Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»


Половцов Валериан Викторович (1862-1918)



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Половцов Валериан Викторович (1862-1918)
орыс педагогы мен 
жаратылыстанушысы, алғаш рет Петербург университетінің тарихында 
студенттер үшін жаратылыстануды оқытудың әдістемесінің курсын оқыды. 
Оның лекциялары 1907 жылы, «Основы общей методики естествознания” 
деген атаумен шықты. Бұл кітапта көптеген орыс педагогтары мен 
жаратылыстанушыларының әдістемелік көзқарастары тәрбиеленген болатын. 
Өзінің әдістемесінде ол оқушылардың оқитын табиғи фактілері мен 
құбылыстары және, бөлек бөлек қарастырылмау керек деп көрсетті. 
Табиғаттың құбылыстарымен таныстыру процесі кезінде тікелей бақылаудың 
көмегімен табиғаттағы қатынастар мен байланыстар оқушыларға ашылмақ. 
Нақ осыдан В.В.Паловцов “биологиялық әдістің” енуінен оқушыларда 
экологиялық білім мен тәрбие қалыптасады, өйткені бул мәселеге қазіргі 
уақытта зор мән берілуде. өсімдіктер мен жануарлар экологиясын білу адам 
мен табиғаттың бір бірімен өзара әрекеттесуіндегі бүкіл аспектілердің 
негізінде жатыр. 
Вахтеров Василий Порфирьевич (1853-1924)
атақты педагог- бастауыш 
мектептерінің әдістемешісі жалпыға ортақ, міндетті бастауыш білімді кеңінен 
насихаттап, оқытудағы формализмге қарсы шықты және жұмысшылар үшін 
мектептер ұйымдастырды. К.Д. Ушинскийдің, А.Я. Гердтің педагогикалық 
көзқарастарын бөлісіп, әдістемелік тақырыптарға арналған өзінің 
статьяларында мектеп біліміндегі теориялық негіздер мен бастауыш 
жаратылыстану оқытуың дамытты. 
Ол бастауыш мектептеріндегі оқушылар үшін “Мир в рассказах для детей” 
деп аталатын кітап жазды. Түсіндірмелі сипаттағы статьялардан басқа, мұнда 
жаратылыстану, география, тарих жөнінде бай материал жинақталған. Бұл 
кітап өзіндік оқу үшін арналған және табиғатта бақылау жүргізу мен 
қарапайым тәжірибелер белгілеуді талап етті. 
Севрук 
Леонид 
Сафонович 
(1867-1918)
жаратылыстанудың 
әдістемешісі. 1902 жылы төменгі мектеп оқушылары үшін “Начальный курс 
естествознания” деп аталатын оқулық шығарды, мұнда өлі және тірі табиғатті 
қарапайым және образдың тілімен суреттеу берілген. Ал оқытушылар үшін 


Л.С Севрук “Методика начального курса естествознания”(1902) деп аталатын 
кітап шығарды, бұл енбекте оқытушының балаларды оқыту кезінде олардың 
дамуын және пәнді оқытуға кеткен уақыт мөлшерін ескеру керектігіне назар 
аударылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет