Тәрбиелік – оңды тұлғалық және әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы [2,8].
Өзін-өзі тану сабағында тұлғаның өзінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерделеуі, өзін-өзі ұғынуы іске асырылады.
Бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасу үрдісінің мониторингі тәрбие беру сапасын зерделеуге және тұлға дамуының негізгі беталыстарын болжауға бағытталған [4, 6, 7].
Мониторинг үрдісінде оқушылар тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы құрылады (оқушылардың мотивациялық ортасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, қарым-қатынас жасау үрдісінде, оқу іс-әрекетінде, мәселелерді шешуде, көшбасшылықта баланың психологиялық жағдайын айқындау, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу), оқушылық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, топтағы, сыныптағы әлеуметтік-психологиялық климат зерделенеді [3].
Тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты - өзін-өзі тану, өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыру, әрбір оқушының өзін-өзі барабар бағалауын қалыптастыру. Бұл, В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы керек.
Міндеттер: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.
2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау.
Педагогтың міндеті – құндылықтарға, қоғамда оңды қабылданатын нормаларға сәйкес баланың мінез-құлық әдісін саналы түрде таңдауға көмектесу.
Жиі тәрбие беру мақсаты ретінде тұлғаның өзін емес, оның жүзеге атқаратын рөлдерін қарастырады [9]:
оқушы;
отағасы;
еңбекқор;
азамат.
Бастысы - тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру [10].
Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг – бұл тәрбие беру сапасын зерделеу және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау [6].
Достарыңызбен бөлісу: |