Байланысты: 8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін
Дәріс сабағының мазмұны: Ресми стиль туралы ұғым.
Ресми стильдің шағын түрлері.
Ресми стиль мәдениеті.
Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:
1. түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
2. айқындық немесе жүйелілік;
3. логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;
4. баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады.
• Лексикада — ресми құжаттар мен іс-қағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;
• морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу өсімдіктерін қолданбау;
• синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру;
• қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.
Ресми стильдің шағын үш түрі бар: кеңсе (іс-қағаздары, қ. Кеңсе тілі); дипломат. және заң Ресми стильдері.
Іс-қағаздарының қызметтері: - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Іс қағаздарының сипаттары: - саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үрдісі элементтері: - құжаттарды дайындау;
- құжаттарды жолдау, тіркеу;
- сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
- құжаттарды қолдануға дайындау;
- құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
- құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: - мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
- тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
- сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
- терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
- қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.
Іс-қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жіргізілетін жазу үлгілері жатады.Іс-қағаздары белгілі бма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады.Іс-қағаздардың үлгілеріне-өтініш, сенім хат, қол, хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, акт, рапорт т.б.жатады. Іс-қағаздардың әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ресми стильдің көлемі. мазмұн және жазылу формасы жағынан іс-қағаздарының біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа түсіп отырады. онда сөз қолданысы ерекше болады.Ресми стильде көбінесе заң, үкімет орындарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады. Мұндай мемлекеттік документтерде-саясипублицисти-калық лексиканың әкімшілік терминдерінің қолданылуы басым келеді. Публицистика латынша –көпшілік, әлеумет қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистика стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады.Белгілі білде публицистикаөз алдында бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, арқанын көрсетеді.
Ресми стильге ресми құжаттың барлық түрі жатады: іскери, әкімшілік, низамшылық (законодательный), ресми канцелярлық, іскери шешен сөз, әскери ресми құжат, заң елшілік т.б. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық қызметінде ресми стиль толық өзінің ақпараттық-мазмұндық мәнін толық көрсете алады. Қоғамдағы құқықтық, үкімдік, әкімшілік, халықаралық ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың мемлекеттің ішкі басқару жүйесіне қызмет ететін барлық құжат түрлері ресми стильдің құрамына кіреді. Қазақ тілінің функционалдық стильдерінің ішінде ресми стиль бізге дейін ауызша, жазбаша құжаттар арқылы жетті. Хандар жарлықтары мен қызметтік хаттардың мемлекеттік ресми өкіметті билеушілерінің, батырларының, белгілі тарихи тұлғалардың жазысқан хаттары арқылы жеткені қазақ әдеби тіл тарихынан да, тарихи мәдени жазба мұрағаттардан белгілі. Ресми стильдің жанрлары басқа стиль жанрларына қарағанда тақырыбы біршама тұрақты мәтіндерден тұрады. Ресми стильді ғылыми стиль жанрларымен салыстырып қарағанда ресми стиль жанрлары анық, дәл, тұрақты тілдік-стильдік белгілерімен ерекшеленіп тұрады.
Ресми стиль мәдениеті.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.