Ағымдағы жылдың қыркүйек айында, Жастар Орталығы, Шемонаиха қаласының тұрғындарында сыбайлас жерқорлыққа қарсы дүниеге көзқарасты құрау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеуге және осы жұмысқа жастарды қатыстыру мақсатында, Шемонаиха колледжі және жастар қоғамдық бірлестіктері белсенділерінің қатысуымен, «Таза қол» акциясын ұйымдастырды.
Шемонаиха қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайдағы ережелерді түсіндіру үшін және сыбайлас жерқорлыққа қатысты қылмыстарға қандай жаза қолданатыны, сонымен қоса Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің сенім телефоны бар ақпаратты-жарнамалық кітапшаларды тарату үшінбелсенділер ақ қолғаптар киіп, адамдар көп жиналатын жерлерге бет алды. Акция ұйымдастырушылары олардың атқарған жұмыстары азаматтарға жағымды ой салғандарына сенімді.
Шемонаиха ауданындаэкологиялық мәдениетті тәрбиелеу, аулаларды көгалдандыру, жастардың өнер қабілеттерін дамыту, тазалықты қолдау және өз ауылы, қаласы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында елді мекендерді абаттандыру іс-шаралар өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |