Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Блок модульдік оқыту технологиясы



бет80/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

4.6. Блок модульдік оқыту технологиясы

Блок-модульдік оқыту технологиясының басты мұраты - жас жеткіншектерді ғылыми білім негіздері жүйесімен қаруландыру, ұрпақты патриотизмге, отаншылдыққа, елді, жерді сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жас өспірімнің қабілеттерін одан әрі дамыта түсу, сонынан болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға көмектесу. Оқушылар әртүрлі мектеп, гимназия, лицей, мектеп-ресурстық орталықта оқып-тәрбиеленетіндіктен, белгілі мамандық иелерін даярлау барысында жалпы білім берудің қиындығы жеткілікті. Кәсіптік-техникалық лицейлер, колледждерде бағдарламалы оқытудың маңызы және қажет, мұндайда жалпы білім беру пәндерін оқытуды мамандықтарына қатысты өзгерту шарт. Бұл аталған күрделі мәселені шешудің бір жолы - блокты модульдік әдіспен оқыту. Мұндай оқытудың мазмұны: оқытылған - жалпы білім беретін пәндерді сабақтастықты бұзбай бағдарлама бойынша бөлімді, тақырыпты, қажетті мөлшерге дейін «сығымдау», жеке блок-модульдер және блок-суреттерді конструкциялау; конструкциялы блок-модульдер мен блок-суреттерді арнаулы, дәстүрлі оқыту әдістерімен шәкірттерге жеткізу.


Блок-модульдік оқытудың әдістемесі оқу материалдары тақырыптар мен бөлімдер, тарауларға қатысты жүйелі «кванттарға» бөлінген. Жүйелі кванттау және модульдеу ұстанымы - әртүрлі белгілеулер: сызба, шартты белгі, графиктік, т.б. ұғындырулар арқылы оқытуды жақсарта түсу.
Оқытудың блок-модульді мазмұнын география курстары бойынша 6-сынып «Географиялық қабық» және 7-сынып «Табиғи кешен» тақырыптары арқылы беруге болады.
Жүйелі кванттау ұстанымы оқу материалын «сығымдау» теориясының әдіснамалық іргетасын қалайды. Мысалы: орыс тілі бойынша жалпы тіл жайлы мәліметтер, фонетика, графика, орфоэпия, лексика, фразеология, сөз түзу морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, стилистика - әрқайсысы бір блок-модуль, ал физика бойынша механика, молекулалық физика, электродинамика, тербелістер мен толқындар, кванттық физиканы жеке блок-модуль етуге болады.
Технологиялық бағыттағы оқу ақпаратын «сығымдау» жұмысы пәнді модельдеу арқылы, құрылымды блок-сызба нұсқасы, тірек конспектісі, тірек белгісі, графиктік түрде өрнектеулер көмегімен жасалады. Оқыту үдерісінде жүргізілген талдаулар блок-модульдік оқыту әдістемесінің артықшылықтарын және тиімділігін көрсетеді.
Біріншіден, модульдік оқытуда оқу ақпараттарын берудің белгілі және сөздік нышандарына назар аударылады, блокты-модульдік оқыту әдістемесінде суреттік және графиктік нышандар қоса беріледі. Сонымен, блок-модульдік өрнектеу толығады және олардың оқушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте естиді, екіншіден түсінік алады; бұдан соң сурет сызылады, жазылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады.
Екіншіден, блок-модулін құрастыру толығымен және нақты сабақтаса оқу материалын жинақтайды, тұжырымдайды, оқушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады және танымдық іс-әрекеттерін жаттықтырады.
Үшіншіден, блок-модульді сызу, құрастыру, жасау бөлігі психологиялық -педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілеріне сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау, іс-әрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсінуге, қайта шығара білуге үйренетін негізде болады, көру арқылы қабылданып, оқушы назарын өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет