Ойынның негізгі қызметтері:
1. Психологиялық қобалжуды басып, көңіл-күйдің көтерілуіне әсер етеді.
2. Психотерапевтік, баланың өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасын өзгертуге көмектесе отырып, қатынас тәсілін өзгертеді, психикалық көңіл-күйін реттейді.
3. Психологиялық, ойлауды тиімді қалыптан шығарып, нақты жағдайды түрлендіре түсетін фантазияға ауыстыруға мүмкіндік береді. Ойын кезінде бала дамуы үшін қажетті қауіпсіз жағдайда өзін ыңғайлы әрі психологиялық еркіндікте ұстайды.
Оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттер жүйесін анықтамас бұрын жобаны құру кеңінен орын алған: жобалық тапсырманы дайындау, жобаның өзін құру; нәтижелерді шығару; қоғамдық (тұсаукесер) таныстыру; рефлексия (13-кесте).
Негізінен мектептерге әртүрлі оқу жобасы болу керек. Бір жобаны әрбір сынып үшін кешенді қарастыруға болатын болса, әртүрлі жастағы ұжымдары бар мектеп үшін бір оқу жылына 2-3 жоба да алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |