталыктары.


басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру са- 

ясаты, калың бұқара жағдайының күртнашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақж ерлерініңж аппай, күшпен тар- 

тып алынуын ж әне өлкені басқарудың отарш ылдықжүйесінің күшейтілуін 

ең басты себеп ретінде карастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің 

қазактары өздерінің  1916жылғы  17 қазандаТүркістан генерал-губернаторы- 

на  көтерілістің  себептері  туралы  арызында дұрыс  атап  көрсеткендей:  оны 

туғызған «халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру 

ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан,  жерден қысым көру және 

екінші  жағынан  қазақтарды  басқару жүйесі» қазіргі  қайғылы окиғалардың 

негізгі себептері болып табылады.

Ж ер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 

1903 жылы күрылған коныс аудару басқармасы  1908—1909 жылдарда қазак- 

тардан жерді алып  коюды...  күшті каркынмен жүргізді.  Соның салдарынан 

қазактардыңдайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары 

бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; 

орман алкаптары түгелдей казынаның пайдаланылуына алынды...»102

Мұндай корініс Қазакстанда жер-жерде байқалды.

Көтерілістің  бүрқ  ете  қалуына  патшаның  1916  жылғы  25  маусымдағы 

Кдзакстанның, Ортал ык Азияның ж әне ішінара Сібірдің 19 жаспен 43 жасқа 

дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына (корғаныс кұрылыста- 

рын ж әне әскери катынас жолдарын салу, майдан өңірі  маңайында жолдар 

салу ж әнет.б.) «Реквизициялау туралы» жарлығытікелей себеп болды. Оның 

үстіне жарлықта «жұмылдыру», «әскерге шақыру» деген сөз емес, қайта әңгіме 

бейнебір малды реквизициялау (өткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, 

«реквизиция» (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас 

штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарынй Казақстаннан, Орта- 

лық Азиядан 400 мыңадам, соның ішінде қазақтар мекендеген барлықоблыс- 

тардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашы- 

лықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсак, әрбір үшінші 

шаруашылық  қызметкерінен  айырылады  екен,  ал  сонымен  бірге  мүндай 

мөлшерде жүмысшы колын әкету ұлттық ауқымдағы сүмдык апатқа айнала- 

ты н ед і.103

Ж арлы к туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс ба- 

скарушыларының  жиналыстарында  оқылып,  қосымша  түсіндірмелер  мен 

t  түсініктемелер берілді. Ж арлықтың бірқатар ережелерінің бүлыңғырлығын 

отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. «Ин­

женер М.Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы 

мырзаға  1916 жылғы оқиғаларға байланысты айғақтарында» Жетісу генерал- 

губернаторының үндеухатында окоп жүмыстарына шақыру туралы айтылға- 

ны атап өтіледі.  Селолардағы  бұрынғы  орыс солдаттары қазақтарға  «окоп» 

дегеннің не екенін түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру («алу», «өткізу») 

шын мәнінде қарусыз адамдарды қыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның 

өзі өз кезегінде қазақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. 

«...Мұның ең қауіпті  жұмыс  екені,  — деп жазды  одан  әрі  М.Тынышбаев,  — 

оларға түсінікті болды... жүмысшыларды шақырудың мөнін халыққа ешкім 

де түсіндіріп бере алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша 

жарлығын асығыс түрде орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі 

шаралар колданды. Ара жігін бөліп жатпай 25 жасты (19—43) бір мезгілде асы-

638



ғыс алу халыкты қайран қалдырды... осы үрандармен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет