«Стилистика және тіл мәдениеті»


Әл-Фараби. ...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. А.П.Чехов



бет6/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Әл-Фараби.
...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар.
А.П.Чехов.
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал.
Ж.Аймауытов.
Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс.
Д.И.Писарев.
* Құнды сөз – құнарлы ойдан туады.
* Сөз көмескілігі – ой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі.

Л.Н.Толстой.
Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.
Б.М.Теплов.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
Ғ.Мұстафин.
Тіріні көрге салар да – сөз,
Өліні тірілте алар да – сөз.

Әлішер Науай.
Мәдениет – адамның рухани және материалдық, білімдарлық (интеллектілік) пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Ендеше, мәдениет сөзінің аясы кең, мағынасы сан тарау. Соның ең негізгісі – тіл мәдениеті. Тіл, сөз – егіз ұғым.Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып жатады. Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Сондықтан да, өз тарихына, ұлттық дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне қамқор көзбен қарап, қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет