Сөж тақырыбы: «Түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жұмысын жазу, презентациялау Орындаған: Курбаналиева Л. Н. Тексерген: Арынова Г.Ғ. Алматы 2021


Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#120436
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРС-3 дидактика
Футбол, сұрақтар
Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.
Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз есте сақтау жемісті бола бермек.
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.



Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады.
Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.
Қиял.

Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді.


Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады (импровизация), өз шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарағанда) үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады.
Қиялдың үздіксіз жұмысы — баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаның танымдық мазмұнын мағыналы байытуға және бағыттар береді. Дегенмен баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.
Белгілі психолог Л.С.Выготский айтқан: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары немесе төмен ауытқу, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан алғанда әрқашан зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді».
Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері, мектепке дейінгі жастың психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда ғана ең жоғары нәтижеге жетуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды тек дидактикалық ойындар, тікелей бақылаулар және пәндік сабақтар әртүрлі практикалық және бейнелеу іс-әректтері түрінде жүргізуге болады, бірақ ешқашанда дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізуге болмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын және жүргізілетін ойын сабақтарының негізгі түрі ойын – осы жастағы іс-әрекеттің жетекші –негізгі түрі болып табылады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет