Түзудің “кесіндідегі” теңдеуі. Түзу Ох осінен а-ға тең, Оу осінен b-ға тең кесінді қиып өтсін (8-сурет). Түзу А(а;0) және В(0;b) нүктелері арқылы өтеді деп, (5) теңдеуді қолданайық. Сонда түзу теңдеуі мынадай түрде жазылады:
Енді ықшамдасақ, түзудің “кесіндідегі” теңдеуін аламыз:
(6)
Екі түзу арасындағы бұрыш. Екі түзу берілсін: y=k1x+b1, y=k2x+b2. Мұндағы , . Екі түзу арасындағы бұрышты табу керек (9-сурет).
С уреттен көрініп тұрғандай . Осыдан
немесе
(7)
(7) формула берілген екі түзу арасындағы бұрышты анықтайды. Ал екінші бұрыш тең болады.
Екі түзудің параллелдік және перпендикулярлық шарты. Егер екі түзу параллель болса, онда =0 болады да tg=0. Бұл жағдайда (7) формула мынадай түрге келеді: k2 – k1 = 0. Осыдан екі түзудің параллелдік шарты шығады:
k2 = k1 , (8)
яғни екі түзудің бұрыштық коэффициенттері тең болса, ол түзулер параллель болады және керісінше.
Егер екі түзу перпендикуляр болса, онда болады да, , . Осыдан екі түзудің перпендикулярлық шарты шығады:
k2 = , (9)
яғни екі түзудің бұрыштық коэффициенттері мәндері бойынша кері, таңбалары бойынша қарама-қарсы болса, ол түзулер перпендикуляр болады және керісінше.
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық. Тік бұрышты координаталар жүйесінде қандай да бір түзу Ах+Ву+С=0 және түзуден тыс жатқан нүкте М(х0,у0) берілсін (10-сурет).
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық деп нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр ұзындығын айтамыз. Суретте ол d=MN. Осы ара қашықтықты табу үшін: а) Берілген түзуге перпендикуляр және М(х0,у0) нүктесі арқылы өтетін түзу теңдеуін тауып аламыз; б) Берілген түзу мен MN түзулерінің теңдеуін жүйе етіп шешіп, олардың қилысу нүктесі N табамыз; в) екі нүктенің ара қашықтығын есептейтін формула көмегімен d=MN ара қашықтықты есептейміз. Нәтижесінде мынадай формула алынады:
(10)
Мысал. Төбелері А(1;1), В(7;4), С(4;5) болатын үшбұрыштың
а) АВ қабырғасының ұзындығын;
б) АВ және АС түзулерінің теңдеуін;
в) А ішкі бұрышын;
г) С төбесінен жүргізілген биіктік пен медиана теңдеулерін;
д
) С төбесінен АВ қабырғасына дейінгі қашықтықты табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |