І-тоқсан қорытындысы бойынша, оқушылардың үлгірімі жақсы деп қабылдансын.
Сынып оқушыларының үлгірімін жақсартуда жүйелі жұмыс жүргізу және ата-аналар тарапынан қадағалау ,сабаққа қатысу міндеттелсін.
Жиналыс төрайымы: Тілеубекова М.
Хатшысы: Жақсыбекова Н
Сынып жетекшісі: Абдразакова Н
Оқушылардың тәрбиелік және сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдері 5 – стратегиялық бағыт – Оқушылардың тәрбиелік сапалық деңгейлерінің бағалау өлшемдерін қалыптастыру. Оқушылардың сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) оқушылармен жұмыс жасау. Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) оқушылармен жұмыс жүргізу. Белсенділік мотивациясы –бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) оқушылармен жұмыс жүргізу. Шартты түрде 3 деңгейі айқындалып, түзетуші іс – әрекеттер арқылы түзету шаралары жүргізіле отырып, тоқсанына не екі айда бір тұлғалық деңгейінің дамуына, әр деңгейге көтерілуіне байланысты бағалау өлшемдері жасалуы керек.