4.7 Жобалап оқыту технологиясы
Бұл жүйенің негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған.
Негізгі идеялар:
- Бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды.
- Іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды.
- Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған үйрену.
- Шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: «Барлығы өмірден, барлығы өмір үшін». Сондықтан олар танымдық үдерістер жүретін қоршаған ортаны бастапқы зертхана ретінде қарастырды. Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |