Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет-63. Проблеманың пайда болуы



бет133/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Сурет-63. Проблеманың пайда болуы

Адамзатқа белгісізі


Б елгілі (ғылыми білім)


П роблема
Ж еке адамның білімі
Б ілімдегі белгісіз

Пікірталаста түсінбеушілік проблемаларды тудырудағы қарама-қайшылық деңгейінің араласуынан байқалады. Бірінші деңгей, ғылыми білім мен белгісіз арасындағы қарама-қайшылық, келесі деңгей оқу- танымдық іскерлік деңгейі, яғни субьектінің білімі мен әлі анықталмаған белгісіз обьектілердегі ақиқат арасындағы қарама-қайшылық. Екінші деңгей- ғылыми көзқараспен қарағанда проблема емес, бірақ «Психологиялық сөздікте» берілген «проблема» түінігінің анықтамасы бойынша, оқушыда қиындық пен қарама-қайшылық тууы мүмін. Бірақ бұл проблема емес, бұл тек білімінің толық еместігі. Бірақ қандай да бір тапсырманы шешуде білімінің жетіспеуін түсінудің алғы шарты болып табылады. Міне осы үшін шын білместікті құрметтеу қажет.


Сонымен, біз нағыз проблема әрқашанда ғылыммен байланысты екенін, құрамында қарама-қайшылықтың барын, проблеманың басты сұрағының нақты жауабының жоқ болатынын ұғынуымыз керек. Ол ізденіс пен зерттеу жұмыстарын талап етеді. Атақты физик А.Нобель сыйлығының лауреаты академик И.Е.Тамм өмірінен мысал келтірейік. Оған үнемі ағынға қарсы келуге тура келіп отырды. XX ғасырдың 30-ы жылдары ол нейтронның магнитті кезеңі бар деген идеясын ұсынды. Белгілі физиктер түрлі тілде оны бұл идеядан бас тартуға көндірмекші болды. Электрлі нейтронды бөліктерде магнит кезеңі қайдан болсан. Бірақ И.Е.Тамм өз айтқанынан қайтпады. Алайда, айтқан идеясы дұрыс болып шықты. Мұнан біз оның нағыз проблема алдында тұрғанын байқап тұрмыз. Адамзатқа белгісіз құбылыстың шешуін табу керек, маңызды ғылыми ізденістер, идеясын дәлелдейтін деректер керек болды.
Осындай жағдай оқу үдерісінде кездесу мүмкін бе?! Ия, мүмкін, бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, өйткені оқушылардың ғана емес, сонымен қатар оқымыстының да қолынан проблеманы шешу әр уақытта келе бермейді.
Проблемалық тапсырма – әрекеттің біразын қамтиды, оны шешу үшін оқушыларға өздігінен біраз ізденістер жасауға тура келеді. Мысалы, белгілі аймаққа арналған типтік жобаның берілген жағдайда құрылыс типінің байланысы бола ма? Бұл – аса ірі оқу-танымдық тапсырма. Бұл тапсырма шешімі арнайы ізденісті, жетіспейтін мәліметті талап етеді.
Проблемалық жағдай – бұл интеллектуалдық қиындықтың адамдарда кездесетін психологиялық күйі, егер адам жаңа фактіні бар білімінің көмегімен түсіндіре алмаса немесе өзіне белгілі әдістермен әрекетті орындай алмаса, онда жаңа түрін іздеуі керек. Мұндай жағдайда белсенді ойлау қажеттілігі, ең бастысы «неге?» деген сұрақ туындайды. Қажеттілік адамды ойлау мен әрекет жасауға итермелейтін себептен туындайды. Осы проблемалық оқытудың мәні болып табылады.
2- суретте проблемалық оқыту технологиясының ерешеліктері ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет