«Стилистика және тіл мәдениеті»



бет16/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Ғылыми стильдің жалпы сипаттамасы

  2. Ғылыми стильге тән ерекшеліктер.

  3. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері

3. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.

Ғылыми стиль туралы түсінік және ғылыми стильге тән ерекшеліктер Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: - сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. - ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Ғарыш, ғарышкер, ғарышты игеру, жердің жасанды серігі сөздері өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция моментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кез келген айналыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасының сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квадратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады. Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға ғана таныс. Сонымен қатар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген.


Ғылым тілі Ғылым тілі – ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы, адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғылыми мәтін. Ғылым тілі көптеген ғылыми-зерттеулерде ғылыми стильмен теңестіріледі. Ғылым тілі жазумен тікелей байланысты. Өйткені ғылыми стиль жазу арқылы танылады. Ғылым тілі әдеби тілдің бір тармағы болғандықтан, оның пайда болуы мен қалыптасуы сол әдеби тілдің жасалуына тікелей қатысты. Өйткені сол тілде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне және ғылыми әдебиеттердің жазылуына байланысты ғылым тілі өрбиді. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор. Ғылым тіліндегі сөздер негізінен өзінің бастапқы мағынасында жұмсалады. Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер мұнда болмайды. Ғылым тілін қалыптастыра бастаған ғылым салалары негізінен өздерінің терминдік лексикасын, термин сөздерін жүйелеп пайдаланады. Сонымен бірге ғылым тілінде интернационалдық сөздер де жиі кездеседі. Ғылым тіліне тән негізгі ерекшеліктер – ғылымның әр саласына байланысты өзінше дамиды. Мысалы, қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары салаларының немесе техника ғылымдары салаларының даму тарихынан өзара жіктелмейтін өзгешеліктерді байқауға болады. Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуы бірдей емес. Оның кейбір нышандары Қазан төңкерісіне дейінгі шығып тұрған бірен-саран газет-журналдар мен кітапшаларда байқалғанымен, оның толыққанды қызмет ете бастауы ХХ ғасырдың 20–30-жылдарынан басталады. Оның көш басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов сынды тұлғалар тұрған. Онда да ғылымның бар саласы бірдей «қазақыланбағаны» белгілі. Әсіресе, тіл мен әдебиет, өнер мен мәдениет салаларын қазақша сөйлетуде А. Байтұрсыновтың еңбегі ерекше зор. Аталған салалар бойынша қазақ тілінің ғылым тілі ретінде қалыптасып, дамуы тек осы қайраткердің еңбегіне байланысты болғаны мәлім. Ал ғылым тілі түрлі монографиялық зерттеулер, оқулықтар, мақалалар, баяндамалар, тезистер, патенттер, т.б. сан-салалы еңбектерден көрінеді. Ғылым дамуымен бірге онда жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болып жатады. Мұндай жаңа сөздер ғылыми қолданыста неологизмдер деп аталады. Өмірдің даму заңдылығына сәйкес әлгіндей жаңа сөздердің біразы тұрақталып, біразы қолданыстан ығысып жатады. Неологизм сөздердің бәрі термин бола бермейді. Олардың бірқатары жалпыхалықтық тілдің қатарын толықтырады. Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың кейбір салалары болмаса, жалпы ғылым тілі толық қалыптаса қойған жоқ.
Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып , дәлелденуді қажет етеді. Ғылыми шығармалар жалпы халықтың әдеби тілде жазылады.Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.Сөздің көп мағыналық, образдары сөздер мұнда да кездеседі.Ғылыми салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сан есімөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика , лексика, фразеология, семасиология т.б. -Көркем әдебиет стильді немесе көркем сөз-ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер.Тіл көркем шығармада ерекше эстетиалық қызмет атқарады.Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма-өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та-бәрі де қатысады.
Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Ғылыми стиль мәдениеті. Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан. Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік.
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет