«Стилистика және тіл мәдениеті»



бет8/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Стиль сөзінің тарихы мен мағынасы

  2. Функциональды стилистика

  3. Функциональдық стиль және экспрессивті – эмоционалдық стиль.

“Стиль” сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан — функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.


Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл саладан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен Л.В. Щерба, В.В. Виноградов, Г.В. Винокур, А.И. Ефимов сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған.
Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функциональды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т.б.
Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – с т и л ь. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнері сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген.
Оның осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с т и л ь - сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика - риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген үғымда қолданылды. Бүл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген.
Сөйтіп, лингвистикада "стиль" жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В.Г.Белинский былай дейді: "Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар". Белинскийдің пікірінше, тіл өнерінің осы "техникалық жақтары", яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінің алғашқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.
Стилистика - ең алдымен с т и л ь туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрессивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа – тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құбылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т.б.
Бұл сөздердің де, жоғарыда келтірілген мысалдардай, эмоционалды-эксперссивті бояуы айқын сезіледі. Осы сөздерге мұндай өң, бояу беріп тұрған морфологиялық тұлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет