Дидарластқ сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу)- екі немесе бірнеше не одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болуы үшін алдын ала дайындалып келеді.
Полемикалық (дауласу) сөз-мүддені, пікірді қорғауда жұмсалатын лебіз. Пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.
Көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Көркем әдебиет стилі Көркем әдебиет оқиғаныт сурет бейнесінде баяндайды: оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаның образды түрде бейнелеу дейді.
Көркем әдебиет оқиғаны баяндауда автордың (жазушының) әсерін, сезім-күйін қоса қарастырады.