Жақ сүйектері сынықтарының ерекшеліктері: 1) Тіс қатары аумағында сынықтар 100% жағдайда ашық деп аталады, өйткені альвеолды өсіндінің шырышты қабаты сүйектің сыртқы қабығымен және сүйекпен тығыз байланысқан, сондықтан сүйек сынғанда шырышты қабат жыртылып сүйек жарасы ауыз қуысымен байланысып жатады. Бұл ерекшелікті білу жақ сүйегі сынықтарының қабынуын және сіреспенің алдын алу емдерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2) . Диагноз қойғанда сынықтың соққы тиген жақтың қарама-қарсы жағында орналасатынын ескеу керек (әсіресе төменгі жақта).
3) . Шайнау, тыныс алу, сөйлеу, жұтылу қызметін атқаратын еттердің әсеріне байланысты зақымданған ағзаға тыныштық қамтамасыз етудің қиындығы. Сынықты орнына дұрыс салу керек, дұрыс салынбаған жағдайда ондағы тістер шайнау қызметін атқара алмайды;
4) . Тістердің жағымды және жағымсыз рөлі. Жағымды — тістерге қарап сынған жерді анықтауға және құрсау бекітуге болады. Жағымсыз сынық бойында орналасқан ауру тістер инфекция көзі, ал сынық сызығы периодонт қуысымен өтсе инфекция өткізгіші, нерв-қан тамыр шоғыры үзілсе — тіс бөгде зат болып саналады.