ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2015
|
____ 2015 жылғы №_____басылым
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2015
|
ПОӘК «Қазақ тілінің стилистикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2015 жылғы
№ басылым
|
5В020500 «Филология» мамандығына арналған
« Стилистика және тіл мәдениеті»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2015
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Өзгерістерді тіркеу парағы
6 Әріптестердің танысуы
7 Әдебиеттер
1 ГЛОССАРИЙ
1 Стилистика– тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді.
2 СӨЙЛЕУ – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады.
3 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау.
4 ДИСКУРС – (фр.discours – сөйлеу)– экстралинвистикалық, яғни, парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс – өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині «мәтін» терминімен салыстырғанда көне, басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |