Жобалап оқыту мақсаты:
1. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;
2. Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
3. Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
4. Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
5. Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:
- Басты назар - оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету.
- Оқыту үдерісі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады.
- Жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
- Оқу жобасын кешенді жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметтерінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді.
- Базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әртүрлі жағдайларында әмбебап қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі.
Оқу жобасын жасау үдерісінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі, үдерістердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы - технологиялық негізгі мәні болып табылады.
Ал, мұндай жетістіктерге жету үшін оқытудың ерекше түрі керек. Сондай оқыту түріне- (имитациялық) еліктеу ойындары жатады.
Ойын-адамның нақты (немесе қиялдағы) жағдайға еркін ену түрі. Ойынға қатысушылар ойын барысында жеке «менін» жүзеге асырып, өз шығармашылығы мен белсенділігіне, өз мүмкіндіктеріне көз жеткізеді. Ойынға қатысушылардың әрбірі өзі қалаған рөлін таңдайды, оның танымдық әрекеттер құрылымында жүзеге асырылады.
Сондықтан да мектептегі еліктеу ойындары жеке тұлғаға бағытталған оқытудың негізін қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |