Сынып жетекшісі білу тиіс
● Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын;
● Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
● балалардың және олардың жас ерекшелігіне қатысты, педагогиканы сон-
дай-ақ әлеуметтік, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп
гигиенасын;
● педагогикалық әдеп пен шеберлікті; тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесін;
● еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.
Сынып жетекшісі:
● мектептің өзін-өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;
бастама көтеруге, мектөп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар
енгізуге, іскерлік,
● сындарлы сын айтып шығуға;
● өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал
етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа
әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;
● мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған
жағдайда - мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар-ожданы мен
абыройын қорғауға;
● еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және
ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне
қатысуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |