3.Бөлімшелердегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар қандай? Мейірбике бөлмесінде дәрі-дәрмектер сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер, диуретиктер, ).
Шкафтың төменгі сөрелерінде тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді , глюкоза және т.б.) орналасады.
Шкафтың артқы бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен қорапшадағы дәрілер орналасады.
Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды).
Иісі анқыған дәрілерді (иодофарм, мезол) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек қораптарда сақтайды.
Тез бұзылатын препараттар (тұңбалар, қайнатпалар, микстуралар) мен майлар, вакциналар, сары су, ректалдық балауыздарды тоңазытқышта сақтайды.
Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы залалсыз ерітінділердің сақтау мерзімі – 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар – 3 тәулік, тұңбалар, қайнатпалар, микстуралардың сақтау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.