Стоматология


Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету



бет192/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.
Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу.
Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық пункттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін.
Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады:
1) Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса озіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді.
2)Дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдемді фельдшер немесе мейіркеш көрсетеді, оның мақсаты алғашқы көрсетілген көмекті толықтыру.
3) Бірінші дәрігерлік көмек, жарақат алғаннан бастап 4 сағатқа дейін көрсетілу керек (бұл көмекті ауылдық ауруханаларда, дәрігерлік денсаулық пункттерінде, жедел көмек операцияларында маман емес дәрігерлер көрсетеді).
4) . Жетілдірілген хирургиялық көмек медициналық мекемелерде жарақат алғаннан бастап 12—18 сағаттың ішінде көрсетілуі тиіс.
5) . Мамандандырылған көмек жарақат алғаннан соң бір тәуліктің ішінде арнайы мекемелерде көрсетілу керек.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең бірінші инфекцияның алдын алу үшін науқасты қырынан жатқызып басын төмен қарату немесе жарақаттанған жағына бұрып, жараға асептикалық таңғыш салынады.
Беттің химиялық күйіктерінде күйген жерді тез арада салқын сумен жуып алғашқы көмек көрсеткен соң науқасты медициналық көмек көрсету пунктіне жібереді.
Дәрігерлік көмекке дейінгі көмек қан тоқтату, асфиксия, шокпен күресуді көздейді. Қан ағумен күрес. Қан тек сыртқа және ауыз қуысына ақпай тіндердің терең қабатына да ағуы мүмкін. Егер қан майда қан тамырларынан ақса оған тампон басып, қысып таңып тастайды (асфиксия немесе жақ сүйегінің сынықтарын ығыстырып жібермесе).
Ал сыртқы ұйқы артерияның ірі бұтақтары зақымданса (тіл, бет, жоғарғы жақ, беткей самай артериялары) үлкен саусақпен ортақ ұйқы артерияны 4-ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне қысып қанды уақытша тоқтатады. Төртінші мойын омыртқаның көлденең өсіндісі төс-бүғана-емізікше бұлшықеті ортасындағы нүктеге сай келеді. Бірақ бүл әдіспен үзақ уақытқа қанды тоқтатуға болмайды, себебі саусақ тез шаршайды. Ұзақ уақытқа, қанды тоқтату үшін сау жағының қолын басқа қойып бинттеп немесе дәкеден тығыз орама жасап, оны зақымданған жақтың ұйқы артериясы проекцияланған жерге орналастырады. Сонан соң білікті басқа қойылған қолдың сыртынан айналдырып таңып тастайды. Қолдың орнына тақтайды да қолдануға болады.
Асфиксияның алдъш алу және онымен курес. Даму механизміне байланысты асфиксияның бес түрін ажыратады:
1. Тілдің артқа ығысуы (дислокациялық);
2. Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы (обтурациялық);
3. Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы (стенотикалық);
4. Тандайдың немесе тілдің салбыраған тіндерімен көмекей кіреберісін жабуы (қақпақшалық);
5. Қан, құсық, су т. б. қақалу (аспирациялық). Асфиксияның алдын алу үшін науқасты отырғызып басын төмен қаратады, ал оның жағдайы ауыр немесе есінен танған болса шалқасынан жатқызып басын жарақаттанған жағына немесе жанына бүрады.
Төменгі жақ сүйегі денесінің уатылуына, әсіресе иектің қосарланып сынуына байланысты тілдің артқа ығысуынан асфиксия жиі пайда болады. Асфиксиямен күрес жүргізудің тиімді тәсілдерінің бірі — тілді жібек жіппен киіміне тігіп немесе түйрегішпен түйреп қою. Обтурациялық асфиксияның алдын алу үшін ауыз қуысын мүқият тексеріп ондағы қан ұйындыларынан, бөгде заттардын, тамақ қалдықтарынан және құсықтан тазартады.
Шокқа қарсы жүргізілетін шаралар. Бірінші кезекте қан кетуді тоқтату, асфиксияны жойып, транспорттық иммобилизацияны жүзеге асыру керек. Бет-жақ аймағындағы жарақаттар әсірінен болатын шокпен күрес барлық шаралар комплексін құрайды. Жарақатты одан әрі инфекциямен асқынбауы үшін асептикалық дәкемен байлап таңады. Бет сүйегі сынған кезде сынық жылжып кетпеуі үшін қатты тартып байлауға болмайды. Беттің кез келген зақымдануында жұмсақ тіндер жарақатына орта медицина қызметкеріне тігіс салуға тыйым салынады. Бет-жақ аймағының, ашық жарақаттарында, тіс қатары деңгейіндегі жақтың сынығын қосқанда, бұл кезеңде Безредкийдің сіреспеге қарсы сарысуын (3000 АЕ) жібереді. Науқасты арнайы мамандандырылған мекемеге жібергенде, не істелгенін көрсетіп, тасымалдауға қолайлы жағдай жасау қажет. Есі жоғалған кезінде анамнезін жатқан кезде ғана тексеру қажет. Көмек пен тасымалдау да тек осы жағдайда жүргізіледі. Фельдшерлік пункттің жабдықталуы біріншілік дәрігерлік көмек көрсетуге көптеп түскен кезде (авария, апаттар, әскери қимылдар және т. б.) дұрыс сұрыптап орын ауыстыру өте маңызды.
Біріншілік дәрігерлік көмек. Облыстық, аудандық, ауылдық, бөлімшелік ауруханада, орталық және аудандық қалалық, дәрігерлік денсаулық пункттерінде көрсетіледі. Негізгі мақсаты: қан кетумен, асфиксиямен, шокпен күрес.
Қан кетумен күрес — жарақаттағы тамырларды байлап таңу немесе мықтап дәкелеу. Ауыз қуысынан өте көп қан кеткенде әдеттегі тәсілдермен тоқтату мүмкін емес, дәрігер шүғыл трахеотомия жүргізіп, ауыз қуысы мен жүтқыншақты мықтап дәкелеу қажет. Тұншығу белгілері байқалған сәтте себебі анықталуы тиіс. Дислокациялық асфиксияда тіл тігіледі. Ауыз қуысын мұқият қарап, қан ұйындысы мен бөгде заттар алынып тасталса обтураци-ялық асфиксия қорқынышы тарайды. Егер айтылған шараларға көнбей асфиксия дами берсе, шүғыл трахеотомия жасалуы қажет.
Шокқа қарсы шаралар хирургиялық жалпы шүғыл ережелермен жүргізіледі. Жақ сынған кезде міндетті түрде бекітетін таңғыш салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет